11-дәріс: Оразаны бұзатын амалдар
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Дәрістер топтамасы

 

30 сәу. 2021 2 676 0

11-дәріс: Оразаны бұзатын амалдар

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде

АУДИО НҰСҚА


Құрметті мұсылман бауырлар! Қасиетті Рамазан айында тұтқан оразаларыңызды, құлшылықтарыңызды, барша дұға-тілектерінізді Аллаһ Тағала қабыл етсін. Құрметті мұсылман бауырлар, Аллаһ Тағала Қасиетті құранда «Бақара» сүресінде келесі аятты баяндады:

 

«Ей иман келтіргендер, сендердің бұрынғыларға ораза парыз етілгені секілді, сендерге де ораза парыз етілді. Бәлкім, тақуалық етерсіңдер».

 

Жалпы, осы ораза – бұл біздің Аллаға деген дененіз арқылы шүкіршілігіміз.

 

Осы оразамызды бұзатын амалдар бар. Олар екіге бөлінеді. Бірінде, тек қана оразаны бұзып, оның өтеуін қаза етіп өтелсе, екіншісі, оразаны бұзуымен қатар «кәффаратты» да өтеуі керек. Демек, ораза тұтушы кісі осы шарттарды жақсы білуі керек. Өйткені, бұл шарттарды адам білмесе, өзінің тұтқан оразасының сауабынан мақрұм қалуы мүмкін және бүкіл құлшылығы заяға кетуі мүмкін. Сол үшін, әрбір мұсылман адам өзінің құлшылығын, міндеттерін, шарттарын жақсы білуі тиіс.

 

Ал енді, осы оразаны бұзатын амалдарға толықтай тоқталатын болсақ, Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

 

«Кімде-кім ауырып қалса немесе сапарға шықса, басқа бір күні оразасын толықтырсын».

 

Осы ораза айы келген кезде, белгілі бір себептермен ауырып қалсақ, сол ауырған күндері емделіп, басқа күндері, сол ұстамаған қарыз күндерін өтесе болады. Жұмыс бабымен, әр түрлі жағдайлармен сапарға шығып, ол сапарда бізге ораза тұту қиын болса, онда сапардан оралған соң, басқа бір күндері қаза болған оразаларымызды тұта алады екенбіз. Сонымен қатар, әйел адамдарда, қыз балаларда етеккір, хайз, нифас мәселелерінде оразаны тоқтатып, хайз, нифастан тазарған кезде басқа бір күндері оразасын тұта алады.

 

Оразаны бұзатын тағы бір нәрсе, мәжбүрлі түрде жеп-ішсе, оның оразасы бұзылады. Бірақ, кейіннен сол ауызы ашылып кетсе, сол айдың құрметіне, яғни күннің аяғына дейін аузын ашпай, уақыт күтеді және басқа бір күні сол күннің оразасын тұтып береді.

 

Сонымен қатар, оразаны бұзатын тағы бір мәселе – таң атпады деп сәресін ішуді жалғастырса немесе жыныстық қатынасқа түссе. Кейіннен таңнын атып кеткені белгілі болса. Бұндай жағдайда ол да оразасын ұстай береді, бірақ сол күннің оразасын басқа күні тұтып береді.

 

Күн батты деп ауыз ашып, артынан күннің әлі батпағаны мәлім болса, ол басқа бір күні қаза оразасын тұтады.

 

Ауызды немесе мұрынды шаю кезінде, байқаусызда ішке су кіріп кетсе. Бұл мәселе, әсіресе ауыз бекіткеннен кейін ғұсыл алған кезде болады. Кейбір бауырларымыз, дәрет алып жатқанын байқаймыз. Олар дәрет алып жатқан кезде ауызына су толтырып, басын жоғары көтеріп тамағын еркін шайып жатады. Бұл макрух, яғни ұнамсыз іс. Өйткені, осы тамақты шаю кезінде адамның жұтқыншағынан су өтіп кетсе, сол күнгі оразасы зая болады. Сол себепті, ораза тұтқан адам  дәрет алған кезде ауызды жай ғана шаюы тиіс.

 

Табиғи жағдайларда, мысалы қар жауған кезде, немесе жаңбыр жауған кезде, адамның ауызына еріксіз су түсіп, ол су өңештен ішке қарай өтіп кететін болса, ол кезде де ораза бұзылады екен.

 

Сонымен бірге, адам өзінің ерікті түрде түтінді әдейілеп жұтса, ол да оразаны бұзады.

 

Ауыз бекіткеннен соң, тісте қалып қойған дәнді дақылдар, немесе сондай мөлшердегі тағам қалдықтары қалып қоятын болса, ауыз бекіткеннен кейін, тістердің арасынан шыққан сондай бір заттарды жұтып қойсақ, ораза бұзылады. Және тамаққа да, дәріге де жатпайтын тас, топырақ секілді бір заттарды ауызға салып отырып, жұтып қойсақ, ол да оразаны бұзады.

 

Ер адамның әйелін сүйюі кезінде, ер адамның денесінен шәует бөлініп шықса, бұл да оразаны бұзады.

 

Әйелің жыныстық қатынасқа күйеуі мәжбүрлеп, қосылса, онда әйел адамның сол күнгі оразасы бұзылып, басқа бір күні ораза тұтып береді. Ал ер адам әдейілеп жыныстық қатынасқа түскені үшін, қаза оразасымен бірге, кәффәрат оразасын да тұтады.

 

Үлкен дәрет жолына клизма жасау немесе дәрі салу – бұл да оразаны бұзады.

 

Ауыз бекіткеннен соң, шыдамай темекі шегіп қойса, бұл да оразаны бұзады. Сонымен қатар, оған кәффаратты өтеу парыз болады. Темекімен қоса насыбайдың үкімі де сол секілді.

 

Ауызға құрғақ немесе сұйық дәрі тамызса. Мұрынға немесе құлаққа тамызған дәрінің дәмі ауызда сезілсе, ораза бұзылады.

 

Ораза екенін ұмытып, ішіп-жеп қойған адам, ораза екендігі есіне түскен соң, оразасы енді бұзылды деген оймен жеуін тоқтатпаса, оразасы бұзылып, оған қазасын өтеу міндет болады.

 

Күннің жартысы өткеннен кейін, ораза адам сапарға шығып ауызын ашса, сол күннің оразасын басқа бір күні тұта алады. Сонымен қатар, адамның тістерінінң арасынан шыққан қанды ішке қарай жұтатын болса, онда ораза бұзылады. Таңертен, ауыз бекітуге ниет етпей, күні бойы аш жүрсе, ол күнгі оразасы есептелмейді. Басқа бір күні қаза оразасын тұтуы керек.

 

Әдейілеп, аузы толып құсса, оның оразасы бұзылады. Өйткені, Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадис шарифінде былай деген:

 

«Адам құсқысы келіп, өзіне ие бола алмаса, оған қаза өтеу міндет емес. Ал егер өз қалауымен құсатын болса, оған қаза тұту міндет»

 

Асқазан ауруымен байланысы бар жарақатына, немесе бастың жарақатына байланысты сұйық жарақат құйса, және сол дәрі асқазанға немесе миға баратын болса, оның оразасы бұзылады.

 

Міне, осы жоғарыда атап өткен жағдайларда ораза бұзылады және сол күндердің орнын күн-күнімен өтеп беру міндет болады.

 

Сонымен қатар, тағы бір мәселе, кәффарат талап ететін де жағдайлар болады. Соларға тоқталып кететін болсақ: Әйел адам мен ер адамның әдейілеп жыныстық қатынасқа түсуі, бұл оразаны бұзады және кәффарат талап етеді. Сонымен қатар, үзірсіз тағам жеу, ішу – бұл да оразаны бұзады.

 

Ауызға түскен қар, жаңбыр секілді нәрселерді әдейілеп жұту да оразаны бұзады.

 

Осындай нәрселер біздің оразамызды бұзады. Сол себептен, осы мәселелерге біз мұқият назар аударуымыз керек екен.

 

Енді, кәффарат мәселесіне тоқтайтын болсақ. Кәффаратты өтеу дегеніміз – сол бұзылған бір күнге, бір күн қазасын өтеу керек, сонымен қатар бір құлды азат ету керек. Енді, қазіргі таңда құл иеленушілік болмағандықтан, кейінгі шартқа көшеміз. Егер бір құлды азат ете алмаса, үздіксіз 60 күн ораза тұту керек. Арасы ешқандай үзілмеу керек. Егер, мысалы, 50-55 күн үзіліссіз ораза тұтып келе жатып, арасында 1-2 күнге тоқтап қалатын болса, басынан бастап оразасын тұтады. Сол себептен, кәффарат оразалары екі айт күндеріне тұспа-тұс келмеуі керек. Себебі, ораза үздіксіз жалғасуы керек. Ал егер де бұған да шамасы жетпесе, қатарынан 60 күн үздіксіз ораза ұстай алмаса, онда 60 міскінді, жағдайы төмен адамды бір күнде тамақтандыру оған міндеттеледі.

 

Құрметті бауырлар, Аллаһ Тағаланың парыз етіп бекіткен оразасын бұзған адамдарға осындай міндеттер жүктеледі екен. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде айтады:

 

«Бәлкім сіздер сақтанарсыздар, тақуалық етерсіздер»

 

Ораза – ол тек қана ішіп-жеу, жыныстық қатынастан тиылу ғана емес, сонымен қатар, оразаға тағы да қосымша екі шартты ғалымдар қосқан екен. Олар: күнәдан тиылу және харам болған астан тиылу. Әлбетте, ораза адам өзінің адал асын ішпейді, себебі оның ауызы берік. Ал енді харам астан тиылу, бұл одан да күшті міндет. Көп адамдар «Мен ораза тұттым» дейді, бірақ өзінің ішіп-жеуі, алдында тұрған астың қандай жолмен келіп жатқандығына көбінесе мән бермейді. Сол үшін, тақуалықтың белгісі – асымызды адалдауымыз керек. Сонымен бірге, екінші бір шарты күнәдан да сақтануымыз керек. Яғни, күнә дегенде біреуге зұлымдық жасау, біреудің мал-мүлкін ұрлау, ғайбаттау, өсектеу. Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадисінде:

 

«Бір адам ораза тұтса, ішіп-жемесе, бірақ ауызынан жаман сөздер тиылмаса, күнә жасауы тиылмаса, оның таң атқаннан кеш батқанға дейін аш жүруі Аллаһ Тағалаға қажет емес», деген екен.

 

Сол  үшін, құрметті бауырлар, баршамыз мейілінше осы Рамазан айында мол сауапқа кенеліп, Алланың Разылығына бөленуімізді Аллаһ Тағала нәсіп етсін, дұға-тілектерімізді қабыл етсін.

 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi