Дәрістер топтамасы
4 мам. 2021
2 010
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
20-бөлім: Намазы жоқтың оразасы қабыл ма?
Ораза әр адамның жеке құлшылығы. Намаз оқымасаңыз да ораза ұстап, ауыз бекітуіңізге болады. Намаз оқымайтын кісі, рамазан айында ораза ұстаса, ұстаған оразасының сауабын алады. Жаратушыға бір табан жақындаған адамды «намаз оқымасаң, ораза ұстама» деп кеудесінен итеруге ешкімнің қақысы жоқ. Қайта ораза ұстаған жанға «Оразаң қабыл болсын!» деп демеп, иман жолына келуіне ақыл-санамен, байыппен шақыру нағыз мұсылманның міндеті. Алайда, намаз оқымай жүргені үшін де үлкен күнәға батады. Өйткені, намаз мұсылмандығымыздың белгісі.
Скрыть