«ОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАН» РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы» Алматы қаласы бойынша өкілдігі мен Жетісу ауданы, «Әл- Мәдина» мешітінің ұйымдастыруымен «Отанды сүю иманнан» атты рухани кеш өтті.
Кешке 200 - ге жуық қыз-келіншектер және 86 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Әжелер мектебінің аналары «Жер ана» монологын оқыды. «Әл- Мәдина» мешітінің найб имамы уағыз-насихат айтып, «Инабатты қыздар» студенттер клубының тұсауын кесті. Кештің негізгі қонақтары болып табылатын «№1-ші Бағанашыл» балалар үйінің жеткіншектері Тәуелсіздік тарихынан қойылым қойып, патриоттық әндер шырқады. Алматы Орталық мешітінің «Әжелер мектебі» ақ жаулықты әжелер балаларға ақ батасын беріп, сыйлықтарын таратты. Кеш соңында барлық балаларға және тәрбиешілерге сыйлықтар таратып, елге қызмет етіп жүрген аналар қауымы марапатталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі