Дәрістер топтамасы
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Күллі мақтаулар мен мадақтар Әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға болсын, Оның сүйікті Елшісі Пайғамбарымызға, отбасыңа Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын. Алыстағы ағайынды қойып, бүгінгі таңда жақын тұрған өзінің бауырына жақсылық жасамай, алыстап жүрген көптеген қандастарымызды, отандастарымызды кездестіреміз. Аллаһ Тағала бір құрсақта дүниеге келтіргеннен кейін, бір-біріне мейірімді болса екен дейміз. Араб тілінің өзінде құрсақты «рахим» деп атайды. Қазақ тілінде «рақым» сөзі мейірімділікке қолданылады. Сол үшін де бір құрсақта дүниеге келгеннен кейін, бір-бірімізге мейірімді болуымыз керек. Бауырды бір-бірінен алыстатын не? Бүгінгі тақырыбымызда соған тоқталатын боламыз...