ҚАНАҒАТ - БАЙЛЫҚТЫҢ КІЛТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:55 05:14 11:55 16:33 18:29 19:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1448
Миләди
02 қыркүйек 2026

Мақалалар

ҚАНАҒАТ - БАЙЛЫҚТЫҢ КІЛТІ

| A | +

Қанағатшыл адам ғұмырда көп жақсылық көреді. Көптеген жаманшылықтан құтылады. Қанағат аса құнды қасиет. Кейде сырттай бақылағанда кедей қанағатшыл көрінеді. Сол секілді, тұрмыс-тіршілігі тәуір дәулетті адамды мал-дүниесін шашып жүрген ысырапшыл деп ойлаймыз. Бірақ бұл жансақ ой болуы әбден мүмкін. Өйткені, барлық кедей қанағатшыл, ал бай біткеннің бәрі ашкөз емес. Демек, қарапайым тұрмыс кісінің қанағатшыл немесе ысырапшыл екенін білдірмейді. Себебі қанағат жүректе. Көңілі тоқ, шүкіршілігі мол адам ғана қолындағы барына қанағат ете алады.

Хакім Абай да адам бойындағы асыл және жаман қасиеттер жайлы өз өлеңінде:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол –

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз[1],- деген екен. Әсілі, қанағат дегеніміз не? Қанағат – адам баласынан дәметпеу. Тек Алла Тағаладан ғана тілеу. Құдайдың берген несібесін менсінбей, біреудің меншігіндегі дүниені жан-тәнімен қалаудан артық арсыздық болмас, сірә. Сонымен қатар, қалай болса да дүние табамын деп ашкөздікпен адал мен арамды ажыратпай табыс табу да қанағатсыздық. Ашкөздік арам табысқа, жемқорлыққа жетелейді. Мұның барлығы да қанағатсыздық салдарынан келіп туындайтын рухани дерт түрлері.

Тұрмысымды түзеймін деп қанағатсыздығын ақтауға тырысады. Ақыры тапқаны дүние емес, жаман мінез болмақ. Тойымсыз нәпсінің дүниеқұмарлығы жайлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 إِنَّا أَنْزَلْنَا الْمَالَ لإِقَامِ الصَّلاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَلَوْ كَانَ لابْنِ آدَمَ وَادٍ أَحَبَّ أَنْ يَكُونَ لَهُ ثَانٍ , وَلَوْ كَانَ لَهُ ثَانٍ أَحَبَّ أَنْ يَكُونَ لَهُ ثَالِثٌ وَلا يَمْلأُ فَمَ ابْنِ آدَمَ إِلا التُّرَابُ وَيَتُوبُ اللَّهُ عَلَى مَنْ تَابَ

«(Алла Тағала): Шын мәнінде Біз мал-дүниені намаз оқу және зекет беру үшін түсірдік. Адам баласының бір сай алтыны болса, әлбетте екі сай алтын қалап тұрады. Ал, екі сай алтыны болса, екеуіне қоса үшіншісін қалайды. Адам баласының аузын тек топырақ қана толтыра алады. Алла Тағала тәубе еткенді кешіреді[2]»,-деген екен.

Міне, риуаятта жүгенсіз нәпсінің табиғаты бейнеленген. Нәпсі қанағат дегенді білмейді. Ол ашкөз һәм тойымсыз келеді. Демек, нәпсіні қанағатқа тәрбиелеу керек. Өйткені, тойымсыз таудай алтынды да місе тұтпайды. Мал-дүние мұсылманның ізгілік жасауына септігі тиетін құрал болуы тиіс. Ал, ашкөз дүниені құлшылық ету үшін пайдаланбайды. Керісінше, сол дүниеге табына бастайды.

Жабир (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ей, адамдар! (ризық-несібені) табуда көркем әрекетте болыңдар! Өйткені пенде өзіне тиесілі жазылғанды ғана алады. Пенде сыбағасы тап алдына келмейінше пәни жалғаннан кетпейді[3]»,- деген екен. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөзі ашкөздік және қанағатсыздық секілді дерттен емдейді. Құдай Тағала несібесіз қалдырмайтындығына шын сенген адамның бойына қанағат жайласа бастаса керек. Әрине, көкте қалықтаған құстан бастап, топырақ астындағы құртқа дейін барлық жанға қорек берген Раззақ жұмыр басты пендені қалайша азықсыз қалдырсын?!

Қанағатсыздыққа сеп болатын тағы бір жайт - ысырапшылдық. Ысырапшылдық – қанағаттың қас жауы. Ол суға тоймайтын құм сияқты. Мұның шешімі – үнемшілдік. Ибн Масуд (р.а.):

ما عال مَنْ اقْتَصَدَ

«Үнемшілдік еткен жоқшылық көрмейді[4]»,-деген хадисті риуаят етеді. Тапқанын оңды-сол шашпай, байыппен жұмсай білгеннің қолындағы қаражатқа береке кіреді. Байһақи хадис жинағында: «Үш құтқаратын амал бар. Ол: ашық және құпия түрде де Алладан қорқу. Молшылық пен жоқшылықта да үнемшіл болу. Ризашылық пен ашу үстінде де әділ болу»,-деген риуаят жазылған.

Имам Ғазали (р.а.) еңбегінде: «Мұса (ғ.с.): Сенің қай құлың ең бай? »,-деп сұрайды Раббысынан. Алла Тағала: «Менің бергеніме ең қанағатшылы»,-дейді. «Құлдарыңның ең әділі кім?»,-деп сұрағанда Алла Тағала: «Әуелі өзіне әділ болғаны[5]»,-деген екен. Байлық дүниенің көптігінде емес. Байлық жүректегі қанағатта. Қанағатшыл ашкөзден қарағанда құлшылыққа едәуір жақын. Оның бойындағы қанағат шүкіршілік тудырады. Ал, шүкір етуші Раббысының бұйрығын бұлжытпай орындауға әзір тұрады.

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді:

كُنْ وَرِعًا تَكُنْ أعبدَ النَّاسِ, و كُنْ قَنِعًا تَكُنْ أشكرَ النَّاسِ و أحِبَّ للنَّاسِ ما تُحِبُّ لِنَفْسَكَ تَكُنْ مُؤْمِنًا.

 «Тақуа бол, сонда адамдардың ең ғибадатшылы боласың. Қанағатшыл бол, адамдардың ең шүкіршілі боласың. Өзіңе құп көргенді адамдарға да тіле, сонда мүмин боласың[6]»,- деген екен. Шынайы шүкіршілік ризық-нығметке берекет береді. Ал, шүкіршілікке қол жеткізу үшін қанағатшыл болу қажет-ақ. Хазреті Омар (р.а.): «Расында дәмету – кедейлік, ал адамдарға қол созбау – байлық. Кімде-кім жұрттың қолындағы дүниеден дәметпесе, қол жаймайды»,-деген екен. Данышпандар: «Байлық не? »,-деген сұраққа: «Сенің аз армандауың және өзіңе жететін нәрсеге риза болуың»,-деп айтқан екен. Талха бин Убайдулла (р.а.):

مَنِ اقْتَصَدَ أَغْنَاهُ اللهُ, و مَنْ بَذَّرَ أفْقَرَهُ اللهُ, و مَنْ ذَكَرَ اللهَ عَزَّ و جَلَّ أّحبَّهُ اللهُ.

«Үнемдей білгенді Алла Тағала бай етеді. Ысырапшыл болғанды Алла Тағала кедей етеді. Ал, Алла Тағаланы зікір еткенді Алла жақсы көреді[7]»,-деген хадисті риуаят еткен. Демек, бай боламын деген жан үнемдеуді үйренуі керек. Ал, кедейліктен сақтанған адам ысырапшыл болмауы тиіс. Барлығынан ең жақсысы Құдайдың сүйікті құлдарының қатарынан табылу үшін үнемі Алла Тағаланы зікір етіп жүру қажет.

Қанағат кісіні қадірлі де абыройлы етеді. Ал, ашкөздік кісінің беделін түсіріп, абыройдан айырады. Хазреті Әлидің (р.а.):

اسْتَغْنِ عَمَّنْ شِئْتَ تَكُنْ نَظِيرَهُ, و احْتَجَّ إِلَى مَنْ شِئْتَ تَكُنْ أَسِيرَهُ, و أَحْسِنْ إِلى مَنْ شِئْتَ تَكُنْ أمِيرَهُ

«Қалаған кісіге тәуелсіз бол, сен оның теңісің. Қалаған кісіге мұқтаж бол, сен оның тұтқынысың. Қалаған кісіге жақсылық жаса, сен оның әміршісің»,-деген екен.

Ия, адам өзі таңдау жасайды. Терезем тең араласамын десеңіз, адам баласына қарыздар болмаңыз. Ал, барға қанағат етпей ашкөздікпен дәметкен жан кісінің тұтқынына айналады. Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте:

 يَا بْنَ آدَمَ ، عِنْدَكَ مَا يَكْفِيكَ وَأَنْتَ تَطْلُبُ مَا يُطْغِيكَ ، يَا بْنَ آدَمَ لا بِقَلِيلٍ تَقْنَعُ وَلا بِكَثِيرٍ تَشْبَعُ ، يَا بْنَ آدَمَ إِذَا أَصْبَحْتَ مُعَافًى فِي جَسَدِكَ ، آمِنًا فِي سِرْبِكَ ، عِنْدَكَ قُوتُ يَوْمِكَ فَعَلَى الدُّنْيَا الْعَفَاءُ

«Ей, адам баласы! Сенде өзіңе жететін (дүние) бар. Ал, сен өзіңді шектен шығаратынын сұраудасың. Адам баласы! Сен азға қанағат етпейсің, көпке тоймайсың. Адам баласы! Тәні сау, жаның тыныш болып таң аттырсаң, жаныңда күніңе жететін азығың болса, бұл дүниені қайтпексің»,-деген.

Бұл хадис құдсиде адам баласының болмысы және оның психологиясы айтылуда. Адамның ризық-несібесі жарық дүниеге келмей тұрып, ана құрсағында-ақ тағдырына жазылып қойған.

Ойымды, ғұлама Хамид Лаффаф (р.а.) қанағат жайлы: «Біз төрт нәрсені төрт нәрседен іздеп едік. Алайда, қателескен екенбіз. Іздегенімізді басқа төрт нәрседен таптық. Мал-дүниені байлықтан іздеп едік, бірақ қанағаттан таптық. Рақатты молшылықтан іздеп едік, бірақ дүниенің аздығынан таптық. Ләззатты нығметтен іздеген едік, бірақ денсаулықтан таптық. Ризық-несібені жерден іздеген едік, бірақ аспаннан таптық»,-деген сөзімен тәмамдағым келеді. Расында, қанағат – байлық. Бойына қанағат мінезі біткен адамнан артық бай адам болмас. Мұндай жан барға қанағат етіп, жоқтың соңынан қумайды. Уаһб бин Мунаббиһ әл-Йамани (р.а.): «Тауратта: Ашкөз адам – кедей, дүниенің патшасы болса да. Аллаға бойұсынушыға басқалар бағынады, ол құл болса да. Қанағатшыл – бай, тіпті аш болса да»,-деп жазылған[8]»,-деген екен. Ендеше, Пайғамбарымыздың (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай өмір сүргісі келген бауырым қанағатқа қатысты даналықтарға жүрегіңнен жай берерсің деп үміт етеміз.

 

 

Руслан ҚАМБАР

Таугүл мешітінің бас имамы

 

[1] Абай, Алматы «Жазушы» 1986ж., 1-том, өлеңдер мен поэмалар, 41-бет

[2] Ахмад, Байһақи

[3] Хаким

[4] Ахмад, Табарани

[5] Ихияу улум әд-дин

[6] Ибн Мажа

[7] Ихия улум әд дин, 3-том, 2079-бет

[8] Ибн Хажар Асқалани, «Мунаббихат»

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КИІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖАТ АҒЫМНАН ЖАТ ЖҮР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ХАДИСІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Адам баласына білімнің берілуі – үлкен жауапкершілік. Себебі білім тек білу үшін емес, өмірде қолдану үшін беріледі. Адам қандай да бір ақиқатты танығаннан кейін оны өз өміріне енгізуге, мінез-құлқына, қарым-қатынасына, іс-әрекетіне әсер етуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, хадистегі жаңбыр бейнесі – А...
Қоғам АДАЛ ҺӘМ БЕЛСЕНДІ ЕҢБЕК ЕТУ - ИСЛАМДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ
Еңбек – адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі. Ислам діні адамды жалқаулыққа емес, ізденуге, адал кәсіп етуге, өзіне және өзгеге пайда келтіруге үндейді. Адамның адал жолмен тапқан наны, маңдай терімен келген табысы – үлкен береке. Сондықтан адал һәм белсенді еңбек ету тек материалдық қажеттілікті...
Исламдағы қаржы мәселесі АДАЛ ТАБЫС - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі – адал еңбекпен табылған ризық. Маңдай термен келген нанның дәмі де, қадірі де бөлек. Өйткені адал табыс – адамның тек материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жүрегіне тыныштық, отбасына береке, қоғамға сенім әкелетін үлкен құндылық. ...
Қоғам ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ислам құндылықтары мен цифрлық дәуір
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР СӨЙЛЕЙДІ (ЖЕЛЕУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ)
Жерлеу рәсімдері – халықтың дүниетанымы мен рухани мәдениетін бейнелейтін маңызды этномәдени құбылыс. Қазақ халқының жерлеу дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен ислам дінінің қағидаларының өзара ықпалы нәтижесінде дамыды....
Қоғам ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?
Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Психология ТЕЛЕПАТИЯ ТУРАЛЫ ДІНІМІЗ НЕ ДЕЙДІ?
Телепатия дегенде адамның өз ойы мен сезімдерін басқа адамға сезім мүшелері мен физикалық ортаның қатысынсыз жеткізу қабілеті түсініледі. Мысалы, алдағы уақытта болуы мүмкін оқиғаларды алдын-ала сезіп-білу, бір адамның басқа біреумен немесе егіздердің телепатикалық байланысы және басқа да метафизика...
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Психология БАЛАҒА КҮНДЕ АЙТЫЛУЫ ТИІС 9 СИҚЫРЛЫ СӨЗ
Әрбір қолданған сөйлеміміз бен сөйлеген сөзіміздің балаларымызға қалай әсер етіп, дүниетанымына қандай іздер қалдыратынын өте сирек ойлаймыз. Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Сол себепті баланың күнде естіп тұруы тиіс сөздерді...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1448
Миләди
02 қыркүйек 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:49

Бамдатқа дейін 01:36

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi