Дәрістер топтамасы
23 сәу. 2021
2 428
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
8-бөлім: Боқтық сөз айту оразаны бұза ма?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза жайлы айтқан бір сөзінде: «Кімде кім жаман сөз бен теріс іс-әрекеттен тыйылмаса, оның тамақ жемей және су ішпей отырғанының Аллаға керегі жоқ», - деген екен. Демек, әдептілікке қайшы келетін әрбір сөз бен іс-әрекет бұл рухани құлшылықтың сауабын кемітеді. Оразаның мақсаты - адамды тәрбиелеу. Адамның жан дүниесін түрлі жат қылықтар мен жаман әдеттерден тазарту. Оразаның осы қағидаларын басшылыққа алып, ауыз бекіткен мұсылман баласы нағыз ораза құлшылығының дәмін тартуға тырысуы қажет. Ораза ұстаушы жоғарыдағы хадиске сай әрекет етсе, күні бойы аш жүргені ақталып, мол сауапқа кенеледі.
Скрыть