Дәрістер топтамасы
Құдси хадисте: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал, (ораза) Мен үшін. Оның сауабын Мен беремін...», – деп Алла Тағала баяндайды. Бұл имам Бұхари мен Муслимде келген хадис. Ораза рия (көзбояушылық) араласпайтын құлшылық. Имам Құртуби: «Құлшылықтардағы ниетке көзбояушылық кіре алады. Ал, оразаны Алладан басқа ешкім көрмейді. Сондықтан Алла Тағала Құдси хадисте: «Пендем мен үшін (оразада) құмарлығын тыяды» деп айтқан. Демек, оразада ықылас пен ниетке көзбояушылық кіре алмайды. Міне, бұл исхан дәрежесі. Ораза бізге ықыласпен құлшылық етуді үйретеді.
Скрыть