23. Толеби Оспан. «Нәпсімен күресудің жолдары»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Дәрістер топтамасы

 

8 қар. 2021 1 265 0

23. Толеби Оспан. «Нәпсімен күресудің жолдары»

Жарияланатын күндер

АУДИО


 

Ассалаума ғалайкум, ардақты ағайын. Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауаттар болғай. Алматы қаласының имамдары «Исхан – рухани тәрбие негізі» атты кітаптан дәріс жүргізуді қолға алған болатын. Бұған дейін 22 тақырыпты қамтыған «Жаратушы Аллаға Ихсан» деген алғашқы тарауын айтқан болсақ, ендігі кезекте «Тұлғалық ихсан» атты екінші тарауындағы тақырыптарға тоқталатын боламыз. Екінші тараудың алғашқы тақырыбы – Нәпсімен күресудің жолдары деп аталады.

 

Абай атамыз өзінің қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік...», – дейді. Демек, нәресте ең әуелі тәндік қажеттілікке мұқтаж. Сондықтан да нәпсі ақылдан бұрын дамиды.

 

Енді адам баласы иманы күшті, нағыз мұсылман болуы үшін нәпсісін түбегейлі өлтіріп тастау керек пе? Әлде, нәпсісін бас көтертпей, тоқтаусыз намаз оқып, үзбей ораза ұстауы керек па?

 

Негізі нәпсі біздің болмысымыз. Нәпсі біздің тамақтануға, демалуға деген қалауымыз ғой. Абай айтқандай: «Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды». Демек, нәпсі тәрбиеге мұқтаж бауырлар. Жүгенсіз кеткен нәпсі жалқау, жатып ішер келеді. Егер нәпсіні өз еркіне жіберсе, арам рахаттың барлығының дәмін татқысы кеп тұрады да. Нәпсі ұят пен арды білмейді. Сондықтан, нәпсіні жөнге салып иман мен ақылға қызмет етуге үйретуіміз керек. Нәпсі қиындыққа шыдас бермегендіктен, көбінесе, жаман қасиеттерге бейім келеді.

 

Суфиян әс-Сәури бір сөзінде: «Нәпсімнен үлкен дұшпанмен күресіп көрген емеспін. Кейде мен оны жеңемін, кейде ол басым түскен кездері де болады», - деген екен. Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу – адам баласының екі дүниеде бақытты не бақытсыз етеді. Сондықтан, нәпсімен күресу – дінімізде үлкен жиһад деп танылады. Пайғамбар заманында «Тәбук» шайқасынан кейін, сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып, қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

رَجَعْنَا مِنَ الْجِهَادِ الْأَصْغَرِ إِلَي الْجِهَادِ الْأَكْبَرِ ،

«Кіші жорықтан (жиһадтан) үлкен жорыққа оралдық,-дейді.

 

قَالُوا : وَمَا الْجِهَادُ الْأَكْبَرُ ؟

Жұрт: Үлкен жорық (жиһад) не сонда?, - деп сұрайды.

 

 قَالَ : مُجَاهَدَةُ الْعَبْدِ هَوَاهُ

Ол – пенденің өз нәпсісімен күресі», – деп айтқан. Қасиетті Құранда нәпсіге қатысты бірнеше аятта баян етеді:

 

قَدْ أَفْلَحَ مَن زَكَّاهَا. وَقَدْ خَابَ مَن دَسَّاهَا

«Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды», – деген («Шәмс» сүресі, 9,10-аяттар). Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын): «Жиһадтың ең абзалы – нәпсімен күресу»; «Жүгендеуге мұқтаж болған нәпсіңнен артық асау жоқ», – деген.

 

Ендеше, дінімізде көрсетілген нәпсіні тәрбиелеудің бірнеше жолдарына тоқталайық. Солардың – біріншісі Мұрақаба.

 

1. Мұрақаба дегеніміз – Алла Тағаланың адам баласының сыртқы және ішкі дүниесін әрдайым бақылап тұрғандығын есте ұстауы және әрі оған нақты сенімді болуы. Құранда:

 

وَٱعلَمُوۤا أَنَّ ٱللَّهَ يعلَمُ مَا فِیۤ أَنفُسِكُم فَٱحذَرُوهُ

«Біліп қойыңдар. Алла іштеріңе бүккен ойларыңды түгелдей біледі. Ендеше, (Оның бұйрығына қарсы келуден) сақтаныңдар», – деп ескертеді («Бақара» сүресі, 235-аят). «Сүннеттің анасы» деп танылған хадисте Жәбірейіл періште Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ихсан» туралы сұрағанда, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ихсан дегеніміз – Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық ету. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады», – деп жауап береді. Демек оқитын намазымыз, ұстайтын оразамыз, беретін зекетіміз, орындайтын қажылық, т.б. амалдарымыз ихсан жағдайында болса, нәпсінің жақсы жағына қарай тәрбиеленуін жеңілдетеді.

