Дәрістер топтамасы
7-бөлім: Рамазанда күндіз қонаққа шақырса...
«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» демекші, қонақ шақырудың да, оны қабыл алудың да бекітілген әдептері бар. Даналықтың бұлағы болған хадисте: «Егер қайсы біріңді қонаққа шақырса, онда қабыл алсын, егер оның аузы ораза болса, онда дұға жасасын, ал егер ораза болмаса, онда тамақ жесін» делінген (Муслим). Және де ораза ұстаушының қонаққа барғанда аузын ашуға болатвндығы жайлы хадистер де жетерлік. Бірақ ол хадистер Рамазан айының оразасы емес Рамазан айынан бөлек айлардағы қосымша оразаға байланысты айтылған. Егер Рамазан айында қонаққа шақыру себебімен оразаны бұзатын болса кәффарат оразасын ұстайды. Кәффарат оразасы - арасын үзбестен 60 күн ораза ұстау.