52-дәріс: "Бақара" сүресі: 75-аят - Құран тәпсірі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Дәрістер топтамасы

52-дәріс:

52-дәріс: "Бақара" сүресі: 75-аят

Жарияланатын күндер
24 нау. 2021 3 297 0
Скачать в pdf
| A | +

 

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА


Құрметті бауырлар, ардақты жамағат! Аллаһ Тағала бүгінгі біздің мәжіліс-сұхбатымызға береке берсін, Өзінің құзырында мақталған, періштелері қоршалған, рахымына бөленген мәжілістерден қылсын. Әрине, біздің сәрсенбілік дәрісіміз Аллаһ Тағаланың Кәлямын ұғыну, түсіну және оны түсіндіру барысында жалғасады.

 

Бүгінгі келесі, кезекті аят, «Бақара» сүресінің 75 аяты. Аллаһ Тағала былай дейді:

أَفَتَطْمَعُونَ أَنْ يُؤْمِنُوا لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُ مِنْ بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ

 

Пайғамбарымыз ﷺ Медина қаласына келеді. Біздің тәпсір ғұламаларымыз айтады, Пайғамбарымыз ﷺ Медина қаласына келгеннен кейін яхуди тайпаларына, олар «бану курайза», «бану ан-надыр», «бану кайнука», соларға уағыз жасап, Аллаһ жолына, ақиқатқа шақыра бастайды. Сол кезде олар Пайғамбарымызға ﷺ иман келтіруден бас тартады. Имам Ар-Рози айтады:

 

«Міне, осы кезде Пайғамбарымыз яхуди тайпаларын дінге, Аллаһтың жолына шақырып, олар бас тартқан кезде, осы «Бақара» сүресінің 75-ші аяты түсті», дейді.

 

Мағынасы:

 

«Сендер олардың иман келтіргендерін қалайсындар, одан дәмеленесіңдер, үміттенесіндер. Алайда олардың бір тобы болған еді, Аллаһ Тағаланың сөзін ести тұра, оны өзгертіп бұрмалайтын, оны түсініп, ұғына тұра, үлкен қателікке барғандарын өздері білмейтін».

 

Пайғамбарымызға ﷺ иман келтіруге бас тартқан сәтте, Аллаһ Тағала осы аятты Пайғамбарымызға және Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларына түсірді.

 

«Олар Мұса (а.с.) сенбегендер. Ал сендер олардың сендерге иман келтіретіндіктерінен үміттенесіндер», деп тұр. Әрине, бұл жерде Пайғамбарымыз ﷺ және оның сахабалары Аллаһқа иман келтіргендерін қалайды. «Сендерге» деп тұрғаны, тәпсір ғұламаларының айтуы бойынша: «Сендердің дағуаттарының себебінен, сендердің еңбектеріннің нәтижесінде олар иман келтіреді деп ойладындар». Яғни бұл аят, Пайғамбарымызға ﷺ және оның сахабаларына айтылып жатқан аят. Ал бұл жердегі олардың үміттенген, иманнан дәмелі болған топ, Медина қаласындағы яхуди тайпалары болды. Бұл, тәпсір ғұламаларының бәрінің айтатыны осы. Әрине, бұл аяттың сол кездегі яхудилерден басқа, кейінгі келген, иман келтірмеген яхудилерге қатысты, жалпы болуы әбден ықтимал.

 

Енді, неге Аллаһ Тағала «сендер үміттенесіңдер, олардың иманынан. Бірақ олар иман келтірмейді», деп неге бірден кесіп айтып тастады? Неге мұсылмандардың, сахабалардың үміттерін бос үміт деп есептеді?

 

Себебі, біздің тәпсір ғұламаларымыз айтады:

 

«Олар, неше түрлі мұғжизаларды көрсеткен, оларға куә болған және оларды Перғауынның жақтастарының қанаушылығынан құтқарған, одан қала берсе Қызыл теңізді екіге бөліп, соның ортасынан аман-есен алып шыққан, тастан суды шығарған, қолындағы аса таяғы үлкен жыланға айналып кетіп, содан сиқыршылардың бәрін пайда болған мақұлықтары жеп қойған, сондай мұғжизаларды көрсеткен Мұса (а.с.)-ға олар иман келтірмеген. Мұса (а.с.) оларды соншама қиыншылықтан құтқарып, өзінің Пайғамбар екендігін қанша дәлелдесе де, олар иман келтірген жоқ. Сондықтан, сендерге қайдан иман келтіреді?», деген секілді Аллаһ Тағаланың тарапынан ескерту болды. Бір жағынан олардың иман келтіруінен үмітсіздендіру болды, дейді.

 

Ибн Аббас (р.а.) айтады:

 

«Бұл Пайғамбарымызға ﷺ бағытталған бір жұбату болды. Яғни сен уайымдама. Олар саған сенбей жатыр, сені Пайғамбар ретінде қабылдамай жатыр. Олар өздерінен алдын өткен опасыз, имансыз қауымның ұрпақтары. Олардың бабалары да солай жасаған. Сол бабаларының істеген қылмыстарын жалғастырушылар. Сондықтан сен оған еш уайымдама, қатты алаңдама. Бұлардың қолынан келетін жалпы жағдай осы», деп Пайғамбарымызға ﷺ  тікелей бір жұбату секілді болды бұл аят.

 

Ал енді келесі жағдай. «Фариқ» деген сөздің мағынасы бір топ. Яғни, Мұса (а.с.)-ның қауымының барлығы, Мұса (а.с.)-ға қарсы келген жоқ, тек бір топ болды. Сол топ, Мұса (а.с.)-ның әкелген кітабын Тауратты бұрмалады, солар Аллаһ Тағаланың сөзін ести тұра, Мұса (а.с.)-ның мұғжизаларын көре тұра оған сенбеді. Жалпы соны білдіреді.

 

Бұл аятта тағы бір мәселе бар. Атап атйқанда, имам Ар-Рози айтады:

 

«Бұл нәрсе, Пайғамбарымыздың ﷺ шын мәнінде Пайғамбар екендігін білдіреді. Пайғамбар ﷺ Мұса (а.с.)-ның өмірбаяның әдейілеп оқыған жоқ, Мұса (а.с.)-ның өмірін, кітабын Тауратты насихаттайдтындардан ешқандай сабақ алған жоқ. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде ашық айтады:

 

«Олар сені ахлиль китабпен, алдыңғы қауымдармен байланыста болған. Сөйтіп солардан ақпарат алып, тарихын үйренген деп айтады. Олардың барлығы өтірік екендігін өздері де біледі»,

 

деген мағынада Аллаһ Тағала аятта айтады. Яғни, Пайғамбарымыз ﷺ олардың ешбір тарихын оқымаған болса, оларды білмеген болса, кездеспеген болса, олардың осылай істегендігін қайдан біледі? Пайғамбарымыз ﷺ осының бәрін Аллаһ Тағаладан келген уахи арқылы білді. Яғни бұл Пайғамбарымыздың ﷺ Елші екендігін, Пайғамбарымыз ﷺ шын мәнінде Пайғамбар екендігін білдіретін аяттардың бірі.

 

Сосын тағы бір мәселелердің бірі. Тәпсір ғұламаларымыз айтады:

 

«Сол замандағы, сосын қиямет күніне дейінгі, яғни бүкіл ахлиль китаб иелеріне, сонымен қатар мүшріктерге бұл ескерту. Егер де сендер иман келтірмейтін болсаңдар, алдыңғы, Мұса (а.с.) кезіндегі топтардың жасағанын жалғастыратын болсаңдар, сендер Аллаһ Тағаланың қаһарына қаласыңдар. Аллаһ Тағала сендерді солардың қатарына қосады», деген бір ескерту.

 

Ал енді «Мұса (а.с.)-ның уақытында болса да, олар Аллаһтың сөзін ести тұра», дейді. Яғни қалай олар Аллаһтың сөзін естиді? Имам Ас-Судди айтады: «Олар естіп тұрса да, естігісі келмеді, шатасып кетті. Яғни, Аллаһтың сөзіне сенбегендіктен, Мұса (а.с.)-ды мойындамағандықтан, сондай бір табансыздыққа барғандықтан, олардың санасы, Аллаһ Тағаланың сөзін естігенде көтермеді», дейді. Сонымен Мұса (а.с.)-нан олар талап етті: «Сен алдымен өзін есті, содан кейін бізге үйретесін», деп. Сонымен Мұса (а.с.) шынымен де олардың талаптарын орындады. Біз білеміз, олар шынымен де Мұса (а.с.)-ға көптеген талаптар қойды. Мұа (а.с.) олардың бәрін орындап беруге тырысты. Мысалы, сиырдың оқиғасында ол мәселені біз әбден айттық, түсіндік. Олар қайта-қайта Мұса (а.с.) сұрақ астына алып, мазалаған болатын. Бұл жерде де, дәл сондай жағдай болып отыр. Мұса (а.с.) Аллаһтың Кәлямын естіді, дұрыстап меңгерді, сосын оларға қайталап берді. Кейін олар Мұса (а.с.)-нан естіген Аллаһтың сөзін бұрмалады.

 

«Олар ести тұра, біле тұра, оны әбден түсінгеннен кейін, бүлдірді».

 

Бұл жалпы адамдар арасындағы, Мұса (а.с.) қалай Аллаһтың сөзі екендігін білді, ажыратты деген сұраққа, біздің ғұламалардың жауабы.

 

Ғұламалардың арасында мынандай да пікір айтатындар бар: «Мұса (а.с.) ешқандай әріптерден де, дыбыстардан да тұратын бөлек бір сөздерді естіген. Оның ішінде бөлу немесе тыныс алу деген жоқ. Яғни, адамның сөзінің сипатына келмейтін сөзді естіді». Біздің әңгімемізде әріптер, сөздер, дыбыстар бар. Сөздер бөліп айтамыз, арасында тыныс аламыз. Бірақ ондай жағдайлардың ешқайсысы Мұса (а.с.) естіген сөзде байқалған жоқ. «Сол кезде ол, бұның адамның сөзі емес екендігін білді», дейді. «Осылайша Мұса (а.с.) Әлемдердің Раббысының сөзі екендігіне көзі жетті», дейді.

 

Енді тағы бір ғұламалар тобы айтады, Мұса (а.с.) өзі естіген сөздің, Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне қалайша көзі жетті?

 

«Мұса (а.с.)-ға Аллаһ Тағала мұғжиза берген». Мұғжиза деген – Аллаһ Тағаланың Өзінің Пайғамбарларына беретін кереметі, әдеттен тыс жағдай. Бұл Пайғамбарлардың құзырында болатын жағдай. Пайғамбарлардың кереметінің, әулиелердің кереметінен айырмашылығы, Пайғамбарлар ол мұғжизаны көрсеткен уақытта белгілі бір дәрежеде бәсекелестікке шақырады. «Сендер сенбей тұрсыңдар ғой. Мінекей, мен осындай нәрсе жасаймын. Қолдарыннан келсе сендер де жасаңдар», деп өздерінің қарсыластарын бәсекелестікке шақырады. Әулиелердің кереметінде бәсекелестікке шақыру деген дүние болмайды. Мінекей, айырмашылығы жалпы осы. Мысалы, Пайғамбарымызға ﷺ Аллаһ Тағала Құран берді. Құран – Пайғамбарымыздың ﷺ ең үлкен мұғжизаларының бірі. Яғни әдеттен тыс. Әдетте, адам баласы ондай кітапты ойлап табуы, жазуы мүмкін емес. Пайғамбарымыз ﷺ мүлдем дәріс алған жоқ, жазуды, оқуды білген жоқ. Бірақ Аллаһ Тағала оған бұл кітапты берді. Әдетте біз кітапты оқимыз, жазамыз, солай оны пайда қыламыз. Ал бірақ бұл жерде әдеттен тыс жағдаймен, Аллаһ Тағала Пайғамбарымыз ﷺ осындай кітапты, яғни Өзінің сөзін үйретті, берді. Сөйтіп, Пайғамбарымыз ﷺ әмір етті:

 

«Сен оларға айт, егер сендер шын мәнінде мықты, шын мәнінде шешен болсаңдар, шын мәнінде қарсы шығатын болсаңдар, онда осы Құран секілді кітапты келтіріндер, ойлап табындар», деп оларды бәсекелестікке шақыр деген.

 

Сол секілді кейбір аяттарда осы секілді 1 аят әкелсін, кейбір аяттарда 10 сүре әкелсінші деген секілді бәсекелестікке шақырды. Бірақ, қазіргі күнге дейін, 14 ғасырлар бойы, Құран секілді кітапты әкеліп немесе оны жазып, сөйтіп Пайғамбарымыз ﷺ шақырған бәсекелестігіне жауап берген ешкім жоқ.

 

Міне осындай мұғжизаны Аллаһ Тағала Мұса (а.с.)-ға да берді. Мұса (а.с.)-ның аса таяғы жыланға айналып кетіп, одан қала берсе, сол аса таяғын тыстаған кезде теңіз екіге жарылып бөлінді. Бұның бәрі әдеттен тыс жағдай. Міне осы Мұса (а.с.)-ның мұғжизасының іске асуы, Мұса (а.с.) сөз естіген кезде, ол Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне дәлел болды.

 

Мұса (а.с.)-ға айтылды: «Таяғынды таста», деп. Таяғын тастаған кезде ол жыланға айналды. Осылайша Мұса (а.с.)-ның мұғжизасының орындалуы, келген сөздің шынымен де Аллаһ Тағаланың тарапынан келгенің білдірді. Бұл жалпы тәпсір ғұламаларының, Мұса (а.с.) сөз естіген кезде, оның қалайша нақты Аллаһ Тағаланың тарапынан келген сөздер екендігіне көзі жеткендігі жайлы. Соны ести тұра, Мұса (а.с.) оларға кейін Аллаһтың сөздерін жеткізді, бірақ олар бұл сөздерді өзгертті, бұрмалады.

 

Имам Муджахи, имам Ас-Судди айтады:

 

«Бұл жерде, ести тұрып, сөзді ары қарай бұрмалағандар деп, яхудилердің ғалымдары. Харамды халал етті, халалды харам етті. Яғни өздерінің нәпсі қалауларына еріп, білгендерін істеді. Бұл соншалықты жазғыру. Олар біле тұра, ұғына тұра Аллаһтың сөздерін өзгертті, бұрмалады».

 

Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға ﷺ айтты:

 

«Олардың бабалары осындай жамандықты, қасарысуды, қарсы шығуды жасағандар. Ол сол жолмен өз өмірлерін ары қарай жалғастырады. Сен олардың иманынан қалай үміт етесің?», деп Пайғамбарымыз ﷺ жұбату айтып, осылайша Аллаһ Тағала демеу берді.

 

Тағы бір мәселе бар. Егер де, ғалым, ақиқатты біліп тұрған адам, қарсы шығатын болса, қателікке баратын болса, жай ғана білместікпен қателескен адамнан екі есе қауіпті дегенді білдіреді. Ол тура жолға түсуден мүлдем жырақта болады. Бұл жерде Аллаһ Тағала қателікті біле тұра жасаудың, үлкен күнә және мүлдем қауіпті іс екендігін бұл аятта тағы бір рет білдіріп, ескертіп отыр.

 

Түйіндей келгенде, егер адам баласы біле тұра, түсіне тұра, ұғына тұра, ақиқат жеткеннен кейін осындай табансыздыққа баратын болса, оның үлкен күнә екендігін, сонымен қатар Пайғамбарымызға ﷺ «яхудилердің иман келтірмегеніне сен қатты уайымдама, алаңдама. Олардың табиғаты сол, таңдаған жолдары сол», деп ескертіп, осындай жұбатуды да айтып отыр.

 

Жалпы, Аллаһ Тағала біле тұра қателесуден, адасудан, қасақана күнәға, қылмысқа барудан сақтасын. Күнәні білмей тұра да жасаудан сақтасын. Аллаһ Тағала әрбір ісіміздің, сөзіміздің дұрыс болуын нәсіп етсін. Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшыраған, Аллаһ Тағалаға иман келтіруден және ақиқатты мойындаудан жырақ болған, Аллаһ Тағаланың бақытсыз құлдарынан болып қалудан сақтасын.

 

سبحانك و بحمدك، نشهد أن لا إله إلا أنت، نستغفرك و نتوب إلي

 

Тегтер Тәпсір

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi