ДАРА ЖОЛЫМЫЗ – ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:51
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:08 05:25 11:51 16:19 18:11 19:28
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1447
Миләди
12 қыркүйек 2025

Мақалалар

ДАРА ЖОЛЫМЫЗ – ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ

| A | +

Әсілінде дәстүрлі дін – біздің дара жолымыз. Бізді басқа мұсылман халықтарынан да ерекшелеп тұрған да – дәстүрмен үйлесім тапқан діни бағдарымыз. Ислам дінін біздің бабаларымыз 1270 жылдан бастап қабылдап, асыл дінді рухани тірегіне айналдырды. Қарахандар мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра хан 955 жылы Ислам дінін қабылдап, асыл дініміздің таралуына жағдай жасаса, 960 жылы Мұса қағанның кезінде Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды. Міне, сол кезден бастап Мәуераннахр аймағы ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды. Орталық Азиядағы түркі халықтары Ислам дінін қабылдау арқылы әлемдік өркениет пен ғылымға үлкен үлес қосты. Соның арқасында қазақ даласына Ислам өркениеті келді. Ұлы дала төрінде медреселер мен ғылым ошақтары бой көтерді.

Исламның келуі арқы­лы Орталық Азия­да білім-ғылым қанат жай­ды. Мешіт-медреселер ашылып, білімнің таралуына жағ­дай жасалды. Медреселерде дін ғылымымен қатар филология, логика, математика, астроно­­­мия, медицина, философия секілді ғылым салалары оқытылды. Орталық Азиядан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Хусамуддин ас-Сығанақи секілді ғалымдар шықты. Сондай-ақ Фараби, Би­руни, Ибн Сина, Хорезми се­кілді ғұламалар шығып, өрке­ниет тарихындағы өз орнын ай­шық­тады. Олар хақ дінге сүйене отырып, ғаламның тылсым құ­пия­сын ашты. Олардың ашқан жаңа­­лықтары мұсылман әлемін нұрландырып, сәулелендіре түсті.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы Аты­рауда өткен Ұлттық құрылтай­дың үшінші отырысында сөй­ле­ген сөзінде: «Біз бабаларымыздың ­сан мыңжылдық діни ілімі мен ­рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек. Еліміздің рухани дербес­ті­гін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халықтарының көпшілі­гінің, соның ішінде қазақтар­дың дәстүрлі діні – суннит­тік бағыттағы Ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет», деген болатын. Президент айтқандай, Ханафи мәзһабына тән дүниеге ақыл-парасатпен қарау, еркін ойлау секілді қасиеттер Ислам өркениетінің қайта өрлеуіне жол ашты. Бұл екі мәселе де қазіргі қазақ қоғамы үшін аса маңызды.

Дінге ақыл-парасатпен қара­ған адам әрдайым Құранға жүгі­неді. Әрбір сұрағына жауапты Құраннан іздеп табады. Себе­бі Құранда «Ақыл иелері үшін ғиб­рат бар» («Әли Имран» сүресі, 190–191 аяттар) делінген. Құран әрдайым адамды ойлануға, зерделеуге, пайымдауға шақырады. Ал дүниеге ақыл-парасатпен қараған адам рухани бағдарынан айырылмайды. Себебі дін соқыр сенім емес, ол – адамның ақылын қолдануды қажет ететін ілім.

Ақыл – шариғат негіздері­нің бірі. Шариғатта ақылмен ой қорытуға тыйым салынбайды, керісінше ақыл арқылы ақиқатқа жетуге шақырады. Сон­дықтан ақыл-парасатпен қарау фанатизмнің алдын алады. Ақыл­сыз қабылданған дін фа­натизмге, тіпті радикалдыққа ұрын­ды­руы ғажап емес. Сол себепті де Пре­зи­дент жат діни көріністерді қоғам­ға таңуға тырысып жүрген жандарды дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл деп айшықтады. Ал егер дінді парасатпен ұстанса, ол адамның бойынан құндылық пен ізгіліктің, көркем әдеп мен имандылықтың ұшқыны көрініс табады.

Парасатты адамға ақылдың өзі жеткіліксіз. Ақылға қоса жүрек пен жігер керек. Хакім Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек», дейді. Алла Тағала адам баласын ақыл иесі етіп жаратқан. Ал сол ақылды жылытатын – жүрек, жігерлендіретін – қайрат. Ендеше, бұл үшеуі бірге болған кезде адамзат үлкен жетіктіктерге жетеді. Осы үшеуін өн бойына жия білген адам – нағыз кемел адам. Дінге ақыл-парасатпен қарау қоғамды бөлінуден сақтап, бірлікке жол ашады. Себебі ақылсыз сенім – әлсіз, парасатты сенім берік болады.

Президент айтқан екінші мәселе – еркін ойлау. Бұл – қоғам дамуының басты алғышарты. Себебі еркін ойлаған жанда сана еркіндігі болады. Өзіндік көзқарасы қалыптасады, басқа адамның пікірін қайталамайды. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Олар ойланбай ма?» («Әнғам» сүресі, 50-аят), дейді. Ойланған адам Құранға жүгінеді, Құранға жүгінген адам ақиқатты табады.

Исламда «ижтихад» деген ұғым бар. Құран мен сүннетте тура нұсқау табылмаған жаңа мәселелерге діннің негізгі қағи­даларына сүйене отырып, ақыл­мен үкім шығаруды «ижти­хад» деп атайды. Шариғатымызда нақ­ты жауабы жоқ мәселелер­дің жауабын ой жүгіртіп, ақыл таразысына салып, тұжырым жасауға рұқсат берілген. Хакім Абай да бұл ойды: «Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?» деп тұжырымдайды. Еркін ойлау қоғам үшін аса маңыз­ды. Терең ой түю арқылы адам жалған сенімдерге, догмаларға ұрынбайды. Әр әрекеттің, әр сөздің жауапкершілігін білген адам парасатпен ойланып, дұ­рыс шешім қабылдайды. Сондық­­тан еркін ойлауды жалған сенім­­нен құтқарып, ақиқатқа жетелей­тін жол деп білу қажет. Себебі еркін ойлау адамды жетілдіріп, қоғамды алға бастайды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтай отырысында экстремизмге қарсы тұрудың төте жолы дәстүрлі Исламды берік ұстану екенін атап өткен болатын. «Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі Ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз», деді Мемлекет басшысы.

Шынында дәстүрлі Ислам – біздің берік қорғанымыз, ел­дің бірлігі мен ынтымағын, тұ­рақ­тылығы мен татулығын сақтау­дың тетігі. Шариғатпен үйлесім тапқан салт-дәстүрімізді наси­хаттауда да дін мамандары аянбай қызмет етіп келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы халқымыздың дүниетанымы­на сай дәстүрлі Исламды дәріп­теу бағытында бірқатар маңызды ­бастаманы қолға алды. Мамыр айында Астана қаласында «Қа­зақ даласындағы дәстүрлі Ислам құндылықтары» тақырыбында ­VI республикалық имамдар ­фо­румы өтіп, аталған жиында «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құн­дылығы» және «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» деп ата­латын қоғам үшін өзекті екі құжат қабылданды.

Сонымен қатар Алматы қала­сынан ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу инс­ти­тутын ашып, ғасырлар қойнауынан жеткен рухани-діни көне қолжазбалар мен ескі кітаптарды зерттеп-зерделеу, оларға ғылыми сараптама жасап, ғылыми айналымға енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Діни басқарма жанынан «Дін мен дәстүр» бөлімі ашылып, жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе 2024 жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялап, осы жыл аясында бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асырдық. Ал 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялап, атаулы жыл аясында отбасы құндылығын да­мытуға басымдық беріп отырмыз.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн», деген болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл бағытта Түркия, Әзербайжан, Өзбек­стан, Қырғызстан мүфтилері мен мәшһүр ғалымдарының қатысуымен «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-теория­лық конференциясын өткізіп, Ясауи мұрасын зерттеп-зерделеу, отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ тұлғаның даналық хикметтері мен өсиеттерін халықаралық деңгейде дәріптеуге ден қойды. Осы тұста айта кететін бір дүние, 2022 жылы ҚМДБ бастамасымен Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанның қатысуымен Түркі мемлекеттері Мүфтилері алқасы құрылып, осы уақытқа дейін алқаның бес отырысы өтті.

Бұған қоса дәстүрлі Ислам құндылықтарын жаю мақсатында Діни басқарманың бастамасымен «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ихсан – рухани тәрбие негізі, «Дін мен дәстүр» (ІІІ томы), т.б. кітаптар оқырманға жол тартты. Құран мен сүннетке негізделген, салт-дәстүрмен сабақтасқан, ұлттық ерекшелікке негізделген дәстүрлі Ислам – діни бірліктің кепілі ғана емес, сонымен қатар жат ағымдардан қорғайтын қалқан. Сондықтан дәстүрлі Исламды халықтың рухани іргетасы деп біліп, ұлттық болмысты сақтап, дінді дұрыс ұстанудың кепілі ретінде қарастыруымыз қажет.

Бізді ғасырлар бойы бірлікке, татулыққа, парасатқа жетелеген дәстүрлі дін болашақта да елдегі рухани тұрақтылықтың кепілі болары анық. Себебі мұнда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниета­ны­мы мен біртұтас мәдениеті бар. Олай дейтініміз, дәстүрлі Ислам құлшылық қана емес, ол – күнделікті өмір мәдение­ті. Себебі халқымыздың тұрмыс-салтындағы қазақтың ас беруі, қариялардың бата беруі, жеті атаға дейін қыз алыспау секілді дәстүрлер дінмен үйлесім тауып, өміршең сипатқа ие болған.

Әрине, қазақ топырағына Ислам діні келгенге дейін Ұлы Жібек жолының бойында орна­ласқан қалаларда (Тараз, Сай­рам, Отырар, т.б.) түр­кі өркениеті қалыптасты. Бұл өркениет түркі және әлем тари­хы­ның маңыз­ды бөлігі саналады. Ислам діні кел­ген соң бұл мәде­ниет жаңа дең­гей­ге көтерілді.

Бүгінде мемлекетіміз Ислам дінінің құндылықтарын қор­ғау­­ға атсалысып келеді. Соны­мен қа­­тар діни радикализм мен экс­т­ре­­­мизмнің алдын алу бағытын­да жүйелі жұмыстар атқарылды. Қазақстан Әлемдік және дәстүр­лі дін­дер көшбасшыларының съе­­­з­ін өткізіп, аталған жиынды дәс­­түр­лі діндер мен конфессия­лар­­дың көрнекті өкілдері арасын­­дағы тиім­­­ді әрі табысты диалог ­ала­­­ңы­­­на айналдырды. Сондай-ақ ­Қазақ­­­­­с­тан Ислам Ынтымақтас­тығы ­Ұйы­мының мүшесі ретінде мұсылман әлеміндегі ынты­мақ­тастықты нығайтуға, Исламның бейбіт және әділ көрінісін қалып­тастыруға, әлемдік мұсылман қа­уымдастығының мәдени мұра­­сын сақтауға және зерттеуге, әлем­де бейбітшілік орнату мақсатында Ислам мемлекеттері арасында­ғы саяси диалог пен келіссөздер­ге қолдау көрсетуге үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы Ислам құндылықтарын қадірлейді, қор­ғайды. Бірқатар елде Құранды өртеу актілеріне орын алғанда Президенттің Құранға қорған болғанына баршамыз куәміз. Сол кезде Мемлекет басшысы Құранды өртеу актілерін қатаң айыптап, мұны қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенім­ге нұқсан келтіруге бағыттал­ған арандатушылық әрекет деп санады. Сондай-ақ мұндай жауап­сыз әрекеттер мемлекеттер мен дін­дер арасындағы ынтымақтастық пен ымыраға кері әсерін тигізеті­нін жеткізді. Көп ұзамай БҰҰ Бас Ассамблеясы да осы мәселеге қа­тысты өз ұстанымын білдірді.

Президент Құранға қамқор­лық танытқан тағы бір оқиға Кенесары хан Құранының Қазақ­­стан мұсылмандары діни бас­қармасына табысталуы болды. Мемлекет басшысының тікелей тап­сырмасымен Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы мүфтиятқа табысталды. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кеңес­ші Ерлан Қарин Діни басқарма­ға келіп, қазақ халқының тарихи жәдігері – Кенесары ханның Құранын бізге табыстады.

Мұның бәрі де Мемлекет бас­шысының дін Исламға деген құр­мет-ілтипаты деп білемін. 2022 жылғы шілде айында Қазақстан Президенті умра қажылығын өтеп, Қағбаның ішіне кіру мәр­тебесіне ие болды. Қағбаның ішін­де еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға тіледі. Мемлекетіміздегі әр­бір азамат жақсы өмір сүруін Жаратқаннан жалбарына сұра­ды. Сауд Арабиясы қасиетті Қағ­баға ең құрметті, аса сыйлы меймандарды ғана кіргізеді. Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне қандай зор құрмет көрсеткенін осыдан-ақ аңғарамыз.

 Алла Тағала дін Исламға күш-қуат беріп, еліміздің ертеңі жарқын болғай!

 

 Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти

Авторы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы АБАЙДАН АЛАР ҒИБРАТ КӨП

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл толады. Абай қазақ тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, өршіл өлеңдерімен өр биікке көтерілді. Тағылымға толы қарасөздерін қалдырып, композиторлығымен қаншама сыршыл әндерді өмірге әкелді. Абайдың...
Қоғам АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІ
Адамзатты аса ардақтап, әлемнің тіршілігін адамзаттың ыңғайына биімдеп жаратқан Алла Тағалаға барлық мақтау мен мадақ болсын.
Қоғам ЖАСТЫҚ ШАҚТА БІЛІМ АЛ
Жастық шақ - адам өміріндегі ең қуатты әрі ізденіске толы кезең. Бұл уақыт - жүрек жалындап, ақыл айқындалып, өмірдің биік мұраттарына қол созатын шақ. Осы кезеңде ілім үйрену - болашақтың берік іргетасы болмақ. Ислам діні де, қазақ халқының рухани дүниетанымы да білім алудың осы жаста басталғанын қ...
Қоғам ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Ұлттың болашағын қа­лыптастыратын ең маңыз­ды құнды­лық­тар­дың бірі – ұрпақ тәрбиесі. Ұлағатты ұрпақ тәрбие­леу – баршамыздың ор­тақ асыл міндетіміз. Өйт­кені өскелең жас буын­ның бойындағы рухани дағдарысты болдыр­мау – бүгінгі күннің өзек­ті мәселесінің бірі. Жуыр­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...
Қоғам ДОСТЫҚТЫҢ КІЛТІ ҚАЙДА БАР?
Қазіргі күні кейбір құндылықтарымыз жойылып, кейбір жақсы әдеттеріміз азайып барады. Бүгінде адамдардың өмірі жұмыс пен шаруаға байланып, отбасы мен жақындарына, құрбы-достарына арналатын уақыттың көлемі қысқаруда. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1447
Миләди
12 қыркүйек 2025
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:51

Екінтіге дейін 01:31

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025

Деобанды - кто они?

Поправили, спасибо за внимательность.

Администратор Azankz
15 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi