Статьи

МІНЕЗІҢІЗ КӨРКЕМ БЕ?

| A | +

      Қиямет күні таразы басында, мүмін пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді1.

 

      Бұл тақырыпқа қатысты мынадай хадистер бар: Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелдісі – мінез-құлқы ең жақсы болғаны2, Мүмін өзінің көркем мінезінің арқасында күндіз ораза, түнде намаз оқитын пенденің мәртебесіне жетеді3.

 

       Хазреті Әли (р.а.)  көркем мінездің белгісі: «Харамнан аулақ болу, адал табыс табу және отбасына жомарт болу» деп айтқан.

 

       Адамдар көбіне көркем мінезді саудагердің тауарын таңдайды, себебі мінезі жақсы адам өзге адамдардың сеніміне кіріп, көңілінен шығады. Әр тұтынушы өзіне деген жақсы мәмілені сезінгенде, сіздің саудаңыздың журуіне де өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан Аллаға да, адамдарға да ұнамды болған көркем мінезді бойға сіңіру керек.

 

Қанағатшыл болу

 

     Қанағат – таусылмайтын қазына4.

 

     Сауда кейде өрге домалап, кейде жүрмей жатқан кезде азға қанағат ете білу маңызды. «Қанағат қарын тойғызар». Қанағат жайлы бір оқиға.

 

     Ыстамбұлды бағындырған әйгілі Мехмет сұлтан азық-түліктің сапасын тексермек болып бір дүкенге бас сұғады. Сатушыдан май мен ірімшік сұрайды. Ол дереу майды өлшеп, бағасын есептеген соң: «Ағатай, ірімшікті көрші дүкеннен алсаңыз, өйткені оның ірімшігі жақсы, әрі ол бүгіндікке сауда жасаған жоқ», - дейді. Патша екінші дүкенге кіріп, ірімшік алған соң, дүкенші: «Ризық беруші Раббыма шүкіршілік айтамын! Алғашқы саудамды жасадым, әрі бала-шағамның бір күндік нәпақасын таптым. Бұдан кейінгісі таза пайда болады. Ағатай, мына көршім әлі алғашқы саудасын жасамады», - деп, көршісіне қарай сілтейді. Патша олардың қанағатшылдығына қайран қалып: «Мұндай ел осынау қасиетімен бүкіл жұрттың жүрегіне жол табады!» - депті.

 

Тақуа болу

 

       Кімде-кім Аллаға қарсы келуден сақтанатын болса, оған Алла қиындықтардан шығатын жол ашып береді. Оны ойламаған жерден ризықтандырады. Аллаға сүйеніп, оған ғана сенгендер үшін Алла жеткілікті. Алла берген уәдесінен, әсте, айнымайды. Шынында, Алла әрнәрсеге бір өлшем, әрбір іс үшін бір мерзім белгілеп қойды5.

 

      Кейде кәсіпте тығырыққа тіреліп, шығар жол таппай тарығатын сәттер болады. Сондай кезде Алла тиым салған істерді жалғыз шығар жол ретінде көруіміз мүмкін. Мәселен, біреуді алдау, келісімді бұзу, уәдеден таю, несие алу, қарызды қайтармай қашып кету арқылы ғана қиындықтан құтыламыз деп ойлаймыз. Алайда жоғарыдағы аят кез келген дағдарыста Аллаға қарсы келуден сақтанатын болсақ, мұның екі жемісі болатынын айтады:

 

     1. Алла қиындықтан шығатын жол ашып береді;

 

     2. Еш ойламаған жерден ризықтандырады.

 

     Бұл – Алланың уәдесі. Алла уәдесінен, әсте, таймайды.

 

Уəдеде тұру

 

     Мұнафықтың белгісі үшеу: сөйлегенде өтірік айтады; уәде берсе, орындамайды; өзіне аманат тапсырылса, қиянат жасайды6.

 

     Құран уәде мен келісімге берік болу керектігіне баса назар аударған: «Уа, иман келтіргендер! Жасаған келісімдеріңді бұзбаңдар»7 және «Уәделеріңде тұрыңдар, өйткені берілген уәденің сұрауы бар»8. Бұл аяттар уәдеде тұруға, әсіресе, қыз-қыз қайнаған саудада екеуара келісімді бұзбауға үндейді.

 

     Абдулла ибн Әбу әл-Хамса уәдеде тұрудың маңызына қатысты мынадай бір оқиғаны жеткізген: «Алла Елшісінен (ﷺ) бір нәрсе сатып алып, оған біраз қарыз болып қалған едім. Оған: «Қалған ақшаны бір жерде жолығып беремін» деп уәде бердім. Кейін әлгі уәдем есімнен шығып кетіпті. Тура үш күн өткеннен кейін ғана уәдем есіме түсіп, межелі жерге келсем, Ол (ﷺ) сол жерде тұр екен. Сонда Ол (ﷺ)  маған: «Бауырым, мені әбден әуреге салдың. Сені үш күннен бері осында күтіп тұрмын», - деді»9.

 

Көршісімен жақсы қарым-қатынаста болу

 

     Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне сенсе, көршісіне жақсылық жасасын10.

 

     Кейде саудадағы көршілер арасында қарым-қатынас шиеленісіп жатады. Әсіресе, көршіміздің ұсынатын тауары біздікіндей болса, бәсекелестік қызғанышқа, ұрыс-жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Сол кезде олармен байланысымызды нығайтып, көреалмаушылықтан бойымызды аулақ ұстап, зиянымызды тигізіп алмаудан сақтануымыз керек. Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Көршісіне қауіп төндірген адам жәннатқа кірмейді»11 деген ескертуін де қаперімізде ұстауымыз қажет.

 

     Тағы бір ескеріле бермейтін жәйт. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сатылатын мүлікте (бәрінен бұрын) көршінің ақысы бар», - деген12. Ендеше, дініміз бекіткен осы үкімді ескерусіз қалдырмай, сататын жылжымайтын мүлкімізді ең алдымен көрші-қолаңға ұсынуымыз, не болмаса, оларды өзгеден бұрын хабардар етуге тиіспіз.

 

______________

1 Бұхари, Әдебул-Муфрад, 1/164; Термези, Бирр 61.

2 Термези, рада, 11; Әбу Дәуіт, сұннет 16.

3 Табарани, әл-мужәмил-Кәбир 1/260

4 Суюти, әл-Фәтхул-кәбир, 2:309 20

5 «Талақ» сүресі, 2-3-аяттар. 21

6 Бұхари, иман 24; Мүсілім, иман 107.

7 «Мәида» сүресі, 1-аят.

8 «Исра» сүресі, 34-аят.

9 Әбу Дәуіт, әдәб 90

10 Мүсілім, иман 77

11 Бұхари, әдәб 29; Мүсілім, иман 73

12 Ахмад ибн Ханбал, муснәд 3/303; Әбу Дәуіт, буйуғ, 73

 

Данияр Жігітбек

ИСТОЧНИК Azan.kz

Исламский информационно-образовательный портал

Предыдущий Следующий
КАК ЗА МИНУТУ ПОЛУЧИТЬ 9940 НАГРАД? САУДАҢЫЗДЫ БЕРЕКЕЛІ ЕТЕТІН ДҰҒАЛАР

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

Исламский календарь Первые десять дней месяца Зуль-хиджа
Уважаемые братья и сестры! С дозволения Аллаха, 22 августа 2017 года, с наступлением времени магриб намаза начнется благословенный месяц Зуль-хиджа. Этот месяц считается одним из четырех запретных месяцев....
Семья в Исламе Совет тем, кто хочет жениться: Смотрите на воспитание и менталитет!
Короткий фрагмент из познавательной лекции устаза Армана Куанышбаева о поиске и выборе супруга/супруги и семейных отношениях. В этом небольшом видео содержится 3 важных примера, и если хотите - совета, которые необходимо учитывать тем, кто хочет создать семью, и ищет, для этого, подходящую кандидату...
Адаб (этика) и суфизм Азан – пища для души
Он подпитывает душу верой и возвышает ее. Не пропускайте свою порцию этой подпитки. Говорите об этом своим детям и друзьям. Аль-Бухари приводил со слов Абу Саида аль-Худри следующее высказывание Пророка, соляллаху алейхи уа саллям: «Услышав призыв, повторяйте слова муэдзина»....
Адаб (этика) и суфизм Ерсин Амире Абу Юсуф: Принижение своих качеств..
К сожалению, среди молодых людей, изучающих религиозные науки, существует такая болезнь, как «комплекс неполноценности», то есть принижение своих качеств, своих достоинств....
Биографии учёных Рассказы о праведности имама Абу Ханифы, рахимахуллах
Имам Абу Ханифа, помимо своего превосходства в исламских науках, был также известен своей праведностью (таква), осмотрительностью (вара’) и поклонением (‘ибада). Далее приведены некоторые выдержки из биографического словаря имама аль-Хатиба аль-Багдади «Тарих Багдад»....
Хадис Видео: История молодого человека и его отца
Однажды к Пророку, саляЛлаху алейхи уа салям, пришел один молодой человек, который пожаловался: «О, Посланник Аллаха, мой отец берет мои деньги, он постоянно просит у меня деньги. И Посланник Аллаха сказал: «Ну что ж, позови своего отца»....
свернуть
Календарь
Хиджра
13 Раби-авваль 1440
Григорианский
21 ноября 2018
Время намаза
Сейчас

Иша 18:47

Время до Фаджр 02:19

7 советов для тех, кто думает о разводе

Ассаламу алейкум, однажды я встретил девушку, она мне очень понравилась и была старше меня лет на 7.

Abylai Kamzin
5 час. назад

СОТРУДНИКИ БАНКА АЛ-ХИЛАЛ ПОСЕТИЛИ МУФТИЯТ (ФОТО)

Ассалям уалейкум! Подскажите пожалуйста, почему исламская ипотека такая большая по гарантии оплаты?

Ibragim Nukushev
10 нояб. 2018

Имам Әбу Жағфар Ат Тахауи Ақидасы | 16 - дәріс

Алла Тағала Ерсін ұстазымызды қамқорлығына алып жар болсын! Алла Тағала іліміне ілім қосып ғұмырын ұ

Мурат абу Ибрахим Такаумов
10 нояб. 2018

Мусульманам на заметку

давать постоянно милостыню.

Anar Bibolova
10 нояб. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi