Миғраж – әз пайғамбардың басынан өткерген ғажайып оқиға. Алла Тағаланың ең таңдаулы пайғамбарына көрсеткен теңдессіз мұғжизасы. Сонымен бірге, Мұхаммади үмбетке миғраждан алар көптеген ғибрат тағы бар. Исра – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Құдысқа жасаған түнгі сапары. Екі қала арасы қырық күндік қашықтық. Алайда, Жаратқанның құдіретімен бір түнде барып, қайтады. Құранда бұл оқиға: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрак еткен Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әртүрлі кемшіліктен пәк. Күмәнсіз, Ол естуші, білуші», – деп баяндалады.
Мақаладан үзінді: "Миғраж кешінің кереметтері", Төлеби Оспан
Дереккөзі: Azan.kz