ЗҰЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 02:26
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:26 04:10 11:54 17:12 19:33 21:17
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Зуль-хиджа 1447
Миләди
08 маусым 2026

Мақалалар

ЗҰЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ

| A | +

Алла Тағала Өзінің пенделеріне мейірім етіп, олардың ізгі амал жасап, сауапқа кенелуіне үшін кейбір күндер мен түндерді өзгелерінен артық етіп бекітті. Сол ерекше берекелі уақыттардың бірі – зұл-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл күндер – мұсылман баласының Раббысының кешіріміне бөленуге ұмтылып, құлшылық пен игі амалдарға ерекше ынта танытуы қажет кезең.

Зұл-хижжа айы – Исламдағы ең қадірлі әрі қасиетті айлардың бірі. Әсіресе, оның алғашқы он күнінде жасалған әрбір ғибадаттың сауабы еселеніп, Алланың алдында дәрежесі жоғары болады. Сондықтан бұл берекелі күндерді бос өткізіп алмай, намаз, ораза, зікір, садақа және басқа да қайырлы амалдарды көбейту – әрбір мұсылман үшін үлкен мүмкіндік әрі сауапқа бастар жол.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресінің алғашқы екі аятында: «Таң шапағына серт. Және (мүбәрак) он түнге серт», – деп айтқан. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) аталмыш аятты: «Бұл аятта зұл-хижжа айының алғашқы он күніне байланысты айтылған», – деп тәпсірлеген. Алла Тағаланың қасиетті Құранда қандай да бір нәрсемен ант етуі – сол нәрсенің маңыздылығын білдіреді. Ендеше бұл аятта зұл-хижжа айының он күнінің ерекшелігі мен артықшылығы айтылып тұр. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағалаға осы (он) күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сонда Алла жолындағы күресу де оған тең келмей ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолында күресу де оған тең келмейді. Тек жанымен әрі малымен күресіп, кері қайтпаған адамның жағдайы бөлек», – деп жауап берді (имам Бұхари).

Төменде осы бағалы әрі санаулы он күнде мұсылман үмбеті атқаратын негізгі амалдарды тарқатып айтуды жөн көрдік.

ҚАЖЫЛЫҚ

Қажылық «әл-хажжу» деп айтылып, тілдік мағынасы – ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту дегенді білдіреді. Терминдік мағынасы: «Шариғат тарапынан белгіленген уақытта арнайы құлшылық рәсімдерін атқару үшін Қағбаны ғана мақсат етіп жолға шығу» дегенді білдіреді.

Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Әли Имран» сүресі, 97-аятында: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы. Ал егер кімде-кім күпірлік етіп, қажылықты жоққа шығарса, біліп қойыңдар, Алла ешкімге мұқтаж емес, керісінше бүкіл ғалам Оған мұқтаж», – деп айтқан.

Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі. Қажылық – зұл-хижжа айының белгілі күндерінде орындалатын әрі белгілі уақытпен шектелген ғибадат түрі. Ол мұсылмандардың бірлігін, теңдігін, бауырластығын көрсететін ұлы құлшылық саналады. Әлемнің түкпіртүкпірінен жиналған мұсылмандар бір киімде, бір ниетпен, Жаратушыға құлшылық жасап, Исламның ұлылығын паш етеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қажылықтың сауабы турасында: «Кімде-кім Алла үшін қажылық жасап, жаман сөз бен әрекеттерден аулақ болса, анасынан туғанда қандай күнәсіз болса, сондай болып күнәларынан арылып қайтады», – деген (имам Бұхари).

АРАПА КҮНІ ОРАЗА ТҰТУ

Арапа – зұл-хижжа айының тоғызыншы күні. Ол – дін кемеліне келіп, нығмет толыққан әрі Алланың құлдарын тозақтан азат ететін ұлы күндердің бірі. Бұл берекелі күні Құрандағы ең ұлы аяттардың бірі түсті. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тәмамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым», – деген («Мәида» сүресі, 6-аят). Сондай-ақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла бір құлын тозақтан азат ететін күндердің ішінде Арапа күнінен артық күн жоқ», – деп айтқан (имам Мүслим).

Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған кісілер Арафат жазығына бір мезет тұрақтайды. Олар арапа күні ораза ұстамайды. Ал қажылыққа бармаған кісі арапа күні ораза ұстауы сауап болмақ. Зұл-хижжаның тоғызыншы, яғни арапа күні ораза тұту – сүннет. Өйткені, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол күні ораза ұстап, сахабаларын ораза тұтуға шақырған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арапа күні ораза ұстау жөнінде былай дейді: «Арапа күнгі ораза арқылы Алла Тағаланың өткен және келер жылғы күнәларды кешіруін үміт етемін» (имам Мүслим).

ТӘКБІР ТАШРИҚ АЙТУ

Зұл-хижжа айының алғашқы он күнінде Алла Тағаланы көбірек ұлықтап, мақтау сөздерін айтып жүру қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді іс жоқ. Ендеше, ол күндері тасбих (субханалла), тахмид (әлхамду лиллә), тәһлил (лә иләһа илләлла), тәкбір (Аллаһу акбар) сөздерін айтуды көбейтіңдер», – деген (имам Ахмад).

Ал тәкбір ташриқ айту – намаз оқу міндет болған әрбір мұсылманға уәжіп. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 203-аятында: «Санаулы күндері Алланы еске алыңдар!», – деп бұйырған. Аяттағы «санаулы күндер» дегенді Әзіреті Әли (Алла оған разы болсын) арапа күнгі таң намазынан бастап, айттың төртінші күні екінті намазының соңы деп түсіндірген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Ташриқ күндері – тамақтану, су ішу және Алла Тағаланы еске алу күндері», – деген (имам Мүслим).

Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Айтылды: «Алла-акбар» екі жерде, намаз бен құрбан шалу келді бірге», – деп, бұл күндері Алла Тағаланы ұлықтаудың артықшылығы жөнінде айтқан. Тәкбір ташриқ: «Алла ұлық, Алла ұлық. Алладан өзге тәңір жоқ. Алла ұлық, Алла ұлық. Барлық мақтау Аллаға тән», – деп айтылады. Жәбирден (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арапа күні таң намазын оқығаннан кейін сахабаларына бұрылып: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилләһи-л-хамд», – дейтін. Осылайша арапа күнінің таң намазынан бастап, соңғы тәшриқ күнінің екінті намазына дейін айтатын», – делінген (имам Дарақутни).

АЙТ НАМАЗЫН ОҚУ

«Айт» сөзі «әл-ғиду» сөзінен енген. Айт намазы шариғат тарапынан мұсылмандарға уәжіп етіліп һижраның екінші жылында енгізілді. Әнастың айтуынша, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде мәдиналықтар тойлайтын екі күн болатын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұлар не қылған екі күн?» – деп сұрайды. Олар: «Исламнан бұрын осы екі күнде ойнап, көңіл көтеретінбіз» – дейді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, Алла ол екеуін одан да жақсырақ мерекелерге: Құрбан айт пен Ораза айтына айырбастады», – деді. Мерекенің алғашқы күні айт намазына ғұсыл құйынып, әдемі, таза киім киіп, үстіне хош иіс сеуіп барған жөн. Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иіс жағудың абзал екендігі туралы көп айтатынын естігенмін», – деген. Сонымен қатар Құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздың алдында ештеңе жемеу мұстахап амал саналады. Хадис шәріпте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза айт намазына тамақ ішпей бармайтын, құрбан айт намазына тамақ ішпей баратын еді», – делінген (имам Тирмизи).

Жұма намазы парыз болған әр мұсылманға айт намазын оқу – уәжіп. Айт намазының уақыты күн бір немесе екі найза бойындай деңгейге көтерілгенде кіріп, оның аспан биігіне жетуімен шығады. Яғни күн шыққан соң жарым сағат өткенде айт намазының уақыты кіреді. Айт намазын имаммен бірге атқаруға үлгермеген адам оның қазасын өтемейді. Құран Кәрімдегі «Кәусар» сүресінің, 2-аятында Алла тағала: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!» – деп бұйырған. Тәпсірде бұл аяттың Құрбан айт намазы мен құрбан шалу турасында екендігі айтылған.

ҚҰРБАН ШАЛУ

Ыбырай Алтынсарин бабамыз «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінде: «Мұсылмандарға жыл сайын зұлхижжа айының оныншы күнінде, яғни оразадан екі ай он күн өткен соң құрбан шалу уәжіп. Құрбан шалу Ибраһим пайғамбар уақытынан бері мирас болды», – деп жазған. Құрбан айтта құрбандық шалу – әрбір ақыл-есі сау, жолаушы болмаған, мал-дүниесі нисап мөлшеріне жететін мұсылман адам үшін уәжіп. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 34-аятында: «Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың атын атап құрбан шалуды бекіттік», – деген.

Құрбандық шалу жай ғана мал сою емес. Ол – адамның ықыласы, иманының беріктігі, тақуалығы мен өзгеге деген мейірімінің айқын көрінетін сәті. Бұл құлшылықта пенденің нәпсісімен күресі, жомарттығы мен сараңдығы, кеңдігі мен тарлығы да сынға түседі. Сүннетке сәйкес құрбан етiн үшке бөлiп, бiр бөлiгiн мұқтаж жандарға, екiншi бөлiгiн туған-туыстарға немесе көршiлерге, ал қалған бөлiгiн өз отбасына алып қалуға болады.

Түйіндей келгенде, зұл-хижжа айының алғашқы он күні – әрбір мұсылман үшін өте маңызды, қадірлі уақыт. Бұл күндерде жоғарыда айтылған ізгі амалдармен қоса өзге де сауапты амалдарды барынша көп жасауға тырысу ләзім. Алла Тағала әрбір амалымызды шынайы ниет және ықыласпен орындауды және оның қабыл болуын нәсіп етсін!

 

Қазыбек АНУАРБЕКҰЛЫ,

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы
«Иман» журналы №5

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
БҰХАРАДАН ДАМАСКІГЕ ДЕЙІН: ИСЛАМ ҒҰЛАМАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ КИІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МІНДЕТІ
Рәміздердің тарихы мен мәнін білу, оларды құрмет тұту — әрбір қазақстандықтың борышы. Әр рәміздің артында үлкен тарих, зор мағына жатыр. Мемлекеттік рәміздер — сол елдің өмір салтын, бүкіл болмыс, ерекшелігін, мақсат-мұраты мен арман-тілегін білдіретін белгі....
Пайым-парасат МЕШІТ ІШІНДЕГІ МЕШІТТІ ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫРДЫҚ 
Ділмұрат ПІРМҰХАММЕДҰЛЫ, танымал кәсіпкер: Кейде бір адамның бір ауыз сөзі немесе ізгі амалы айналасындағы жандардың өмірін өзгертіп, тағдырына әсер етіп жатады. Сондай жанның бірі Пірмұхаммед қажы еді. Оның салып кеткен мешіті әлі күнге дейін үш буынның жүрегін ізгілікке біріктіріп келеді. Пірмұ...
ҚҰРБАН АЙТ 2026 ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Күллі мұсылман баласы асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
ҚҰРБАН АЙТ 2026 ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти   ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ ҒИБАДАТЫНЫҢ ЖАСАЛУ КҮНДЕРІ
Құлшылықтың денемен немесе дүниемен жасалатыны мәлім. Күнделікті дәрет алу, намаз оқу денемен жасалатын құлшылықтар қатарына жатады. Мал-дүниемен жасалатын құлшылық деп зекет және садақа беруді, құрбан шалуды айтуға болады. ...
Эссе және жол жазбалар ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ЖАНЫҢДА ҰСТАҒЫҢ КЕЛСЕ...
Алла Тағала берген әрбір жақсылықты алғыс және қадірлеумен уысыңызда ұстаңыз. Тәңірден келген нығметке тәубе деумен жақсылықты еселей түсесіз. Құран Кәрімде: «...Кім шүкір етсе, білдірген алғысы өз пайдасына...[1]»,-деп әмір етілген. Адам баласы басына қонған бақты екі түрлі қарсы алады. Бірі қадірд...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҚАБЫЛ БОЛҒАН ҚАЖЫЛЫҚ
Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық. Қажылық сөзінің тілдік мағынасы: «бір істі мақсат тұту» деген ұғымды білдіреді. Фиқһ іліміндегі қажылық сөзінің мағынасы: шарттарын орындай отырып белгілі уақыт ішінде арнайы жерге келіп рухани құлшылықты орындау дегенді білдіреді. Қажылыққа барушы адамның бойы...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ
Қажылық – Ислам дiнiнің бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша, кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман қажылық парызын өтей алады....
Қажылық ҰЛЫ САПАР ӘДЕПТЕРІ
Дініміз Ислам – көркем мінез бен әдептің діні. Мұсылман адам құлшылық жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, жүріс-тұрысында әркез дініміздегі әдеп нормаларына мән береді. Әсіресе қажылық сапарға баруды ниет еткен мұсылманның қасиетті мекенде әдеп сақтап, тыйым етілген істерге бармауы – аса маңызды....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Қажылық ҰЛЫ САПАР ҰЛАҒАТЫ
Араб тілінен аударғанда «қажылық» сөзінің тілдік мағынасы «қажылыққа бару», «дәлелдеу» дегенді, ал шариғи мағынасы «белгілі бір айларда арнайы жерлерде, нақты істермен зиярат жасау» дегенді білдіреді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Зуль-хиджа 1447
Миләди
08 маусым 2026
Намаз уақыттары
қазір

Таң 02:26

Имсакқа дейін 01:08

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi