Рамазан айымен құттықтау. Бас имам Төлеби Оспан - Бейне жазба
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Рамазан айымен құттықтау. Бас имам Төлеби Оспан

Ассалаума ғалайкум, ардақты ағайын, қадірменді әлеумет! Қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллаға Тағалаға мадақ-мақтаулар болсын! Ораза айының қадір-қасиетін түсіндірген сүйікті пайғамбарымызға сансыз салауат болғай!  Баршаңызды күллі мұсылман баласы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Қадірменді қауым! Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Шағбан айының соңғы күні мұсылман жұртшылығына айтқан насихатында былай дейді:

أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّهُ قَدْ أَظَلَّكُمْ شَهْرٌ عظَيِمٌ ، شَهْرٌ مُبَارَكٌ ، شَهْرٌ فِيهِ لَيْلَةٌ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ ، جَعَلَ اللَّهُ صِيَامَهُ فَرِيضَةً ، وَقِيَامَهُ تَطَوُّعًا

«Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті, ал түндеріндегі намазды қосымша құлшылық етті. 

Рамазанда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз амалын орындағанға тең. Ал, парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парызды атқарғандай (сауап иеленеді). Бұл ай – сабырлық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Рамазан – өзара жанашырлық айы. Ораза айында мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Кімде-кім бұл айда ораза тұтқан жанға ауыз ашар берсе, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді». Осы тұста сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Ауызашар жасауға бәріміздің мүмкіндігіміз бола бермейді ғой», – деді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Оразашының аузын, тіпті, бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен аштырған жанға да сондай сауап жазылады. Рамазанның басы рақым, ортасы кешірім, ал соңы тозақтан құтылу кезеңі», - деді.

Осынау, Құдай қасиет дарытып, жақсылығын жаудырған берекелі де мерекелі Рамазан айы биыл бұйыртса 2 сәуір күні басталмақ. Алла Тағала былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

Уа, мүміндер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол  арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер.

Алла Тағала Өзінің қалауымен ораза құлшылығы үшін жыл-он екі айдың ішінен рамазан айын таңдаған екен. Олай болса, осынау таңдаулы айдың өзіне тән артықшылықтары да бар. Хақ Тағала ерекше айдағы ғибадатты бұлжытпай орындаған құлдарының мәртебесін де ерекше биіктетіп, мерейін асыруға уәде еткен.

Ардақты ағайын! Бұл – тиылу айы. Жеп-ішуден ғана емес, күнә атаулыдан, жамандықтан тиылу маусымы. Әсілі, күні бойы аш жүріп ораза ұстау қиын емес. Ең қиыны он екі мүшемізге ораза ұстату. Алла Елшісі (с.ғ.с.) оразаға қатысты өсиеттерінде:

مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ لِلهِ حَاجَةً فِي أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَشَرَابَهُ

«Кімде-кім жаман сөзі мен жаман іс-әрекеттен тиылмаса, оның тамақ жеуден және сусын ішуден тиылғаны Алла Тағалаға ешбір керегі жоқ» (Бұхари). Міне, бұл хадисте, оразаның маңызы құлақ, ауыз және көзді, қол мен аяқты теріс іс-әрекеттен тыю екені айтылуда.

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Расында, Алла өтірік айтуын доғармаған біреудің ішіп-жемін тоқтатқанына мұқтаж емес»,-деген. (Имам Ахмад, Әбу Дәуіт, Тимизи). Ендеше ауызбен қоса тілмен де ораза тұтуымыз қажет. Ибн Мәжә жеткізген риуаятта: «Қаншама ораза тұтушылар бар, олардың бар тапқан пайдасы – шөлдеу ғана», - деп ораза ережелерін дұрыс сақтамаған адамдардың оразасының қабыл болмауы мүмкін екендігін ескерткен.

Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті,

Қылғанменен татымды бермес жеміс, – дейді.

Хәкімнің бастапқы үші деп отырғаны Алланы, адамзатты және әділетті сүю болатын. Міне, осы үш «Имани гүл» кеудесінде бүр жарған адамның ғана соңғы төртеу – ораза, намаз, зекет, қажылығы қабыл болатынын алға тартады. Абай құлшылыққа рия араластырмауға шақырады. Мағжан Жұмабаевтың «Риялы ораза, намазбен, Өзіңді өзің алдама!» деуі де содан.

Рамазан – қайырымдылық айы. Сауаптар 700 есеге дейін еселенетін ай. Әнас (р.а.):

أَفْضَلُ الصَّدَقَةِ صَدَقَةٌ فِي رَمَضَانَ

«Садақаның абзалы – рамазандағы садақа», - деген (Тирмизи). Басқа уақыттағы қайырымдылықтан қарағанда рамазандағы садақаның ерекшелігі мен сауабы бөлек.

Бұхари кітабында, Ибн Аббастың (р.а.) мына естелігі бар: «Алла елшісі (с.ғ.с.) адамдардың ішінде ең жомарты еді. Ал, рамазанда Жәбірейілмен жолыққанда ерекше жомарт болатын. Жәбірейілмен рамазанның әр түнінде кездесіп, бірге Құран оқитын. Алла елшісі (с.ғ.с.) ескен желден де жомарт еді», - деген. Қадірменді ағайын, рамазанда жақсылық жасап жарысайық. Адам баласының ең үлкен жауы кім? Әрбіріміздің ата жауымыз – ол өз нәпсіміз. Ал, Рамазан нәпсімізді түзейтін тәрбие мектебі. Омар бин Хаттаб (р.а.) рамазан айы келгенде:

مَرْحَبًا ِبِمُطَهِّرِنَا مِنَ الذُّنُوبِ

«Қош келдің, қате-күнәларымыздан тазартушы құтты ай!», - деп айтады екен.

Осы ойды өлеңмен өрнектеген Мәшһүр Жүсіп бабамыз: 

Оразаң отыз күнгі – отыз кісі,

Бес кісі – бес намазың, білемісің.

Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,

Бұларсыз дәнемеге келмес күшің.

Жалпы, қателіктен ада, кемшіліктен пәк адам жоқ. Міне, санаулы күндерден соң есігімізді қаққалы тұрған қасиетті Рамазан айы қате-кемшіліктерімізді жуып-шайып, нәпсімізді тізгіндеуді үйрететін ай. Ендеше, осы айға келіп тұрып, Рамазанның жақсылығынан, сыйынан мақұрым қалмайық.

Рамазан – тілек айы, бата айы. Әркімнің Құдайдан бір сұрағаны бар ғой. Ендеше, міне, осы мүмкіндікті жіберіп алмайық. Отбасымыз үшін, ағайын-туыс, әріптесіміз үшін, еліміз үшін, тәуелсіздігіміздің баяндылығы үшін көп-көп дұға жасайық. Қаламызға, халқымызға, әрбір шаңыраққа қасиетті Рамазан айының молшылығы мен берекесін дарытсын деп тілейміз.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги:

Оқырмандардың пікірі (0)

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi