Дәрістер топтамасы
Сәресіге тұру ол – ораза ұстаушының еркінде. Егер оразаның талаптарын бұзбаса – ораза бұзылмайды. Бірақ сәресіде берілетін нығметтерден құр қалады. Мәселен, Әбу Сағид әл-Құдриден жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сәресі деген толығымен береке. Оны тастамаңдар. Тым болмаса қайсыбірің бір жұтым су жұтып алса да. Өйткені, шын мәнінде, Алла Тағала да, періштелер де сәресі ішушілерге салауат жолдайды» - деген. Мұсылман ғұламалары Алланың салауаты – Оның рақым-мейірімі, ал періштелердің салауаты – олардың Алладан кешірім тілеуі деп түсіндірген.
Скрыть