Дәрістер топтамасы
18 сәу. 2021
1 921
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
5-бөлім: Ораза ұстаған адам байқамай ішіп-жеп қойса?
Егер аңдаусызда ұмытып ішіп-жеп қойса, онда ораза бұзылмайды. Бірақ, ораза ұстап жүргендері есіне түскен сәттен бастап ішіп-жеуді дереу тоқтатып, ауыздарын шайып, оразаларын ары қарай жалғастырады. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімде-кім ұмытып ішіп-жеп қойса, оразасын қайта жалғастырсын. Өйткені, оған Алла Тағаланың өзі ішкізіп-жегізген», - дейді.
Ораза екендігі есіне түскенде, дереу астан тыйылу керектігін біле тұра «болды, бұзылды» деп тамақ жеуін жалғастырған адам күнәһар болады. Ал, ондайда дереу асты доғару керектігін білмей ішіп-жеп кеш батырған адам ораза айы біткеннен кейін сол күннің қазасын өтейді.
Скрыть