Хазіреті Айша неше жасында тұрмысқа шыққан?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Хазіреті Айша неше жасында тұрмысқа шыққан?

| A | +

Ең әуелі ескеретін дүние – Айша анамыздың (р.а.) жасы жөнінде бірауызды тұжырым жоқ.
 

Соңғы кездері хақ дін исламды қаралаушылар тарапынан «сеніп жүрген пайғамбарларың Айшаны тым жас кезінде некесіне алған…» деген мазмұндағы азғырынды сөз көп айтылып жүр. Бұл – әрине, мәселенің байыбына бармаған, мәніне жетпеген әзәзіл әңгіме.

Рас, біраз деректерде ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Айша анамызға (р.а.) хижреттің алғашқы жылы үйленгені, ол кезде Айша анамыздың 9 жаста болғандығы айтылады. Алайда анамыздың жасы туралы басқа да хабарлар баршылық. Ол деректерді келтірместен бұрын сау ақыл сабырмен түсінетін жалпы жағдайларға тоқталайық.

Әуелгі айтарымыз:  әр адам – өз заманының баласы. Заманы мен мекеніне байланысты әр ұлт пен ұлыстың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінде өзгерістер болып отырғаны анық. Мысалы, аталарымыз: «Он үште – отау иесі», — деген. Осы тұрғыдан алғанда, өткен ғасырдың ортасында келін болып түскен менің анамның және апаларымның көбінің 13-14 жаста болғандығы – қазіргі жастар үшін таңқаларлық болса да, біз үшін таңсық емес.

Сондықтан белгілі бір кезеңді және сол кезде өмір сүрген адамдардың әрекетін бағалағанда, сол дәуірдің шындығы мен мәдениеті негізге алынуы керек. Сонда ғана әділ баға берілмек.

Мәселеге осы тараптан келсек, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ғұмыр кешкен кезеңде қыз балаларды ерте ұзату қалыпты жағдай болған.

Екінші ескеретін дүние: ғалымдардың айтуынша, қыз баланың физиологиялық жетілуі климаттық жағдайға да байланысты. Суық жерлердегі тұрғындарға қарағанда ыстық мекендегі қыздардың балиғатқа толуы ертерек жүзеге асады екен. Осыны ескерсек, «Ол кезде Айшаның жасы 9-да болатын» деген пікірге тоқтаған күннің өзінде, балиғатқа толған қызын тұрмысқа беруге Әбу Бәкірдей әкенің әбден хақысы бар еді…

Сонымен, жасты анықтауға қатысты басқа мәліметтерге назар аударайық. Ибн Хишам секілді біліктілігі даусыз тарихшы-ғалымның айтуынша, Айша анамыз бала кезінде, алғашқы ашық насихаттан соң (пайғамбарлықтың 3-ші жылы), бірден алғашқылардың қатарында әпкесі Әсмамен бірге иман келтірген.

Сондай-ақ имам Нәуәуидің «Тәхзибул Әсма» еңбегінде және Хакимнің «Мүстадрак» кітабында ол кезде Әсманың жасы 15-те болғандығы әрі ол кісінің 595 жылы дүниеге келгендігі айтылады. Бұдан Әсма мұсылмандықты пайғамбарлықтың алғашқы (610ж.) жылы қабылдағаны белгілі болады. Яғни сол кезде Айша анамыздың сөз ұғатын (4-7) жаста болғаны анық.
Хазіреті Айша анамыз Меккенің алғашқы жылдары түскен аяттарды түсіне алатын деңгейде болған. Тіпті оларды жаттап, айтып бере алатын. Мысалы ішімдік пен зинақорлыққа қатысты аяттар туралы:

«Егер алғашқы түскен үкімдерде бұйырылғанында, арабтар орындаудан бас тартар еді» дей келе: «Мен Меккеде ойын ойнап жүрген қыз кезімде «Күмәнсіз, Сағат (Қайта тірілу күні) – оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат – өте ауыр, тым ащы» («Қамар» сүресі, 46-аят) деген аят түсті», — деген.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл сүренің пайғамбарлықтың 4-ші (614ж.), 8-ші (618ж.) немесе 9-шы (619ж.) жылдары түскендігі айтылады. Айдың екіге бөліну оқиғасын ескерген ғалымдар ол жылдың 614-ші жыл екендігіне басымдық береді. Яғни, бұл деректер бойынша да Айша анамыздың пайғамбарлықтың алғашқы жылдары туғандығы нақтылана түседі.

Рас, Айша анамыздың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) некелескен кезі жайлы «Ол күндері мен ойын ойнап жүрген қыз едім» деген мәлімет бар. Бұл хабарда «қыз» деген сөз арабша «жария» деген сөзбен айтылыпты. Ал «жария» сөзі – біздіңше «бойжеткен» деген мағынаны білдіреді екен. Ғалымдар «жария» сөзінің 7-11 жас аралығындағы жас қыздарға қатысты қолданылатынын айтады (Ибн Манзур, «Лисанул араб»). Ендеше, жоғарыда айтылған «Қамар» сүресі туралы мәліметті ескере отырып, Айша анамыздың ол кездегі жасын, ең төменгі мөлшермен 7-де деп есептесек, ол кісінің пайғамбарлықтан кем дегенде 3 жыл бұрын дүниеге келгендігі анықталады.

Мекке жайлы естеліктерінің бірінде Айша анамыз:

«Мен ес білгелі ата-анам діндар болатын. Мұсылмандар көп теперіш көрген соң, әкем Хабашстанға хижрет жасамақшы болды», — деп айтқан (Бұхариде келтірілген).

Ал Әбу Бәкірдің (Ол кісіге Алла разы болсын!) Хабашстанға көшуге пайғамбарлықтың 5-ші жылы ниет еткенін ескерсек және анамыздың жоғарыдағы сөзінен ол кезде айналасында болып жатқан оқиғаларды бағамдай алатын жаста болғандығын қаперге алсақ, жас шамасы тағы анықтала түседі. Егер анамыз «9 жасында тұрмыс құрған» десек, онда бұл есеп бойынша, ол кісі пайғамбарлықтың 4-ші жылы дүниеге келген болып шығады. Ендеше, ойлай беріңіз: 1 жасар қыздың жоғарыдағы жағдайды түсінуі, есте сақтауы мүмкін бе?..

Сондай-ақ надандық дәуіріндегі пұттар туралы сөз қозғалғанда, «Исаф деген ер кісі мен Наила деген әйел оның түбінде зина жасағаны үшін тасқа айналдырылған деп еститінбіз» деген деректі де Айша анамыз жеткізген (Ибн Хишам, «Сира»). Бұл әңгіме де анамыздың пайғамбарлыққа дейін туғандығын білдіреді.

Айша анамызға пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тарапынан құда түскен кезде, оның  Жубейр ибн Мутъим деген деген кісіге атастырылып қойылғаны, тек олар бас тартқан соң ғана Әбу Бәкірдің разылық білдіргені белгілі. Яғни Айша анамыз пайғамбарлық келмей тұрып, әкесі мұсылман болмай тұрып атастырылған. Егер «некелескенде 9 жаста еді» деген жорамалды қаперге алсақ, яғни анамыз пайғамбарлықтан кейін 4 жылдан соң дүниеге келсе, сонда Жубейрге қашан атастырылған? Осы арада «Бесік құда» туралы еш мәліметтің жоқтығын баса айта кеткіміз келеді…

Бұдан бөлек, Айша анамыздың бір шешеден бірге туған бауыры, ағасы Абдурахман шамамен 604 жылдары дүниеге келген деген деректер бар. Арасы 1-2 жас деп есептесек те, Айша анамыздың пайғамбарлықтан бұрын дүниеге келгендігі тағы нақтылана түседі.

Бұған қосымша, бұхаританушы ғалым Ибн Хажар Айша анамыздың Фатима анамыздан 5 жас шамасында кіші екендігін, ал Фатима анамыздың пайғамбарлық берілуден 5 жыл бұрын (Қағба қайта тұрғызылған жылы, яғни 605 жылы) дүниеге келгендігін келтіреді. Бұл хабар бойынша да анамыздың 9 жаста үйлену ықтималдығы толығымен жойылады. Ал енді  Мәдинаға көшу пайғамбарлықтың 13-жылы жүзеге асқанын қаперге алсақ, онда Айша анамыздың тұрмыс құрған жасы ең кемі 14-15 жастың төңірегі екені белгілі болады.

Сонымен, ең қуатты дәлел – Әсма анамыздың жасы туралы мәліметті және үйленудің һижреттен 7 айдан кейін (басқа деректерде Бәдірден кейін, шамамен 1 жарым жылдан кейін) жүзеге асқанын негізге алсақ, онда некелескен кездегі Айша анамыздың жасы белгілі болады. Әсма 595 жылы туған, ал Айша анамыз одан 10 жасқа кіші болған. Яғни анамыздың туған жылы: 595+10=605 жыл. Пайғамбарлық 610 жылы берілді, һижрет (Мәдинаға қоныс аудару) 622 жылы болды. (622-605)+7 ай=17,7 жас. Бәдірден кейін десек, онда 18,7 жаста тұрмысқа шықты.

Айша анамыздың қайтыс болған жылы туралы да «һижри 55,56,57,58 немесе 59 жыл еді, жасы 65,66,67 немесе 74-те еді» деген әртүрлі пікірлер бар. Бұл жәйт анамыздың туған жылы секілді қайтыс болған уақыты туралы да нақты мәліметтің жоқтығын айғақтайды. (Анамыздың жасына қатысты хабарлардың әртүрлі келуі ол заманда адамның туған күніне немесе қайтыс болған жылына аса мән берілмегендігін көрсетеді.)

Қайтыс болуға қатысты мәліметтердің ішінде нақты күні мен кімдердің жерлегеніне дейін анық көрсетілген қуатты риуаятта анамыздың 58 жылы 74 жасында қайтқаны, Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) көз жұмғаннан кейін 48 жыл өмір сүргендігі айтылады (Абдулбәрр «Истиғаб», Доғрул «Асры Саадет» еңбектерінде). Бұл бойынша есептесек, 74-48=26 жас – 9 жыл бірге жүрген=17жас 7ай, яғни, 18 жасында тұрмыс құрды.

Бұл мәліметтерден бөлек 13-14 жастағы ер балалардың өзі кері қайтарылған Ухуд күні анамыздың майданда болуы, Мәдинаға келгеннен кейін үйлену мәселесін әкесінің қолға алуы және мәһр белгіленгеннен кейін ғана жүзеге асуы, келген аяттарда үйлену мәселесіне қатысты балиғатқа толу шарттарының қойылуы сияқты мәселелерді ескерсек, Айша анамыздың пайғамбарлықтан бұрын дүниеге келгендігі, 14 немесе 15 жасында атастырылып, 17 немесе 18 жасында отау құрғаны белгілі болады. Осы қорытынды нақтырақ деп ойлаймыз. Әрине, анығын Алла біледі!  

 

Жоғарыда айталған дәлелдердің ешбірін ескерместен, «ол кезде Айшаның жасы 9-да болатын» деген пікірге келіскен күннің өзінде, заман мен мекенге сай пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл әрекетінің еш сөкет болмағандығын аңғарамыз. Дұшпандарының өзі оның «әмин» (адал, шыншыл, сенімді) екендігін мойындаған Алла елшісінің  (с.ғ.с.) тұлғалық қасиетін айтпаған күннің өзінде, еш пұтқа табынбаған, аузына арақ алмаған Әбу Бәкірдей сауатты, шежіреге жүйрік, өзі саудагер (ірі бизнесмен), беделі өте зор парасатты адамның ақылға сыймайтын, қоғам ғұрпына сай келмейтін дүниеге жол беруі мүмкін бе?! Осы арада Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мекке ашылғаннан кейін, қолында билігі бола тұра, Қағбаны бастапқы қалпына келтіріп қайта салудан бас тартқан мысалын еске алыңыз. Не үшін бас тартып еді?..

 

«Көрмес – түйені де көрмес» дегендей, бұл мәліметтер аздық етсе, онда мынаған көңіл бөлейік. Егер Алла елшісі (с.ғ.с.) қоғам қалпына сыймайтын оғаш әрекетке барғанда, ол кісінің әр қадамын аңдып жүрген Әбу Жәһил, Әбу Ләһәб секілді дін дұшпандары сол кезде-ақ дабыл қағып, дау шығарар еді…

 

Негізі көзі қарақты оқырман Алла елшісінің (с.ғ.с.) Айшаға (және барлық жұбайларына) үйленуі Жаратушының үкімімен болғанын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Айша анамыздың бейнесін түсінде көріп, уахи алғанын жақсы біледі. Осында жазылған жайттар кеудесіне күдік ұялаған бауырларымыздың күмәнін сейілту мақсатында ғана жазылды. Әйтпесе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) біздің арашамызға мұқтаж емес, біз Алла елшісінің шапағатына мұқтажбыз!

 

Алғадай Әбілғазыұлы

Предыдущий Следующий
Пайғамбар тәлімі һәм орта жолды ұстану KFC «ҚМДБ Халал» сертификатын қайта алды ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап KFC «ҚМДБ Халал» сертификатын қайта алды ма?
Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында The Caspian International Restaurants Company компаниясына тиесілі KFC ресторандар желісіне берілген «ҚМДБ халал» сертификатын қайтарып алған болатын. Басты себеп – «ҚМДБ халал стандарты» талаптарының сақталмауы....
Сұрақ-жауап Әйел адам марқұмдарға Құран оқып бағыштай ала ма?
Бұл – қайырлы іс. Өйткені Алланың елшісі (с.ғ.с.) бір күні сахабалардың арасында тұрып: «Адам баласы қайтыс болған кезде, оның барлық амалы тоқтайды. Тек үш амалы ғана  жалғасып тұрады» — дейді....
Сұрақ-жауап Қазақ балалары қандай ойыншықпен ойнады?
Әрине, ол заманда жарыған ойыншық болмағаны белгілі. Төңкеріс болды, аштық болды, соғыс болды, балалар ерте есейді. Алайда, соның өзінде бала мен ойыншық бір-бірінен ажырамағанын байқаймыз. Бәріміз бұрынғы балалардың ойыны дегенде асық, тоғызқұмалақ, дойбыны ғана білеміз. Ал қуыршақтардан ше?...
Сұрақ-жауап Қазақ балалары қандай ойыншықпен ойнады?
Әрине, ол заманда жарыған ойыншық болмағаны белгілі. Төңкеріс болды, аштық болды, соғыс болды, балалар ерте есейді. Алайда, соның өзінде бала мен ойыншық бір-бірінен ажырамағанын байқаймыз. Бәріміз бұрынғы балалардың ойыны дегенде асық, тоғызқұмалақ, дойбыны ғана білеміз. Ал қуыршақтардан ше?...
Сұрақ-жауап Мәуліт бидғат па?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған күнін – қасиетті мәулітті мереке ретінде атап өтудің дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып берсеңіз....
Сұрақ-жауап Ізгі амалдың сауабын тірілерге бағыштауға бола ма?
Ізгі амалдардың сауабын тірілерге бағыштау ғұламалардың арасында тартысты мәселелердің бірі. Ханафи және Ханбали мәзһабы бойынша Құранның сауабын тірілерге бағыштауға рұқсат етіледі. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:35

Бамдатқа дейін 01:25

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi