ҚАЗІРГІ ЗАМАН СЫНАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:40
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:55 06:11 11:40 15:18 17:02 18:17
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Джумада-авваль 1448
Миләди
22 қазан 2026

Мақалалар

ҚАЗІРГІ ЗАМАН СЫНАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

– | A | +

Отбасы – адамзат қоғамының ең көне әрі ең маңызды институттарының бірі. Адам дүниеге келген сәттен бастап мейірімді, қамқорлықты, жауапкершілік пен сыйластықты ең алдымен отбасынан үйренеді. Ұрпақ тәрбиесі де, ұлттық құндылықтардың жалғасуы да отбасынан басталады. Сондықтан отбасының беріктігі – бір шаңырақтың ғана емес, тұтас қоғамның тұрақтылығының кепілі деуге болады. 

Қазақ халқы отбасының тұтастығын ежелден жоғары бағалаған. «Отан – отбасынан басталады», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздердің астарында үлкен мән жатыр. Отбасындағы қарымқатынас қандай болса, одан өсіп шыққан ұрпақтың мінезі мен дүниетанымы да соған қарай қалыптасады.

Алайда заман өзгерген сайын отбасының алдында тұрған сынақтар да өзгеріп келеді. Бүгінде мәселе тек баспана, тұрмыс немесе материалдық қиындықпен шектелмейді. Ақпараттың шамадан тыс көптігі, әлеуметтік желінің ықпалы, уақыт тапшылығы, тұтынушылық көзқарас, ерлі-зайыптылар арасындағы байланыстың әлсіреуі, жауапкершіліктен қашу секілді құбылыстар отбасының ішкі ахуалына әсер етіп отыр. 

Бір шаңырақ астындағы «жаттану» (цифрлық дәуірдің сынағы) 

Қазіргі технология адам өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Бірнеше секунд ішінде алыстағы адаммен хабарласып, қажетті ақпаратты тауып, жұмыс істеп, білім алуға мүмкіндік бар. Алайда кез келген мүмкіндіктің дұрыс пайдаланылмаса, кері әсері де болуы ықтимал. Бүгінде бір дастарқан басында отырған отбасы мүшелерінің әрқайсысы телефонына үңіліп отыруы таңсық емес. Әке жаңалық қарап, ана әлеуметтік желіде отырып, бала ойын немесе бейнеролик көреді. Барлығы бір үйде, тіпті бір бөлмеде отыр. Бірақ әрқайсысы – бөлек әлемде.

Мәселе телефон мен технологияның өзінде емес, мәселе – оның ең жақын адамдарымызға тиесілі уақыт пен назарды иемдене бастауында. Жұбайы әңгімесін айтып отырғанда телефонға қайта-қайта қарау, баланың сұрағына экраннан көз алмай жауап беру ұсақ нәрсе секілді көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдай күн сайын қайталана берсе, адамның ішінде «мені тыңдамайды», «маған көңіл бөлмейді» деген сезім пайда болады. Уақыт өте келе бұл сезім ренішке, ал реніш арадағы салқындыққа ұласуы мүмкін. Жақсы қарым-қатынас тек материалдық жағдай жасаумен шектелмейді. Жұбайына уақыт бөлу, сөзін тыңдау, көңіл күйіне назар аудару, жақсы сөз айту да – көркем қарым-қатынастың көрінісі.

Отбасындағы жақындықтың қарапайым әрі маңызды жолдарының бірі – бір-бірін тыңдай білу. Тыңдау адамның сөзін үнсіз естіп отыру ғана емес. Сол сәтте басқа дүниелерден назарды бөліп, оның не айтқысы келгенін түсінуге тырысу. Кейде жұбайымызға дайын шешім ұсынудан немесе ақыл айтудан бұрын, оның сөзін асықпай тыңдап алған әлдеқайда маңызды. 

Сенім дағдарысы – отбасы беріктігіне төнген қауіп 

Отбасының берік болуы ерлі-зайыптылар арасындағы сенімге тікелей байланысты. Адам шаңырақ көтергенде өмірін, болашағын, қуанышы мен қиындығын басқа бір адаммен байланыстырады. Сондықтан сенім – жақсы қарым-қатынастың бір ғана бөлігі емес, ерлізайыптылардың арасындағы жақындықты сақтайтын негізгі тіректердің бірі. Әсіресе әйел адам жанында арқа сүйей алатын, сөзіне сенетін адамның болғанын қалайды. Сенім сезімді қорғайтын қорған іспетті. Сол қорған бұзылса, арадағы сезімге де салқындық енуі мүмкін. Ал бір жоғалған сенімді қайта қалпына келтіру оңай емес.

Қазіргі заманда сенімге қатысты сынақтардың да жаңа түрлері пайда болды. Әлеуметтік желідегі жасырын хат алмасу, телефонды жұбайынан үнемі жасыру, бөтен адаммен шектен тыс жақын араласу немесе айтылуы тиіс нәрсені әдейі жасырып қалу «үлкен іс емес» болып көрінуі мүмкін. Бірақ отбасының беріктігін кейде бір үлкен оқиға емес, күн сайын қайталанатын осындай ұсақ әрекеттер әлсіретеді.

Отбасы – ең үлкен аманаттардың бірі. Жұбайыңның саған деген сенімі де аманат. Сондықтан сенім үлкен сөздермен емес, күнделікті әрекетпен қалыптасады. Уәдеде тұру, шындықты айту, сыр сақтау, қиын жағдайда жанынан табылу, сөзі мен ісінің бір жерден шығуы – осының бәрі сенімді күшейтеді. 

Материалдық бәсеке және тұтынушылық психология 

Қазіргі отбасыларға әсер етіп отырған үлкен сынақтардың бірі – материалдық бәсеке. Бұрын адам көбіне айналасындағы санаулы отбасының тұрмысын көрсе, бүгінде әлеуметтік желі арқылы күн сайын жүздеген адамның өмірін бақылайды. Біреу жаңа үй алды, біреу қымбат көлік мінді, енді бірі шетелде демалып жүр. Осындай көріністер адамның өзіндегі нығметті бағалауына емес, өзінде жоқ дүниеге көбірек назар аударуына себеп болуы мүмкін.

Соның салдарынан «Неге бізде жоқ?», «Неге басқалар сияқты өмір сүрмейміз?» деген салыстыру отбасылық қарым-қатынасқа ене бастайды. Материалдық мүмкіндік бірте-бірте адамның қадірін өлшейтін өлшемге айналса, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен қанағатқа сызат түседі.

Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Расында, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» («Ағраф» сүресі, 31-аят), – делінген. Қаржы мәселесі ерлі-зайыптылардың арасын ажырататын себепке емес, ортақ жауапкершілікке айналуы тиіс. Отбасының мүмкіндігін ескеріп шығындану, қажетсіз қарызға кірмеу, үлкен сатып алуларды ақылдасып шешу, табыс пен шығынға байыппен қарау – отбасылық тұрақтылықтың бір бөлігі.

Әрине, отбасының жағдайын жақсартуға, жақсы үйде тұруға, сапалы білім алуға, саяхаттауға ұмтылудың еш айыбы жоқ. Мәселе – дүниенің адамның қолында болуы мен жүрегін билеп алуының айырмасында. Ақша отбасыға қызмет етуі керек, отбасы ақшаға қызмет етпеуі керек. Материалдық молшылық шаңыраққа жайлылық сыйлауы мүмкін, ал оның берекесін сақтайтын – қанағат пен өзара түсіністік. 

Әлеуметтік желідегі «мінсіз отбасы» иллюзиясы 

ХХІ ғасыр адамға өз өмірін өзгелердің өмірімен салыстыруға бұрын-соңды болмаған мүмкіндік берді. сәтте біреудің Әлеуметтік жаңа желіні баспанасын, ашқан қымбат көлігін, шетелдегі демалысын, жарының сыйла-ған гүлін немесе балаларының жетістігін көреміз. Көз алдымыздан үнемі әдемі әрі бақытты отбасылардың бейнесі өтеді. Бірақ әлеуметтік желіде көбіне өмірдің өзі емес, оның көрсетуге лайық деп таңдалған бөлігі жарияланады. Біз өз отбасымыздың қуанышы мен қиын- дығын, күнделікті тіршілігін толық білеміз, ал өзгенің өмірінен бірнеше әдемі сәтті ғана көреміз. Осы екеуін салыстыру адамды қанағатсыздыққа жетелеуі мүмкін.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниелік мәселеде өздеріңнен төмен тұр- ғандарға қараңдар, өздеріңнен жоғары тұрғандарға қарамаңдар. Осылай істеу – Алланың сіздерге берген нығметтерін (жақсылықтарын) кем көрмеулеріңіз үшін ең дұрыс жол», – деген (Мүслим). Бұл хадис адамды дамудан бас тартуға шақырмайды. Керісінше, өзгенің жетістігін көргенде қызғаныш пен қанағатсыздыққа бой алдырмай, өзіне берілген нығметтің қадірін ұмытпауға үндейді.

Қазақ «Бақыт – қолға қонған құс, бағалай білсең қонады» дейді. Отбасылық бақыттың өлшемі өзгелердің бағасы мен әлеуметтік желідегі көрініс емес. Кейде көпшілікке көрсетілмеген қарапайым дастарқан, атаанамен өткізген уақыт, жұбайыңның жылы сөзі мен баланың күлкісі адамның ең үлкен бақыты болуы мүмкін.

Сондықтан цифрлық дәуірде отбасыға әлеуметтік желіні қолдану мәдениетімен бірге салыстырудан сақтану мәдениеті де қажет. Өзгенің өміріне қарап өз шаңырағымыздың қадірін түсірмеуіміз керек. Бақытты отбасы әлеуметтік желіде бақытты болып көрінетін отбасы емес. Бақытты отбасы – өзгенің өміріне алаңдамай, өз шаңырағындағы нығметтің қадірін білетін отбасы.

Нұрсұлтан АҚЖОЛ

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі

«Иман» журналы, №10, 2026 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНДЕ - ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨРІНІС ТАБУЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Пайым-парасат БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚАТЕЛІК
Бала – ата-ананың аманаты, отбасының қуанышы, қоғамның болашағы. Әрбір ата-ана баласының тәрбиелі, білімді, иманды болып өсуін қалайды. Алайда кейде жақсы ниетпен жасалған әрекеттердің өзі тәрбиеде үлкен қателіктерге алып келуі мүмкін. Бала тәрбиесіндегі ең үлкен қателіктің бірі – балаға жеткілікті ...
Пайым-парасат МЕШІТ ІШІНДЕГІ МЕШІТТІ ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫРДЫҚ 
Ділмұрат ПІРМҰХАММЕДҰЛЫ, танымал кәсіпкер: Кейде бір адамның бір ауыз сөзі немесе ізгі амалы айналасындағы жандардың өмірін өзгертіп, тағдырына әсер етіп жатады. Сондай жанның бірі Пірмұхаммед қажы еді. Оның салып кеткен мешіті әлі күнге дейін үш буынның жүрегін ізгілікке біріктіріп келеді. Пірмұ...
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Пайым-парасат ЕКІ ТҮРЛІ СТАНДАРТ
Алты жасар бала түнде ата-анасымен кино көріп отыр. Ең әуелі, мұның өзі өрескел қателік. Бірақ, айтпағым басқа жайт. Кенет анасы: «Тұр, төсегіңе жат. Бұл үлкендер көретін кино», - дейді. Немесе кино барысында, «көзіңді жұм, қарама, ұят болады» дейді. Көруге болмайды деп өздері емін-еркін тамашалауда...
Пайым-парасат САБЫР МЕН СЕНІМ - РУХАНИ ИММУНИТЕТ
Адам баласы өмірінде түрлі ситуацияларға, жағымды не жағымсыз жайттарға тап боп жатады. Алайда ол сынақтармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін оның бойындағы сабыр мен сенім көрсеткішіне жіті мән берген жөн. Өйткені бұл екеуі – адамға кезігетін рухани дерттердің, өмірлік жантүршігерлік жайттардың алд...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Джумада-авваль 1448
Миләди
22 қазан 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:40

Екінтіге дейін 01:09

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi