ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:25
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:10 05:27 11:51 16:16 18:08 19:25
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Раби-сани 1448
Миләди
14 қыркүйек 2026

Мақалалар

ДОМБЫРА ШЕРТУ ХАРАМ БА?

| A | +

Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір дін ұстанған қауым арасында қазақтың ұлттық аспабын шариғатқа қайшы дейтін сөздер айтылып қалып жатады. «Адам білмегеніне дұшпан» демекші, әдетте мұндай жаңсақ ой домбыра жайлы хабары жоқ жаннан туады. Ендеше, ойын-сауық және музыка жайлы шариғатымызда айтылған бірқатар деректерге назар аударайық. Музыка мен әуенге қатысты риуаят көп. Ең кең тараған деректерге талдау жасап көрейік.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) бір ансар қызды ұзатады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ей, Айша! Ойын-сауық (музыка) болды ма? Ансарлар ойын-сауықты жақсы көреді» деген екен (Имам Бұхари). Табиғин Амир ибн Сағд былай әңгімелейді: «Құрада ибн Кағб және Әбу Масғұд Ансари тойда отырғанда кірдім. Сол жерде ән айтылып жатқан. Мен: «Уа, Алла елшісінің қос сахабасы! Бәдір шайқасының батырлары! Сіздер отырған жерде осылай жасалады ма?!» дедім. Екеуі: «Қаласаң отыр, бізбен бірге тыңда. Қаласаң, кет. Бізге тойда ойын-сауық етуге рұқсат етілген» деп жауап берді» (Имам Насаи).

Келесі бір риуаятта: «Некеде адал мен арам арасын дағыра мен дауыс ажыратады» делінген (Тирмизи, Ибн Мажа, Насаи). Бұл хадистегі дағыра музыкалық аспап, ал дауыс ән-күй. Табиғин Нафиғ ұстазы, сахаба Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) хақында былай әңгімелейді: «Ибн Омар сырнайдың үнін естігенде екі құлағына саусағын тығып, көлігін басқа бағытқа бұрды да: «Ей, Нафиғ! Естіп тұрсың ба?» – деді. Мен: «Иә» дедім. Осылай жүріп кете бердік. Сосын: «Жоқ, естілмейді» дегенімде құлағынан қолын алып: «Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болғанымда осындай үнді естігенде осылай еткен еді» дейді (Ахмед, Әбу Дауд, Ибн Мажа). Ал хафиз Ибн Хазм кітабында Мұхаммед ибн Сирин дерегінде Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) саз тартатын күң әйелдің әуенін естігендігі жайлы риуаят етіледі. Жоғарыдағы риуаят легін салыстыратын болса, әуенді түбегейлі тыйым салынған деп айтуға келмейді.

Ұқба ибн Амир (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Ер кісінің садақ ату, ат баптау және әйелімен уақыт өткізуінен басқа әрбір нәрсе бос, жалған» делінген.(Ахмед, Тирмизи, Ибн Мажа). Осы хадистегі «жалған» сөзіне сүйеніп, әуенді және музыканы харам дейтіндер бар. Алайда хадистегі «жалған» сөзінің мағынасын ғалымдар «пайдасы жоқ» деп түсіндірген. Соған сүйене отырып, зиянды болмаған және міндетті іске кедергі болмайтын әрбір (спорт, музыка және т.б.) сауық түрі – мубах, яғни ерікті іс түріне жатады деген.

Сахаба Әбу Дардә (Алла оған разы болсын): «Мен ақиқатқа көмек беретін жалған (бос, ешбір зияны жоқ іс-әрекет) бір нәрсемен жанымды тынықтырамын», – дейді екен. Сахабаның «жалған» деп тұрғаны ниетке жараса үкімі өзгеретін жайт. Ойы мен мақсаты жымысқы болса күнәға айналады. Ниеті түзу, ойы таза болса ізгілік болатын іс.

Музыка және әуенге қатысты риуаяттарға талдау жасаған хадисші ғалым Ибн Хазм: «Кісі әуен тыңдауын күнә іске арқау етсе – пасықтық. Әуеннен басқа істе де дәл осылай. Ал (музыка, әуен тыңдаумен) жанын тыныштандырып, құлшылыққа қуат алмақ боп, онымен ізгілікке өзін жігерлендіру болса – ол ізгі адам. Әрі оның бұл әрекеті жақсылық болмақ. Ал енді (музыка тыңдаумен) құлшылықты мақсат етпесе, сондай-ақ күнәні де ниет етпесе, оның бұл әрекеті шариғат кешіретін бос әрекет болмақ. Бұл адамның бау-бақшада серуендеуі, есік алдында демалып отыруы сияқты жай іс-қимылы сияқты болмақ», – деген (Мухаллә 9/60).

«Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар...» деген хәкім Абайдың сөзі музыка мен әуенге берілген өлшем іспетті.

Десе де шариғат атынан сөйлемес бұрын мына жайтты ескеріп жүрсек игі. Имам Шафиғи «Әл-Үмм» еңбегінде былай жазады: Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуф: «Білім иелері болған біздің шейхтардың көзін көрдім. Олар Алланың кітабында ашық және ешбір тәпсірсіз болған мәселеден басқа бұл адал, бұл харам деп пәтуа беруді жақтырмайтын».

Ал Әбу Сәғләбә Хушәни (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында Алла Тағала парыздарды бұйырды, салғырттық етпеңдер. Жазаларды бекітті, шектен шықпаңдар. Тиымдар жасады, одан өтпеңдер. Ал кейбір нәрселер жайлы үндемеді, ұмытқандықтан емес сендерге деген мейірімнен, оны қазбаламаңдар» делінген (Дарақұтни).

Міне, бұл хадис асыл дініміздің болмысын көрсетеді. Бұл жерде Ислам шариғаты толығымен қамтылған. Ислам шариғатының негіздері мен тармақтарына қатысты басты ереже осы хадисте айтылуда.

Исламдағы үлкен ғалымның бірі Имам Шәфиғи: «Өлең ол бір сөз. Сондықтан оның жақсысы жақсы, жаманы жаман», – деген. Имам Әбду әл-Ғани ән-Нәбулуси әл-Ханафи: «Музыкалық аспаптардан шығатын дыбыс харам емес. Өйткені құстардың сайрағаны да әуен. Ғалымдардың бір ауызды келісімімен құстың әуені харам емес. Ал егер ол бекершілік, харам нәрселермен араласса сол уақытта тыйым салынады», – деген.

Ислам ғұламаларының пікірі бойынша, ізгілікті насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал адамға жаман ой тастайтын, мысалы арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған.

Ғұлама Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің кітабында: «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі әуенге байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін әуендерге байланысты болса керек» (әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет) деп жазады. Ірі ғалым Иззуддин Ибн Абдуссаламнан музыкалық аспаптардың үкімі жайында пәтуа сұрағанда ол кісі: «Бұл – мубах)», – деп жауап берген. Мубах деген сөз орындаса да, орындамаса да сауап не күнә жоқ деген мағынаны білдіреді.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Жырауларымыз ел басына күн туған шақта батырларымызды жігерлендіру мақсатында қара домбыраны қолға алып, жыр айтып, Отанды қорғауға үндеген. Бұл жырлар жауангерлерімізге рух берген.

«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!» деп Қадыр Мырза-Әлі ақын айтқандай, домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас, құнды қазына, ұлттық рухымыз.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

Мұнара газеті 

 

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АШУРА КҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМНАН ЖАТ ЖҮР
Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырғандықтан, қоғамдағы діни тұрақтылық пен рухани келісімді сақтау мемлекеттік маңызы бар мәселелердің қатарына жатады. Осы тұрғыдан алғанда, «жат ағымнан жат жүру» қағидасы тек діни ұстаным ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпс...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ХАДИСІНЕН ТАҒЫЛЫМ
Адам баласына білімнің берілуі – үлкен жауапкершілік. Себебі білім тек білу үшін емес, өмірде қолдану үшін беріледі. Адам қандай да бір ақиқатты танығаннан кейін оны өз өміріне енгізуге, мінез-құлқына, қарым-қатынасына, іс-әрекетіне әсер етуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, хадистегі жаңбыр бейнесі – А...
Қоғам АДАЛ ҺӘМ БЕЛСЕНДІ ЕҢБЕК ЕТУ - ИСЛАМДАҒЫ ІЗГІ ҚАСИЕТ
Еңбек – адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі. Ислам діні адамды жалқаулыққа емес, ізденуге, адал кәсіп етуге, өзіне және өзгеге пайда келтіруге үндейді. Адамның адал жолмен тапқан наны, маңдай терімен келген табысы – үлкен береке. Сондықтан адал һәм белсенді еңбек ету тек материалдық қажеттілікті...
Исламдағы қаржы мәселесі АДАЛ ТАБЫС - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Адам өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі – адал еңбекпен табылған ризық. Маңдай термен келген нанның дәмі де, қадірі де бөлек. Өйткені адал табыс – адамның тек материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жүрегіне тыныштық, отбасына береке, қоғамға сенім әкелетін үлкен құндылық. ...
Қоғам ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ислам құндылықтары мен цифрлық дәуір
Дін мен дәстүр ДӘСТҮР СӨЙЛЕЙДІ (ЖЕЛЕУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ)
Жерлеу рәсімдері – халықтың дүниетанымы мен рухани мәдениетін бейнелейтін маңызды этномәдени құбылыс. Қазақ халқының жерлеу дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен ислам дінінің қағидаларының өзара ықпалы нәтижесінде дамыды....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам АДАЛ ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасы мен сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!...
Қоғам МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МІНДЕТІ
Рәміздердің тарихы мен мәнін білу, оларды құрмет тұту — әрбір қазақстандықтың борышы. Әр рәміздің артында үлкен тарих, зор мағына жатыр. Мемлекеттік рәміздер — сол елдің өмір салтын, бүкіл болмыс, ерекшелігін, мақсат-мұраты мен арман-тілегін білдіретін белгі....
Қоғам КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҮШ ҚАСИЕТ
Исламдағы көшбасшылық ұғымы тек билікке ие болу деген мағынаны білдірмейді. Көшбасшылық – Алла мен адамдар алдындағы үлкен жауапкершілік. Зайырлы түсініктерде көшбасшы басқарушы ретінде қарастырылса, Исламда ол ең әуелі халыққа қызмет етуші, әділдік, адалдық, тақуалық және мейірімділік қағидаларын ұ...
Қоғам КІТАП – ДАНАЛЫҚ БАСПАЛДАҒЫ
Адам баласы – Алла Тағаланың махаббатпен әрі көркем бейнеде жаратқан жаратылысы. Егер әрбір адам өзін жоқтан бар етіп жаратқан Иесін танимын десе, алдымен өзінің жаратылысына жақсылап мән берсе жеткілікті. Адамның періштелерден ерекшелігі: тәні мен нәпсі қалауы, өмірде таңдау еркі бар, ал хайуаннан ...
Қоғам ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Қоғам ОТАНДЫ СҮЮ -ИМАННАН
Адам баласының табиғатындағы ең терең сезімдердің бірі – туған жерге деген махаббат. Отанға деген сүйіспеншілік – адам жүрегінде иманмен бірге орнығатын асыл қасиет. Исламда бұл сезім рухани құндылық ретінде қаралып, мұсылманның міндеттерімен тікелей байланысады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Раби-сани 1448
Миләди
14 қыркүйек 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:25

Бамдатқа дейін 01:22

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi