Мұсылманның қорғаны – тақуалық
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Мұсылманның қорғаны – тақуалық

| A | +

Тақуалық – Алла Тағаладан шынайы қорқу. Қай жерде, қай сәтте болса да. Дұға мұсылманның қорғаны болғандай-ақ, тақуалық та бір қорған. Сондай-ақ тақуа адам әлбетте намазын оқитын, оразасын ұстайтын, зекетін беретін, шамасы келсе қажылыққа құстай ұшатын талабы мол пенделердің қатарынан. Десек те тақуалықты әркім әрқалай түсінеді. Нақты сипаттарын қалай білеміз? Ол туралы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ізбасарлары сахабарлардың айтқандарына құлақ түрелік. Дара да дана сахабалардың бірі Әли (р.а.) өзінен тақуалық жайында сұралғанда жіпке тізгендей қылып былай депті:

Тақуалық – Алладан қорқу. Құран мен сүннетке амал ету. Қайтар күнге дайындық және азға қанағат қылу.

Осы жауаптан кейін Һумам (р.а.): «Тақуаларды көз алдымызға елестетіп тұратындай етіп сипаттап берші» дейді.

Сонда Әли (р.а.):

«Тақуалардың істері тек жақсылыққа бағытталған, сөздері тек шындыққа негізделген, киімдері қарапайым, болмыс-бітімі кішіпейіл, көздерін харам нәрседен тыя біледі, құлақтарын пайдалы ілімге түреді, қиыншылықты да, қуанышты да бірқалыпты қарсы алады, егер ажал болмағанда олардың рухтары Аллаға деген сағыныштан тәндерінде бір сәтке болса да тұрмас еді. Алланы және Оның Елшісін бұл дүниеден артық қояды. Олар ахиретті уайымдап үнемі жабырқап жүретін пенделер. Жаман істерден сақтанған жұқа өңді, қанағатшыл, пәк жандар. Қысқа өмірге сабыр сақтап, мәңгі өмірдің рахатын тапқандар. Олар дүниеден бет бұрса да, ол қыр соңынан қалмайды. Дүниеге тұтқын болса да, оған еш сырын ашпайды. Түндерде намазға тұрып, жүздерін жасқа толтырады. Көз жастарын Құран оқумен құрғатады. Егер де жәннат жайлы бір аят оқылса, оны аңсап, сағынышпен ұмтылады. Ал, егер тозақ туралы бір аят оқылса, онда тозақтағы қорқынышты дауыстар құлағына шалынып тұрғандай оны жүректерімен мұқият тыңдайды. Сол сәтте тізелерін бүгіп: «Тозақтан құтқар! Тозақтан сақта!», - деп Алладан жалбарына сұрайды. Күндіз олар мейірімді жандар. Үнемі қорқынышта бой түзеп, жақсылық жасаушы ғалымдар. Алладан қорыққандары соншалық оларды көрген адамдар науқас деген ойға қалады. Бірақ олар науқас емес, өлімді жиі еске алған жандар. Өздерінің аз амалдарына қанағаттанбайды, ал егер де көп болса масаттанбайды. Амалдарының жойылып кетуінен қорқып, нәпсілерін үнемі тізгіндеп отырады. Олардың бірі даналық танытса, халықтың мақтауынан қорқады. Сонда ол: «Халық айта береді. Мен өзімді халықтан жақсы білем. Ал, Алла Тағала мені менен де жақсы біледі. Аллам олардың білмей айтқан сөздеріне мені жазалама. Олардың ойлағанынан мені жақсырақ қыл да, олардың білмей айтқан сөздеріне мені кешіре гөр», - деп жалбарынады. Олардан мына сипаттарды байқау қиын емес: діні берік, қайғыға берілмеу, иманы кәміл, білімге құштар, әділдік, қиыншылыққа сабырлы, кедейлікке төзімділік, адалға ұмтылу, бойұсынуға белсенділік және қайыр сұраудан ұялу. Олар үнемі жақсы амалдар жасайды. Кеш батса жан-тәнімен шүкірде, таң атса зікірде болады. Жатарда сақтанса, таң атқанда қуанады. Ғафілеттен сақтанып, кеңшілік пен рахметке қуанады. Өздеріне қиын болса да, нәпсісінің қалағанын жасамайды. Білімін кішіпейілділікпен жайып, сөздерін амалмен атқарады. Олардың ниеті қабыл, қатесі аз. Нәпсілері қанағатта, жүректері қорқынышта. Тамақты аз жейді. Істері жеңіл, діні тірі, шәһуаты өлі, ашуы ауыздықталған. Олардан тек жақсылық күтесің. Жамандық көрмейсің. Егер де Алланы еске алушылармен бірге болса қаперсіздерден болып жазылмайды, ал, қаперсіздермен бірге болса Алланы еске алушылардан болып жазылады. Зұлымдық еткендерді кешіреді. Біреу оның ақысын жесе де, ол оның ақысын жемейді. Араздасып алыстап кеткен туысқандарының арасын жақындатады. Бұзақылықтан алшақ, сөйлеген сөзі жұмсақ. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. Қиыншылыққа сабырлы, қуанышта шүкірлі жандар. Жеккөрген адамын ренжітпейді. Жақсы көрген адамына зиян бермейді. Куәгерсіз шындықты мойындайды. Аманатқа қиянат қылмайды. Біреуді кемсітетін лақаб атымен атамайды. Көршіге зиян бермейді. Адамдардың қайғысына қуанбайды. Жалғанға жақындамайды, шындықтан шықпайды да. Егер күлсе дауысын көтермейді, үнсіз қалса біреуді ренжітпейді. Егер де біреу қастық жасаса, Алла Тағала оның жазасын бергенше сабыр етеді. Нәпсісі одан қиналады, адамдар одан рахаттанады. Біреуді жақсы көрсе де, жаман көрсе де ол ісі тек Алла үшін болады. Оған біреу жақындаса жұмсақтықпен жақындайды. Егер одан біреу алыстаса тәкаппарлықпен емес, бәлки жақсы себеппен алыстайды» деген екен.

Нағыз бақыт деген не? Ол қайда? Ол әрине тақуалықта. Тақуалықты ту еткен пендеге сөзсіз жәннаттан орын бұйырады. Ал, енді жәннатқа барудан артық қандай бақыт болуы мүмкін. Біреулер дүние, байлық болса сол бақыт дер. Байлық болса болсын. Бірақ та жүректе емес, қолда немесе қалтада болсын. Ал, жүректе тек тақуалық қана тұрақтауы керек. Тақуа болайықшы!

Нұрқанат Байзақ

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: тақуалық
Предыдущий Следующий
Бас мүфти: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Пайғамбар мешіті туралы 9 қызықты дерек 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алланы зікір ету ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
Түннің бір мезгілінде Ұлы Алламен бірге болу, яғни оған құлшылық жасау – құл үшін теңдесі жоқ бақыт пен зор қуаныш- тың қайнар көзі. Жаратушы Иеміздің осы уақыттарда жасалатын құлшылыққа разы болуы тұрғысынан да бұл уақыт айрықша рақым мағфират (кешірім) пен лүтуфқа (сый-сияпат) бөленудің ең оңтайлы...
Алланы зікір ету САУДАҢЫЗДЫ БЕРЕКЕЛІ ЕТЕТІН ДҰҒАЛАР
Бір іске кіріскенде (мысалы, сауда-саттық, диқаншылық немесе үй салу т.б.) бұл дұғаның көп пайдасы бар: «Раббәнәә әәтинәә мил-ләдункә рахмәтәу-уа һәййи ләнәә мин әмринәә рашәдә» («Кәһф» сүресі, 10-аят.)...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi