ҚОНАҚ КҮТУ ӘДЕБІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 04:10
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:25 04:10 11:58 17:17 19:39 21:25
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
29 Зуль-хиджа 1446
Миләди
25 маусым 2025

Мақалалар

ҚОНАҚ КҮТУ ӘДЕБІ

| A | +

Үйіне келген адамға құрмет көрсету, қонақжайлылық танытып төрге шығару біздің ұлттық салт-дәстүріміз. Үйінің табалдырығын аттаған  адамның тіліне, дініне, ұлтына қарамай «Қош келдіңіз!», - деп, достық ықылас таныту, ас-дәм беріп, қамқорлық білдіру үй иесінің адамгершілігі мен имандылығының белгісі.

Халқымыздың қонақжайлылығы әу заманнан бері елімізге келген барша жұрттың таңдайын қақтырып, таң қалдырған. Халқымыз ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қойған.  Бұл қасиет дінімізбен терең сабақтасқан салт-дәстүрімізден туындаған. Даламыздың табалдырығын аттаған саяхатшылар бейбіт жатқан кез-келген ауылда  тамақтанып, тынығып алуына мүкіншілігі болған. Келген ауылдың қай үйіне тоқтаса да сән салтанатпен күтіп алған. Діні Ислам, жаны жайсаң халқымыз келген қонақты «Құдайы қонақ» - деп білген. Мұсылман болған халқымыз Ислам дінін толық біліп, дүниеге келгеннен бақилық болғанға дейін өмірінің негізі қылған. Алланың Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеттеріне амал еткен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, конағына құрмет көрсетсін», - деген. Қонаққа құрмет көрсету адамның иманының күштілігінің белгісі. Алла сүйген, Алланың Елшісі құптап, жақсы көрген амал. Қазақтың қонақты күту тураулы мақал-мәтелдерден мысал айтсақ:

Қонақ келсе сайласып,

Атып тұрып, атын тұт.

Жай сұрасаң жайласып.

Алдыменен өзін күт.

Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелген. Сонықтан болар елімізде қонақтың хақысы жайлы мәтелдер қөп тараған. Келген қонақпен бірге құт береке келетіне сенген. Мысалы: «Қырықтың бірі қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс қашады, қонақпен еріп құт, ырыс келеді». Осыдан болар елімізде қонақты күтіп алу мен шығарып салуға үлкен мән берген. Үй иесі келген қонаққа өзі есігін ашып бірге кіріп қарсы алған. Кеткенде өзі қуыс үйден құр шықпас болар деп сыйлық беріп шығарып салған.  Дәл осындай қонаққа құрмет көрсету жайында Алланың кітабы Құранда да мысал бар: «(Уа, Мұхаммед) Саған Ибраһимнің құрметті қонақтары жайлы (ғибратты) әңгіме жеткен бе еді?! (24). Есіңде болса, олар бір күні Ибраһимге келіп: «Сәләм (яғни, саған есендік тілейміз)! - деп, сәлем берген еді. Ибраһим де өз кезегінде оларға: « Сәләм (мен де сендерге есендік тілеймін) – деп, жылы шырай танытып, ішінен: «Бұлар өздері бұрын-соңды ұшыраспаған бейтаныс қауым болды», - деді (25).  Сөйтті де бірден үй ішіндегілерге барып (құдайы қонақтарға арнап) семіз тананың етін пісіріп әкелді (26). Асты алдыларына қойып: «Дәмнен алмайсыздар ма?»- деді. (27). Зәрият: 24-27

Алғашқы мұсылмандар қонақ жәннаттың дәлелі деп санаған. Али (р.а.) бір сөзінде: (Мен үшін бауырларымды жинап тамақ беріп күту құл азат еткеннен жақсы), - деген екен. (Ғазали: Ихия)

Сахабалар дастархан басына жиналу (жақсылармен) көркем мінез белгісі екенін айтқан. Бұл жердегі жиналу тек тамақтануды меңземейді, бәлки жиналғандардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастары мен бауырмалшылықтарының күшейтуді мақсат етеді. Бәріміз білетіндей халқымыз әрдайым айтатын насихат сөз бар: «Асығыс шайтаннан», - деген. Бірақ бес нәрседе асығуға бұйырған. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай: «Қонаққа ас дайындағанда. Мәйітті соңғы сапарға шығарып салғанда. Үйленуге жасы келгендерді үйлендіруге. Діннің қазасын өтегенге. Күнәға тәубе етуге». (Ибн Хаббан: Раузатул ұқалаа.)

Қонақ жиі келетін үй, Алланың жақсы көретін үйі. Ол үйге Алла Тағала берекесі мен рахметін мол қылып жаудырады. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Қонақ кірген үйге, сол қонақпен бірге мың береке мен мың рахмет кіреді», - десе, тағы бір хадисінде: «Алла бір қауымға қайыр-жақсылық қаласа, оларға сый сыйлайды. Сонда қасындағылар: Уа, Алланың Елшісі ол қандай сый? - деп сұрайды. Келген қонақ өзінің рызығымен келеді және үй иелерінің күнәлары кешіріледі. Қонақ келмейтін барлық үйге періштелер кірмейді. Бұл жәннаттың белгісі (қонақжайлылық)», - деп сүйіншілеген.

Қонақ күту халқымыздың ең жауапты істерінің бірі. Өйткені, қазақ халқының қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы  жақсы қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандардың, көрші-қолаңның алыс-берісіне, үлкенді-кіші болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшіл болуына тәрбиелейді. Бұл көріністерді біз қазақ әдебиетінен де таба аламыз. Мысалы «Абай жолы»  романындағы қазақ халқының қонақ күту дәстүрі. Алыстан келген құрметті қонақтарды ауыл сыртында үлкендер жаяу қарсы алған. Келген қонақтар да ауыл үлкендеріне атынан түсіп, жаяулап келіп сәлем берген. Ал егер келген қонақтар ауыл арасындағы үлкен адамдар болса, жастау қызметші жігіт алдынан шығып, сәлем беріп, аттан түсіріп, өзін қонақ үйге бастап келген. Егер қонақ жолаушылап жүрген бөгде адам болса, үй сыртынан «сөйлес» деп дауыс шығартын. Сөйлесуге шыққан үй иесіне жолаушы екенін айтып, қонуға рұқсат сұраған. Әлбетте, үй иесі жолаушыға қонуға рұқсат береді. Өйткені, қонаққа үйіне қонуға рұқсат бермеу дала заңында жоқ қағидат. Бұдан басқа қазақтың қонақжайлылығы жайында ақын, қазақтың «Жыр аққуы» атанған Марфуға Айтқожинаның өлеңдерінен де оқи аламыз:

    Алақанда бәйек боп аялаған,

    Ас дәмін қонағынан аямаған.

    Ұлан-асыр осынша ықыласқа,

    Шіркін-ай, ішпей-жемей тояды адам.

    Ақсақалдар төрде отыр малдас құрып,

    Қымыз жұтып, сусындап, жамбас мүжіп.

    Осында отыр өңкей бір сауықшыл жас,

    Қазақтың салт-санасын жалғастырып.

    Өз мекенін, өз елін берік сүйген,

    Шекеге дөңгелетіп бөрік киген.

    Осында отыр өңшең бір сал-серілер,

    Бұл кеште домбыраға ерік тиген.

    Келіп отыр жастар да өрімделген,

    Қараторы, ботакөз, керім келген.

    Ас әзірлеп сыртта жүр ас иесі,

    Қонаққа көрпе төсеп, төрін берген.

   

Дастарқаны мол, пейілі кең қазақ халқының қонақжайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылыр, ғалымдар және қызмет бабымен келген барша жұрт жоғары бағалаған және бағалай береді.