 

2. Нәпсіні жаман қалауларынан тыю. Мұсылман адам ішкі қалауы бір ой салса, сол істің дұрыс-бұрыстығын саралап барып істеуі қажет. Әйтпесе, нәпсісінің қалауын орындай беру адамды орға жығары сөзсіз.

 

Шал ақын: Нәпсің бір көкжал бөрідей,

 

Иманың бағлан қозыдай.

 

Егер тыю салмасаң,

 

Иманыңды жеп кетер, – дейді. Көкжал бөрі бағландай қозыны жемей қоя ма, әрине жейді. Сол секілді нәпсінің қалауы да адамның иманына нұқсан келтіреді. Бір күні Хазреті Осман (р.а.) ет жегісі келіп, базарға бармақшы болады. Жолда кетіп бара жатқанда алдынан хазреті Әли (р.а.) кезігіп қалады. Екеуі сөйлесіп қалып, Әли одан қайда бара жатсың деп сұрайды. Сонда Осман: «Ет жеуге аңсарым ауып, соны сатып алайын деп базарға кетіп бара жатырмын», – дейді. «Сонда сіз нәпсіңіз не қаласа, соны сатып ала бересіз бе?» – деп сұрақ қояды хазеріт Әли. Осы кезде Осман (р.а.) қателігін түсініп, сол жерден кері бұрылып, үйіне қарай кеткен екен.

 

Яхия ибн Муиз әр-Рази (Алла оны рақымына алсын): «Адамның жаулары үшеу. Олар: дүние, шайтан және нәпсі. Дүниеден зүһд (баз кешу) арқылы сақтан, шайтаннан оның азғырғанына қайшы іс жасау арқылы сақтан, ал нәпсіден шаһуатыңды тәрк ету арқылы сақтан», – деген. Бұрынғы өткен даналарымыз айтады: «Расында шаһуат (нәпсі құмарлық) патшаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады. Жүсіп пен Зылиханың қиссасын көрмейсіз бе?» – дейді. Шынымен де нәпсісін жамандықтан тыю арқылы Жүсіп пайғамбар үлкен дәрежеге қол жеткізді. Ал Зылиха нәпсі қалауына еріп, Жүсіпке жала жауып, соңында ісі әшкере болды. Нәпсісін тыйған жанның қияметте орны жәннат. Бұны Құранда былайша баяндайды:

 

وَأَمَّا مَن خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفسَ عَنِ ٱلهَوَىٰ

«Ал енді кім Раббысының құзырында тұрудан қорқып, нәпсісін жаман қалауларынан тыйған болса,

 

فَإِنَّ ٱلجَنَّةَ هِیَ ٱلمَأوَى

негізінде оның баратын жері жәннат», – делінген. (Назиғат, 40-41).

 

3. Нәпсіні әсте-әсте тәрбиелеу. «Мұсылман болу әсте-әсте» демекші, нәпсімізді сатылап тәрбиелеу керек. Мысалы жүйрік сәйгүлікпен шауып келе жатқан адам, аттың басын бірден тартса не болады? Бірден құлап мерт болмайды ма? Сол секілді нәпсіні де жаман қалауларынан бірте-бірте тыйған дұрыс. Мысалы, Құранда арақтың харам етілуіне қатысты аяттар үш бөліп түскен. Басында пайдасынан зияны көп екендігі айтылды. Кейін арақ ішкен күйде намазға тұруға тыйым салынды. Үшінші рет аят түскенде арақтың лас, одан алыс болу керектігі бұйырылды. Ол уақытта адамдар арақты жаппай ішкендіктен бірден тастау нәпсілеріне ауыр келетін еді. Міне, осылайша арақ ішу мәселесіне даналықпен тыйым салынды. Адамның нәпсісі де осындай. Жылдар бойы істеп, бойы әбден үйреніп кеткен кей істерді адам бірден қойып кетуі қиын. Далада еркін жайылып, қырдың көк майса шөбін жеп жүрген малды қолға үйретер болса, алғашқыда тар қораға сыймай, күйі түсіп, кең даланың төсін аңсайды. Дұрыс па? Бірақ, кейіннен оған бойы үйреніп, уақыт-уақытымен ғана берілетін жем-шөпке де көндігеді. Әбден үйренгеннен соң, далаға қуса да сол тар қорасына айналып келіп тұратын күйге жетеді. Олай болса, нәпсімізді де осылайша бірте-бірте үйреншікті жаман істерден ажыратып, жақсы істерге тұрақтандыруымыз қажет.

 

4. Ықыласпен құлшылық ету. Шынайы ықыласпен орындалған құлшылық адамның нәпсісін жамандықтан тыйылуына себепші болады.

 

Ықылас –  қоспасы жоқ деген сөзден шыққан. Су қоспаған таза қымыз екен, су қоспаған таза шұбат екен дейміз ғой. Сол секілді. Демек, әрбір іс-әрекеттерімізді ықыласпен орындау арқылы нәпсімізді тәрбиелейміз. Сахаба Мұғаз бин Жабал (р.а.) былай дейді: Пайғамбар (с.ғ.с.) маған: «Ей, Мұғаз! Алла Тағаланың пенделерден талап ететін ақыс не екенін білесің бе?», – деді. Мен: «Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедім. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Пенделердің Оған ғана құлшылық жасауы және ешнәрсені серік етіп қоспауы», – деп жауап берді. Артынша Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Пенделердің Алладан сұрайтын ақысы не, білесің бе?», – деді. Мен қайтадан: «Алла және Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауапты өзіне қалдырдым. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Өзіне серік қоспай құлшылық еткен пенделерін азаптамау», – деп айтты. Хадис Бұхари мен Муслимде келген.

 

5. Ізгі адамдармен (ортамен) бірге болу. Адамның жақсылық атаулыға бой үйретіп, жамандықтан жиренуіне ізгі ортаның әсері өте үлкен. Себебі адам ізгі адамдармен бірге болған сайын бойындағы ізгілік сипаттары оянып, жақсы істерге бейімделеді. Сол секілді жаман ортамен араласса, олардың жаман сипаттары жұғады.

 

Нәпсімен күресудің бұдан да басқа жолдары көп. Айталық, білімі жоғары, нәпсі тәрбиелеу жолында тәжірибесі бар адамнан кеңес алу, қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың хадистерінде келген дұға, истиғфар, зікірлерді жиі оқу. Жалпы нәпсімен күресу – әрдайым дәрігердің қарауында болған ауыр сырқатқа ұшыраған адамды емдеу тәрізді. Адам онымен әр кез күрес үстінде болуы керек. Қасиетті Құран бізге Жүсіп пайғамбардың (р.а.) былай дегенінен хабар береді:

 

وَمَاۤ أُبَرِّئُ نَفسِیۤ

Нәпсімді ақтамаймын.

 

 إِنَّ ٱلنَّفسَ لَأَمَّارَةُ بِٱلسُّوۤءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّیۤ

Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ Раббым мейрім етсе, оның жөні басқа.

 إِنَّ رَبِّی غَفُور رَّحِيم

Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» («Жүсіп» сүресі, 53-аят). Бұл аяттан нәпсімен күресудің оңайға соқпайтынын түсінуге болады. Нәпсіні тәрбиелеуде адамның бір ғана ерік-жігері жеткіліксіз. Біз әрқашан Жаратқанның мейіріміне мұқтажбыз. Алланың жарылқауы, мейірімі болмаса, нәпсіні есепке тартып, оның зиянынан сақтану мүмкін емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нәпсінің кесірінен сақтауын сұрап көп дұға ететін болған. Ендеше, Алла Тағала баршамызды нәпсінің айласы мен зиянынан сақтасын дей отырып, уағызымызды пайғамбарымыздың дұғасымен аяқтаймыз. Муслим хадис кітабында, Зайд бин Арқам (р.а.) риуаяты:

 

اللَّهُمَّ إنِّي أَعُوذُ بكَ مِنَ العَجْزِ، وَالْكَسَلِ، وَالْجُبْنِ، وَالْبُخْلِ، وَالْهَرَمِ، وَعَذَابِ، القَبْرِ اللَّهُمَّ آتِ نَفْسِي تَقْوَاهَا، وَزَكِّهَا أَنْتَ خَيْرُ مَن زَكَّاهَا، أَنْتَ وَلِيُّهَا وَمَوْلَاهَا، اللَّهُمَّ إنِّي أَعُوذُ بكَ مِن عِلْمٍ لا يَنْفَعُ، وَمِنْ قَلْبٍ لا يَخْشَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لا تَشْبَعُ، وَمِنْ دَعْوَةٍ لا يُسْتَجَابُ لَهَا.

«Уа, Аллаһым! Сенен әлсіздік, жалқаулық, қорқақтық, сараңдық, кәрілік атауынан және қабірдің азабынан пана тілеймін. Уа, Аллаһым! Нәпсіме тақуалық бер. Нәпсімді тазарт. Расында Сен ең жақсы тазартушысың. Сен жанымның Иесісің. Алла Тағалам! Мені пайдасы жоқ ілімнен, именбейтін жүректен, тойымсыз нәпсіден және қабыл болмайтын дұғадан сақтауыңды сұраймын».

 

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi