Дәрістер топтамасы
18-бөлім: Рамазан айында ораза ұстай алмайтын кісілер болады.
Емізік баласы бар, жүкті әйелдер, немесе ауырып жүрген, денсаулығы көтермейтін кісілер, сапарға шығатын кісілерге Рамазан айында оразаларын ашуына рұқсат. Кейін денсаулығы қалпына келген соң, сапардан келген соң, баласын омыраудан шығарған соң, оразаның қазасын ұстайды. Кейбір азамат болашақта мүлдем ораза ұстай алмауы мүмкін. Мысалы, созылмалы ауруларға шалдыққандар, жасы үлкен қариялар бар. Бұл кісілерге ораза ұстамауға рұқсат. Бірақ оларға фидия садақасын төлеу міндеттеледі. Фидия садақасы дегеніміз бір күндік міскінді тойдыру. Елдегі асханалардағы тағам бағаларын зерттей келе, ғұламалар кеңесі фидияның көлемі 1700 теңге қылып бекітті. Яғни, ол жағдайы төмен бір адамның екі мезгіл тойып ішетін тамағы. 850 теңгеге бір рет тамақ ішуге болады екен. Соны екіге көбейтіп, 1700 теңге болып бекітілді