 

Ахметова Маржанқыз Оразанбайқызы 

Алматы қаласы «Мырзахмет» мешітінің ұстазы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам ЖАСТЫҚ ШАҚТА БІЛІМ АЛ
Жастық шақ - адам өміріндегі ең қуатты әрі ізденіске толы кезең. Бұл уақыт - жүрек жалындап, ақыл айқындалып, өмірдің биік мұраттарына қол созатын шақ. Осы кезеңде ілім үйрену - болашақтың берік іргетасы болмақ. Ислам діні де, қазақ халқының рухани дүниетанымы да білім алудың осы жаста басталғанын қ...
Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСУ
Аллаға және ақырет күніне толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін тиімді және жемісті өткізуге күш салады....
Қоғам ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?
Қазіргі күні кейбір құндылықтарымыз жойылып, кейбір жақсы әдеттеріміз азайып барады. Бүгінде адамдардың өмірі жұмыс пен шаруаға байланып, отбасы мен жақындарына, құрбы-достарына арналатын уақыттың көлемі қысқаруда. ...
Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ
Ислам дінінде жақсылық пен жамандық ұғымдары адам өмірінің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды. Құран мен сүннетте бұл ұғымдарға кеңінен тоқталып, мұсылмандарға дұрыс жолды нұсқайды. Яғни, мұсылмандар үшін жақсылық пен жамандық ұғымдарына келгенде толығымен өмірлік практикада қолдануға болаты...
Дін мен дәстүр ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰЛТ МӘДЕНИЕТІ
Ұлттық киім – халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық рухының көрінісі. Әр халықтың өзіндік мәдениеті, дәстүрі мен дүниетанымы оның ұлттық киімінен көрініс табады. Ұлттық киім – түркі халықтары үшін маңызды орынға ие....
Дін мен дәстүр ТӘРБИЕГЕ ТОЛЫ ДӘСТҮРЛЕР
Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Ғасырлар бойы ұлтымыздың өмір сүру мәдениеті - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ырым-тыйымдарға негізделенгі белгілі. Ата-бабаларымыз салт-дәстүрді берік ұстанып, әдет-ғұрыптан аспай, ырым-тыйымдар арқылы өнегелі ұрпақ тәрбиеледі....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСУ
Аллаға және ақырет күніне толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін тиімді және жемісті өткізуге күш салады....
Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ҺӘМ ЖАМАНДЫҚ
Ислам дінінде жақсылық пен жамандық ұғымдары адам өмірінің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды. Құран мен сүннетте бұл ұғымдарға кеңінен тоқталып, мұсылмандарға дұрыс жолды нұсқайды. Яғни, мұсылмандар үшін жақсылық пен жамандық ұғымдарына келгенде толығымен өмірлік практикада қолдануға болаты...
Пайым-парасат ПАЙҒАМБАР ﷺ ПЕДАГОГИКАСЫНДА БАЛАНЫ ҚИССАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Адам жаратылыс тұрғысынан қисса тыңдауды және түсіндіруді жақсы көреді. Қиссада рухтарды баурайтын  бір ерекше тәлім бар. Бұл шындықты балалардан өте айқын көруге болады. ...
Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Пайым-парасат МҰҚТАЖДЫҚ БІР СӘТ ҚАНА
Адамзат баласына жарық шамшырақ болған Ислам діні бүгінгі қоғамға мейірімділік пен жақсылықтың, қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісін көрсетуді бұйырады. Қазіргі қоғамда қайырымды жандардың көмегіне зәру, жақсылығына мұқтаж адамдардың ішіндегі ерекше топ ретінде  жарынан айырылып, тұрмыстың қиы...
Пайым-парасат ИМАМ ДЕГЕН КІМ?
Имамды мешітте қызмет ететін діни қызметкер ретінде ғана танып, бағалап жатамыз. Дегенмен елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген патриот азамат, халықтың діни сауатын ашқан рухани ұстаз, қоғамның тұтастығын сақтауға атсалысып жүрген жан сияқты көзге көріне қоймайтын қаншама ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
29 Зуль-хиджа 1446
Миләди
25 маусым 2025
Намаз уақыттары
қазір

Күн 04:10

Бесінге дейін 03:14

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Мужчины в намазе должны стоять впереди женщин. Если нет ограждения, то женщины н

Администратор Azankz
8 мам. 2025

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

ранее задавала вопрос пишу повторноПо поводу своего вопроса хочу разъяснений так как данный вопрос

X
4 сәу. 2025

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Вы в чате задайте вопрос, вам устаз ответит

Администратор Azankz
2 сәу. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi