А.ТІЛЕУБЕРДИЕВ: «Қызым – үйде, қылығы – түзде...»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

А.ТІЛЕУБЕРДИЕВ: «Қызым – үйде, қылығы – түзде...»

| A | +

Қазақ халқы қыз тәрбиесіне аса мән берген. «Қызым – үйде, қылығы – түзде» деген тәлімді тұжырым айтқан бабаларымыз болашақ ананың жүріс-тұрысына, әдебі мен қылығына, тәрбиесіне көңіл бөлген. Өйткені, «қыз қылығымен сүйкімді» деп түсінген.

Бәріміз ұл мен қыз өсіріп отырғаннан кейін олардың тәлім-тәрбиесіне алаңдаймыз. Осы ретте салиқалы қыз тәрбиелеудің бірнеше әдебі мен тәсіліне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Дұға жасау. Барлық пайғамбарлар Алладан салиқалы ұрпақ тілеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне Жаратқан Жаббар Иемізден тәрбиелі, салиқалы, құлшылығын толық орындайтын ұрпақ сұрауды үйреткен. Біз, қазақ халқы, Алладан ұлықты ұл, қылықты қыз сұраған жоралы жұртпыз.

Тәрбиелі жар таңдау. Халқымызда «Шеше көрген тон пішер» деген қанатты сөз бар. Иә, қыздың тәрбиесінде ананың алар орны ерекше. Өйткені ер азамат уақытының көп бөлігін түзде өткізеді. Ал қыздың қасында болатын, оның тәрбиесіне көңіл бөлетін адам – ана. Қыз анаға қарап өседі. Сондықтан, жар таңдауда ибалы, иманды, адамгершілігі мол, тәрбиелі қызға сөз салу – дінімізде де, дәстүрімізде де бар құндылықтар. Ізгі ғұламалар ұрпағының тәрбиесіне алаңдаған адам тәрбиелі жар таңдайтынын айтқан. Демек, жақсы жар таңдау – жақсы ұрпақ көбейту деген сөз.

Қыз баламен қашан да жұмсақ қарым-қатынас жасау. Бала ата-анасынан жылулық сезінбейінше, оның бойында мейірім-махаббат оянбайды.

Қыз бала тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу қажет. Аптасына бір уақытты арнау – оның тәрбесін жүйелі қадағалауға мүмкіндік береді. Бала болған соң, теледидардан көргенін қайталайды. Бұл – бүлдіршінге тән табиғи құбылыс. Сондықтан оған ұдайы көңіл бөлген абзал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Балаға бір рет көңіл көліп, тәрбие беру – бір сағ (бір сағ – 2120 граммға тең) көлемінде садақа бергеннен де жақсы»– деген.

Оның қолымен қайырлы істер жасау керек. Мысалы, көшеде кетіп бара жатырмыз делік. Жол бойында қайыр сұраған қарияға, мүгедекке балаңыздың қолымен нан, ақша, т.б. беру. Болашақта мұндай қайырлы істер оның бойында қалыптасып, өмірінде көрініс табады. Отбасымен бірге науқас адамды зиярат етудің, қайырымдылық шараларға қатысудың маңызы үлкен.

Осы ретте мына бір оқиғаны айта кеткен жөн. Жуырда әлеуметтік желілерде мектеп жасындағы кішкентай қыз баланың жол жиегінде қайыр-садақа сұрап тұрған атаға садақа бергені туралы бейне таралды. Осы видеоға қарасаңыз көп ой түйесіз. Өзіне берілген тиын-тебенді сөмкесінен алып, әлгі кісіге беру үлкен ерлік емес пе? Әрине, әлгі кішкентай қыз бұл тәрбиені ата-анасынан алғаны ақиқат. Баланың қолымен қайырлы амалды жасау деген сөздің мәнісі осында. Егер қыз балаға садақа беру сынды амалды үйретпегенде ол өздігінен біреуге көмектесу дегенді білмейтін еді. Бала психологиясында «кішкентай бүлдіршін көргенін істейді» деген қағида бар. Бұл қағиданы халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзімен әспеттеуге болады.

Қыз балаға сыйлық беру. Қыз бала жаратылысынан нәзік, сезімтал жан. Сыйлық кез-келген жүректі жібітеді. Сыйлық беру арқылы баланың жігерін оятып, қуанышын арттыруға болады. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сыйлық беру адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты оятып, мейірім мен бауырмашылдық сезімді арттыратынын айтқан. Мереке күндері, аптаның айтулы сәтінде, әсіресе, айт мейрамы, қасиетті жұма күндері отбасын қуанышқа кенелтеу, оларға сыйлық тарату – сауапты іс.

Сыйлық берудің мәні ерекше. Өйткені әкесінен сыйлық алып көрмеген қыз бала біреудің берген сыйлығынан қатты әсер алады. Психологтардың айтуынша, отбасында жылы сөз естімеген, сыйлық алып, жылулық сезінбеген қыз бала өсе келе өзгенің жылы сөзі мен сыйлығынан әсер алып, соның жетегінде кетеді...

Қыз балаға құрмет көрсету. Біздің халқымыз қыз баланы төрге шығарып, ерекше құрмет көрсеткен. Отбасында құрметке бөленген ол тұрмысқа шыққан кезде де құрметке бөленеді.

Қыз баланы тұрмыстық өмірге дайындау. Бұл – аса маңызды амалдың бірі. Қыз баланы киім тігуге, тамақ пісіруге, жарын құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, қонақ күтуге, т.б. құндылықтарға үйретсек, ол тұрмыстық өмірде анасы көрсеткен тәрбиені қайталайтын болады.

Киіміне мән беру. Осы ретте қыз баланы жас кезінен бастап әуретті жерін жауып, дін мен дәстүрге сай киінуге үйретудің маңызын ерекше атап өтер едім. Өйткені киім – қыз баланың ары мен ұяты.

Алла Тағала ибалы қыз өсіруді, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді баршамызға нәсіп еткей! Әмин!

Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ,

Алматы қаласы Медеу ауданының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Имамдар тек шариғи емес, дүнияуи де білімге ие болуы тиіс Қағбаның қандай құпиясы бар?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Адал ас және арлы ұрпақ
Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Адамзат Хақ Тағала тарту еткен нығметтерді игілігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ болуына мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет халал болып табылады. ...
Исламдағы отбасы Отбасындағы өзара үйлесім
Шаңырақ көтеретін кезде жұбайлар бақытты отбасы құрамыз деген үмітте болады. Бір-біріне қуаныш пен қайғыны тең көтереміз деп уәде береді. Қасымда ет жақын адамым ғана емес, менің өмірлік тірегім, көмекшім бар деген сенімде болады. ...
Исламдағы отбасы Ерлі-зайыптылар білуі тиіс зікірлер мен дұғалар
Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Шаңырақтың баянды болуын, ортадағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың сарқылмауын місе тұтады....
Исламдағы отбасы Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?
Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi