Дәрістер топтамасы
Ассаляму алейкум, құрметті көрермендер! Баршаңызға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Аллаһ Тағала тұтқан оразаларыңызды, дұға-тілек, құлышылқтарыңызды қабыл етсін. Бірде, Пайғамбарымыз ﷺ өзінің сахабаларымен бір мәжілісте отырған кезде бейтаныс бір кісі кіріп келеді. Ол бірден Пайғамбарымыз ﷺ алдына барып, тізесіне-тізесін тигізіп, Пайғамбырымызға ﷺ бірнеше сұрақтар қояды. Акіреттің белгілері тағы сол секілді басқа да сұрақтарды қойып, соның ішіндегі ең маңызды үш сұрақ:
«Иман не? Ислам не? Ихсан не?», деген сұрақ қояды. Пайғамбарымыз ﷺ :
«Иман деген – Алланың Барлығына, Бірлігіне, періштелеріне, түсірген Кітаптарына, Пайғамбарларына, Қияметтің бар екендігіне, ақиқат екендігіне, және тағдырдың бар екендігіне сену», деді.