Дәрістер топтамасы
4 мам. 2021
1 605
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
22-бөлім: Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқиды ма?
22-бөлім / Рамазандағы сіз іздеген жауап...
Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқиды ма?
Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі - «бекітілген сүннет». Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.
Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген.
Скрыть