14-дәріс: Рамазандағы күнәләрдың кешірілуі
Шарбақты ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:23
Шарбақты ауданы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Шарбақты ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:47 07:25 11:40 13:57 15:44 17:23
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
28 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

 

3 мам. 2021 3 215 0

14-дәріс: Рамазандағы күнәләрдың кешірілуі

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде

АУДИО НҰСҚА


أما بعد السلام عليكم و رحمة الله و بركاته

Аллах Тағала Құран Кәрімде:

 

«Ей иман келтіргендер, бұрынғыларға парыз болғандай, сендерге де ораза тұту парыз болды. Әлбетте, тақуа боларсыңдар», дейді.

 

Пайғамбарымыз ﷺ хадис шарифінде:

 

«Кімде-кім Аллах Тағала Раббым деп сеніп, және Рамазан айының оразасын тұтқандағы оның сауабы бар екеніне сеніп тұтса, сұрағының, күнәсінің, азабының бар екендігін толық мойындаса, Аллах Тағала оның сол уақытқа дейін жасаған барлық күнәларын кешіреді», деген.

 

Яғни, бұл Рамазан айы – кешірім айы. Бірақ, сол Рамазанды өзінің шартына, қағидаларына сай тұтқан болатын болса. Бұл хадистен ұғынатынымыз, Рамазан айы күнәларды кешіретін ай екен.

 

«Осы уақытқа дейін жасаған күнәларының барлығы кешіріледі», деп отыр.

 

Енді, тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз ﷺ:

 

«Бұл ай сондай ай, әуелгі он күндігі Аллах Тағаланың Рахметі жауатын күндер. Ортасы, Аллах Тағаланың кешірім жасап,  күнәлардың бәрін кешіретін күндері. Соңғы он күндігі тозақтан құтылатын күндер».

 

Бұның бәрі Рамазан айының оразасын тұтумен, садақа берумен, өзіңді барлық жаман істен тыйумен, қайырымды істер жасаумен бірге болатын уәделер. Яғни, бұл айдың ортасы Аллах Тағаланың Кешірім қылатын күндері екен. Абу Хурайрадан болған мына хадисте:

 

«Бір Аллах Тағаланың құлдары Аллах Тағалаға шынымен сеніп, Раббым деп мойындап, өзінің құл екендігін мойындап, ақіретке қайтатындығын мойындап, дүниенің жалған екендігін толық мойындап, және Рамазан айының оразасын тұтса, Қадір түнінің сондай ұлық түн екендігінің біле тұрып, құлшылық ғибадатпен өткізсе, барлық күнә істерден өзің сақтап, сондай бір қайырлы түн ретінде қабылдап өткізсе, Аллах Тағала оның барлық күнәларын кешіреді», дейді.

 

Міне, осы хадиске қарайтын болсақ, Рамазан айы – күнәлардың кешірілетін айы екендігін түсінеміз.

 

Жалпы, мына сөздікте Рамазан деп айдың атауын қоюдың өзі, «Рамада» сөзінен шығады екен. Бұның мағынасы «ыстық отпен күйдіру, қатты ысу» дегенді білдіреді екен. Біз жаман нәрселердің бәрін көбіне күйдіріп, күлге айналдырып, жоқ қылып жібереміз. Демек, бұл ай күнәларды жоқ қылатын, күнәны бір қоқыс десек, оны күйдіріп, күлге айналдырып, жоқ қылып жіберетін ай екендігін білдіреді екен. Біз осы айға лайықты болуымыз керек.

 

Құрметті бауырлар, бізге, Аллах Тағаланың құлы ретінде Аллах Тағалаға зікір қылу, Аллах Тағалаға шүкір ету және тәубе қылу, истиғфар айту Рамазан айында да, басқа уақытта да ізгі бір амалдардан болып табылады. Әсіресе, Рамазан айында өте маңыздырақ. Аллах Тағала Құран Кәрімде «Әнфал» сүресінде:

 

«Сен олардың ортасында болған уақытта, олар азапқа ұшырамайды, сенің соныңнан ілескен адамдар. Және Аллах Тағала азапқа душар қылмайды, дәйім истиғфар айтып, Аллах Тағаладан кешірім сұрап жүрген пенделерді», дейді.

 

Екі жақсы жағдайды бізге Аллах Тағала түсіндіреді. Біріншісі – Пайғамбарымыз ﷺ біздің жанымызда болғанда, Мен оларды азапқа душар қылмаймын деп отыр. Екінші – истиғфар жүрегінен үзілмеген адамды Мен азаптамаймын депті. Екінші бір аятта истиғфар жөнінде Аллаһ Тағала:

 

«Ақіретке, Аллах Тағалаға иман келтірген пенделер Аллах Тағалаға тәубе қылыңдар, шынайы тәубемен. Яғни, өткен істеріңе жүрекпен өкініндер, оны қайталамаңдар, истиғфар айтыңдар».

 

Бұл жерде біздің Аллах Тағалаға тәубе ету керектігіміз айтылады. Жалпы, жер бетін басқан пенделер күнәдан алыс бола алмайды. Кішкентай күнә болсын, үлкен күнә болсын бәріміз жасап қоямыз. Оны мына хадистен аңғарамыз:

 

«Әрбір адам баласы қателесуші. Солардың ішіндегі ең жақсысы Аллах Тағаладан дәйім кешірім сұраушы».

 

Бұл хадиске қарайтын болсақ, кез-келген адам намаз оқып жүр ма, ораза тұтып жүр ма Аллах Тағаладан кешірім сұрауымыз керек. Өзіміз қаншалықты күнә жасап жүргенімізді біз байқамай қалады екенбіз.  Пайғамбарымыз ﷺ айтқан хадисте:

 

«Мен күніне Аллах Тағаладан 100 рет кешірім сұраймын. Сендер де Алладан көп кешірім тілеңдер», деген.

 

Демек, Рамазан айы бір Алладан кешірім сұратйын, шынайы тәубе қылатын, қалған 11 айда Аллах Тағаладан «Мені күнәдан сақтай гөр, тура жолға сал», деп жалбарынатын бір берекелі ай екен.

 

Бір нәрсені ескеруіміз керек, құрметті жамағат. Қадір түні болған кезде Джибрииль (а.с.) келіп Пайғамбарымызға ﷺ былай деп уахи жеткізді:

 

«Бұл Қадір түнінде Аллах Тағала рахзет назарымен қарады, кешірді. Бірақ, төрт түрлі адам Аллах Тағаланың кешірімінен мақрұм қалады».

 

Пайғамбарымыз ﷺ: «Ол қандай төрт адам?», деп Джибрииль (а.с.)-нан сұрады:  «Аллах Тағала, шариғатымыз тыйым салған ішімдікті, арақты Рамазан айына қарамастан тоқтатпай ішіп жүрген адам. Жалпы басқа уақытта да. Екінші, ата-анасын ренжіткен, риза қылмаған адам. Үшінші, өзімен бірге туған бауырларымен туыстық қатынастарды үзіп қойған адам немесе оны орындамаған. Төртіншісі, адамдардың араларында дұшпан шалушы не болмаса бір-біріне ренжіп, сол реніштерін үш күннен асырып жіберген адамдар».

 

Міне, осы төрт адам, Аллах Тағаланың рахметінен мақрұм қалады екен, қанша Алланың Мейірімі жауып жатса да. Біз осыдан қатты сақтануымыз керек. Өкінішке орай, ондай адамдар, қазіргі уақытта, діндар адамдардың арасында да, қызметкерлер арасында да бар. Сәл бір реніш бола қалса, өзімшіл болып, ұзаққа тартып, тәкәппарланып жүретіндер бар. Бұл өте ауыр нәрсе екен, құрметті жамағат. Одан кейін, осы Рамазан айында қарыз қайтару. Яғни, адамнан қарыз алып, қайтаруға шамасы келе тұра, бермеу. Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде айтады:

 

«Бір адам өліп, шахид болып, қайтадан тіріліп, үш рет өліп, үш рет тіріліп шахид болатын болса да, ол адамның мойнында қарыз тұрса, ол Жәннәтқа қарызын бермейінше кіре алмайды».

 

Және тағы бір басқа хадисте айтады:

 

«Қарыздар адам, қарызын қайтарып бермейінше Алланың жібінде байланады».

 

Осыдан сақтанайық. Өкінішке орай, қазіргі таңда бауырларымыздың арасында осылай қарыз алып, қайтарып бермеу фактілері жиілеп бара жатыр. Осыны естіп отырған кісілер болса, қарызды тезірек қайтарып беруге ұмтылу керек.

 

Бірде, Хасан Басридің алдына төрт кісі келіп болып жатқан жағдайларды айтқан екен. Біреуі, еліндегі құрғақшылықты айтқан екен. Екіншісі, өміріндегі кедейшілігі жайлы айтқан екен. Үшіншісі, жерінің құнарсыздығын, егінінің түсімінің, берекесінің жоқтығын айтыпты. Төртіншісі, Аллах Тағаладан перзент сұрап, зар болып  жүрген адам екен. Сонда Хасан Басри оларға Аллах Тағаладан көп истиғфар сұрап жалбарын деп кеңес айтқан. Одан басқа ешнәрсе айтпаған. Төртеуіне де: «Алладан кешірім сұраңдар», деді. Сонда, қасында отырған адамдардың риза болғандығы соншалық: «Сіз төрт адамның мұқтажына тиісті ең жақсы кеңес бердіңіз», деген екен.

 

Көрдіңіз бе, біреуі елдегі құрғақшылықты, екіншісі отбасындағы кедейлікті, үшіншісі егістің құнарсыздығын айтыпты, төртіншісі перзентінің жоқтығын айтқан екен. Сонда төртеуіне де «Жүрегіңмен, тілінмен жылап тұрып, Аллах Тағаладан кешірімді көбейтіңдер» деп айтыпты. Сонда, Хасан Басри оларға ол сөзің дәлелдеп, Аллах Тағаланың мына аятын келтірді:

 

«Оларға айт: Аллах Тағаладан кешірім сұраңдар. Ол Кешірімді. Аспаннан сіздерге жауын жауғызады, сол арқылы егін, мал, перзент береді және әдемі жауын арқылы ағып жатқан жылғалар пайда болады. Аллах Тағала бәрін береді. Одан кешірім сұраңдар», деп сөзің осы аятпен дәлелдеген екен.

 

Құрметті жамағат, Аллах Тағала тұтып жатқан оразаларыңызды қабыл етсін, Міне, айымыздың ортасы да кетіп бара жатыр. Алланың кешірім он күндігі өтіп, тозақтан құтқаратын он күндігі, және Құран түскен күндері келе жатыр. Сол уақытта тақуалықты арттырайық, жан-жағымызға қарап, кімді ренжіткенімізді ойланайық, кімге қарызымыз бар, істеп жатқан амалдарымыз қандай, Рамазанды лайықты өткізіп жатырмыз ба, деген секілді сұрақтарды өзімізге қояйық.

 

Рамазан дегеніміз, тек тамақ ішпеумен ғана емес, бүкіл ағзаға, адамгершілкпен бірге келетін тақуалық.


Аллах Тағала баршамызға осы айда истиғфарды жүрекпен, тілмен көп айтуды, Аллах Тағаланың кешіріміне бұл дүниеде жетуді баршамызға нәсіп етсін.

 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi