Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: Әл-Әзһар университеті – қазақтың салған оқу орны деп айтуға болады
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: Әл-Әзһар университеті – қазақтың салған оқу орны деп айтуға болады

| A | +

«Ақида дәрістері», «Құран экзегетикасы» сынды діни тағылымы мол кітаптардың авторы, Исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы – отандастарымыз бен әлеуметтік желі қолданушыларына білікті уағызшы ретінде кеңінен танымал. Бүгін сіздердің назарларыңызға Ризабек Батталұлымен болған сәті түскен сұқбатымызды ұсынамыз.  

 

 

– Ассалаумағалейкум, Ризабек ұстаз! Сұқбатымызды, ең алдымен, сіздің туған жеріңіз, өскен ортаңыздан бастасақ. Қай жылы, қай мекенде дүниеге келдіңіз?

 

- Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим! Мен 1980 жылдың 5 ақпан күні Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тәттімбет ауылдық округі, Ақтасты ауылында көпбалалы отбасыда дүниеге келдім. Қарқаралы – мұқым қазақияға белгілі өлкелердің бірі. Негізі Қарқаралыға қарасты, кезінде жеке аудан болған Егіндібұлақ өңірінен. Кейіннен екі аудан біріккен. Егіндібұлақ бір кездері Қазыбек би ауданы деп те аталған. Ал, Ақтасты ауылы осы аудан орталығынан 60 шақырым жерде. Ақтасты – көне атау. Қағаз жүзінде осылай. Аржағы – ақын Мәди Бәпиұлы, бержағы – Нұрмақов ауылдарымен көршілес жатқан Ақтасты – менің кіндік қаным тамған жер. Тоқ етері, мен сол Ақтасты ауылы Түндікті өзені бойында қарапайым инженер отбасында туып өстім.

 

Әкем Баттал осы жерде 1938 жылы дүниеге келді. Савхоздың бас инженері болып 20 жыл қызмет атқарды. Кейіннен 90-жылдары денсаулығына байланысты жұмыстан демалысқа шықты. Әкеміз 20 перзент сүйді. Яғни, 12 қызы, 8 ұлы болды. Мен соның ішінде 12-ші перзентпін. Қазір 19-ы дін-аман. Аллаға шүкір, былтырғы Рамазанда 19-ымыз да тегіс ораза тұттық.  

 

Содан еліміз тәуелсіздік алған бойда Әкем жеке мал шаруашылығымен айналысып, балаларын тегіс оқытты. Тағдырдың жазуымен әкеміз 75 жасқа қараған тұста, 2013 жылдың сәуір айында дүниеден озды. Екі анам бар. Бірінші – Бақытай анамыз. Алты құрсақ көтерген. Ол кісі бақилық болған. Екінші – өз анам. Құдайдың қалауымен 14 құрсақ көтерген. Анамыз бәрімізді бөліп-жармай бағып-қақты. Бауырларымның алды 60-қа келіп жатыр, соңы 24-те.

 

Балалық арман

 

Әкем бас инженер болып қызмет еткесін бе, мен жастайымнан бастық болуды армандадым. Тіпті бізден әкеміз «өскенде кім боласыңдар» деп сұрағанда, өзімнен бір жас кіші інім – инженер, үш жас кіші інім – милиция, ал мен – бастық болам деп жауап беретінбіз. Әкем болса «бастық деген мамандық болмайды, оның оқуы жоқ, тек жақсы оқып, жақсы жұмыс істесең ғана бастық боласың» деп ұқтыратын еді. Сонда да «мен бәрі бір директор болам» дейтінмін.

 

Жастық шақ

 

Балалық шағым ауылда өтті. Ауылымыздағы №32 мектепте орта білім алдым. Отбасымызда барлық бала жақсы оқыды. Аллаға шүкір, біреуден кейін, біреуден ілгері – орташа өмір сүрдік. Әкеміз қолынан келгенше бәрімізді оқытып жеткізді. Еліміз тәуелсіздік жылдары ауылдар тарап, құлдырап жатқан нарықтық шақта әкеміз көргендік танытып, жанына үшінші ұлы – ағамды ертіп «Мерей» шаруа қожалығын құрды. Сол кезден бастап біздер малға икемделе бастадық. Мен жылқы малын жақсы көрдім, бірақ ол кезде ұрлық қатты, жылқы малын өсіру оңай емес еді. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дегендей, әкем басым күшті қойға салды. Сөйтіп, жылқыға қызығып, тоғызыншы сыныптан оқуымды тастап келген мені әкем қой бақтырып, қойдың соңына салып қойды. Бұл менің өмірдегі ең бір ауыр сәттерім шығар. Өзім қой баққанды жек көрдім. Өзіңіз білесіз, мал шаруашылығының ішіндегі ең ауыры қой бағу: оның дембе-дем жүнін қырқу бар, жем-шөбі бар, төлі бар, жалпы бұл жұмыс адамнан үлкен ыждағаттылық пен сабырды талап етеді. Қарап тұрсаңыз, Ислам тарихында бүкіл пайғамбарлардың қой баққандығы айтылады. Мұның хикметі адамды сабыр мен төзімділікке баулу екен. Ал Пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) өте сабырлы адамдар болған.

 

 

Дінге қызығушылық қай кезден бастау алды?

 

- Әкеміз газет-журнал көп оқитын. Тәуелсіздік жылдарында шыға бастаған «Ислам әлемі», «Шапағат-нұр» және басқа да діни басқарманың басылымдары біздің үйден табылатын. Мен өзім сол басылымдардан арақ ішу, темекі шегу сынды күнәлардан бойды аулақ ұстау керектігін оқып үйрендім. Үйде әжеміз де намаз оқитын. Әжеміздің кимешегі, қолдан тіккен жайнамазы үйімізде әлі тұр. Сонымен әкеміз егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап намазын оқып, оразасын тұтып, біржола құлшылыққа бет бұрды. Тіпті арабшаға тілі келмей, жаттай алмаған намаз сүресі мен дұғаларын жайнамазға жазып қойып жаттаған кездері әлі есімде. Сондықтан да менің дінге қызығушылығым отбасымнан басталды десем болады.

 

1999 жылдың қысы, ораза кезі

 

Әкем, «ертең ораза ұстаймын, ауыз бекітуге анау-мынау дайындап қойыңдар» деп тапсырды. Мен де өзімше «ораза ұстаймын» деп қолқа салдым. Ертесіне тұрсам таң атып кеткен, оларға «мені неге оятпадыңыздар» деп жата кеп ренжідім. Ол жылы әкем мен әпкем ғана ораза ұстады. Ал мен «биыл үлгере алмадым, келесі жылы ұстаймын» деп өзімді жұбатқандай болдым. Сөйтіп, 2000 жыл да келді. Содан мен биыл ораза ұстап, намаз оқып бастайын деген ойға іштей бекідім. Сол уақыттарда әкем Халифа Алтай аударған Құранды оқып тұратын. Бір күні әкем мал жайғаймын деп сыртқа шығып кетті. Байқасам, Құранның беті ашылып қалған екен. Кітапқа қарап қызыға бастадым. Оқып көрейін деп те ойладым. Бірақ дәретсіз ұстауға болмайды. Не керек, өзімнің оқып-үйренгенім бойынша дәрет алдым да, кітапты оқып көрдім. Сөйтсем онда тек қазақша емес, арабша да жазулар бар екен. Маған сонда іштей ой келіп, «Құдай, маған да Құранның арапшасын оқитын күн туар ма екен» деп армандадым. Мүмкін Алла сол кездегі дұғамды қабыл еткен болар. Содан Құранды арабшасынан оқығым кеп, өз бетімше араб әріптерін үйренуге бел будым. Бір қызығы, әріптерді үйреніп жүрген шағымда сыртқа мал жайғауға шыққан сайын қолымдағы күректің сабымен қар бетіне әріптерді ойып жазатынмын. Мұның бәрі менің оқимын деген ниетімнен туған нәрселер болатын. Сөйтіп жүріп 28 әріпті өз бетімше жаттап та алдым. Бірақ, әріптерді қосып оқи алмаймын. Ақыры ораза айы келіп намазға жығылдым. Әйтеуір, орталықтан 14 шақырым жердегі әке-шешем мен аға-жеңгемнен басқа ешкім жоқ қыстақта осылай өмірім өтіп жатты.

 

Бір намазды бірнеше рет қайтара оқыдым

 

Намазды жаңа бастап жүрген кезімде, намазды аяқтап екі жағыма «ассалаумағалайкүм уа рахматуллаһ» деп сәлем бергенімде, бауырларым «уа ғалайкүмассалам» деп күлдіретін. Мен намазым дұрыс болмады деп, қайта оқитынмын. Сөйтсем екі жаққа сәлем берсең болды, намазың біткен болып есептелі екен ғой... (жылы жымиып күлді)

 

Қалаға жол тарту

 

Әкем үш ағайынды. Өзінен үлкен Нәптал деген ағасы ауылда тұрды. Өзінен кіші Төлеген деген інісі жоғары ілімі бар оқыған адам. Ол қалада тұратын. Бір күні әкемізбен қалаға келдік. Әкемнің інісінің үйіне қондық. Таңертең сәресіне тұрып, намаз оқып алдық. Содан әкем маған қарап, «балам, сен намаз оқисың, ораза тұтасың, сен осы діни оқу оқысаң қайтеді? Мен балаларымның біреуі дін оқыса деймін...» деді. Маған да сол керек, көктен іздегенім жерден табылғандай қуанып, келістім.  

 

Алғашқы білім баспалдақтары 

 

Мен алғашқы білім баспалдақтарына Қарағанды Орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсынан аяқ бастым. ҚМДБ-ның арнайы жіберген түрік ұстаздан Құран оқуды жетік меңгеріп, 2 пара Құран жаттадым. Діни білімімді жетілдіріп, түрік ұстазбен сүйектерге түсіп, жаназаларға қатысып жүрдім. Жаз шыққанда оқу бітіп, ауылға кетіп қаламын. Күзде әкем оқуға қайта әкеп тастайды. Сөйтіп жүргенде 2002 жылы Діни басқарма тарапынан әр өңірден 3 бала Түркияға оқуға кету керек деген тапсырма түсті. Соның ішінде маған да шақырту келді. Бірақ, менің орныма басқа біреу кетіп, мен бара алмай қалдым. Есесіне, 2003 жылы Нұр-Мүбаракқа оқуға түсудің мүмкіндігі туды. Одан әрі 2005-2006 жылдары Мысырдың дайындық курсына жолдама алдым. 2006-2007 жылдары Сәнауияның үшінші курсын тәмамдап, 2007-2008 жылдары Әл-Әзһар университетіне түстім. 2011 жылға дейін 4 жылдық бакалаврлық білім алып, 2011-2012 жылдары Мысырдағы араб ілімдерін зерттеу жоғары институтына магистратураға қабылдандым. 2014 жылы Қазақстанға келіп, Нұр-Мүбарак университетінде «Әһлү сүннет уал жамағат ұстанымындағы Илаһи сипаттар түсінігі» деген тақырыпта магистрлік диссертациямды сәтті қорғап шықтым. Қазір Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша PhD докторантымын.

 

 

Шетелден білім алған жеріміз – Мысыр

 

Мысыр – қазақ баласы үшін жат емес. Ол бабаларымыздың табаны тиген, сұлтандық құрған жері. Біз де оларға жат емеспіз Осы ретте мен Мысыр туралы өскелең ұрпақтың білуі міндетті нәрселерді айтқым келеді.  Мәселен, мен білім алған Мысырдағы әлемге әйгілі Әл-Әзһар университеті – қазақтың салған оқу орны деп айтуға болады. Оқу орнының тарихына үңілсек, алғашқы кезеңде Мысырды Фатимиттер билегені белгілі. Кейіннен Салахаддин Аюбидің ықпалымен Мысырдағы шиіттік бағыттағы мешіттер жабылады. Бір ғасырдан кейін Бейбарыс Сұлтан бабамыздың ықпалымен мешіттер қайта ашылып, сүнниттік бағыттағы оқу орны болып қызмет көрсете бастайды. Сондықтан да Әл-Азһар университетін Мысырлық деп қана емес, оны қазақ негізін қалаған алғашқы оқу орны деп тануымыз керек. Бұл – тарихи дерек.  

 

Біз көп жағдайда өзіміздің төл тарихымыздан бейхабар қалып жатамыз. Біздің бабаларымыз исламға орасан зор еңбек сіңірген. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жерленген мешіттің күмбезін Бейбарыс атамыз тіктеген. Сонымен қатар, Пайғамбар (с.ғ.с.) қабірі жанындағы екі сахабасының мүрдесінің ұрланбауы үшін, жерді қаздырып тосықтар жасатып, тіпті Крес жорығы кезінде Ливан мен ислам әлемін басқыншылардан сақтап қалған да біздің Қалауын сынды батыр бабаларымыз болған.  

 

Тағы бір айта кететінім, менің доқторлық диссертация тақырыбым «Қауамиддин әл-Итқанидің еңбектеріндегі кәламдық мәселелер». Әл-Итқани Фараб аймағының Иқан деген жерінен шыққан. Көптеген еңбектер жазған. Білім жолымен сонау Дамаскіге, одан әрі Мысырға барып, ондағы «Сарғашмаш» атты Ханафи мазһабының негіздерін оқытатын медресенің директоры болған.

 

Сондықтан да біз бабаларымыздың өмірі мен артқа қалдырған мұраларын зертеп-зерделей білгенде ғана, өскелең жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезімін берік орната білеміз деп ойлаймын.

 

 

Еліміздің діни салаға қай кезден бастап кірістіңіз? Ұстаздық жолыңызды қай кезден бастау алды?  

 

- Мен Мысырдан 2014 жылы келдім дедім ғой. Сол жылы Нұр-Мүбарак университетіндегі «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығына ғылыми қызметкер болып қабылдандым. Менің елге келгендегі алғашқы діни қызметім осы орталықтан басталды. Онда екі жыл жұмыс атқардым. Орталықты қазіргі ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау Әділбаев мырза жетекшілік етті. Бауыржан Әлиұлы, Жасұлан Жүсіпбеков сынды исламтанушы ғалымдармен бірге жұмыс жасадым. Сол жылдары Әбу Ханифаның артынан мұра болып қалған жеті еңбегі негізінде жазылған «Имам Ағзам тағылымы» атты кітапты шығардық. Жат ағымдарға тойтарыс ретінде жазылған Әли Жұманың «Дінде шектен шыққандар» атты кітабын аудардық. РАНТ-қа мүшелікке қабылданып, жергілікті өңірлерге, оқу орындарына, түзету мекемелеріне барып, жат ағымнан сақтану, олардың белгілері сынды тақырыптарда уағыздар айттым. 2015-2016 жылдары магистрлік диссертациямды қорғадым. Содан бері Нұр-Мүбарак университетінің Исламтану кафедрасында Ақида сабағы бойынша дәріс беріп келемін. Сонымен қатар 2017-2018 жылдары аталмыш оқу орнының докторантурасына түсіп, білімімді шыңдаудамын.     

 

Көзі қарақты оқырмандарға сіздің «Ақида дәрістері» атты кітабыңыз жақсы таныс. Жалпы осы кітап туралы айтсаңыз. Бұл кітаптың жазылуына не түрткі болды? Бұл кітаптың әлеуметтік маңызы қандай?   

 

- «Ақида дәрістері» аударма кітап. Оны бірнеше кітаптар негізінде құрастырып шықтым. Менің еңбегім соларды аударып, құрастыру ғана. Бұл кітап негізінен әл-Азһар университетінде бастауыштық деңгейдегі діни білім алушыларға арналған. Яғни, «Таухидтегі таңдаулы мәселелер» («Әл-мұхтар минат-Таухид») атты кітаптың аудармасы. Сондай-ақ, біз өз кезегінде дәстүрлі сенім мектебіміз – Матуруди ақидасының Әбу Ханифа мен Тахауидің сенім негіздерінің жалғасы екендігін осы кітап арқылы дәлелдей білдік. Бұл кітап қазір де өз маңызын жоймай, дінге қызығушылардың сауатын ашып, септігін тигізуде.           

 

 Бұдан бөлек сіздің «Құран экзегетикасы» атты кітабыңыз 2-3 жылдың көлемінде жарық көріп, оқырманның көзайымына айналып үлгерді. Мұндағы «экзегетика» сөзіне тоқталсаңыз. Жалпы кітап қандай тақырыпта жазылған?            

 

- Біз бұл кітапта салафизм ағымының ақидасы сахабарлардың сеніміне сай келмейтінін Құранның таңдаулы 9 тәпсір кітабын аудару арқылы дәлелдей түстік. «Құран экзегетикасы» үш бірдей қазақша, арабша, орысша тілдерінде жазылған аударма кітап деуге болады. Бұл кітапты «Астарлы (муташабиһ) аяттардың тәпсірі» деп те атағымыз келген. Бірақ оны ғылыми тұрғыдан әлемдік діни терминологияда кең қолданыс тапқан «экзегетика» (тәпсір түсінігі, түсіндірмесі) деп атауды жөн көрдік.

 

 

Отбасылық өміріңіз туралы сыр шертсеңіз?

 

- Оқу қуып, Мысырда жүріп кеш үйленген жайымыз бар. Дегенмен, өкініш жоқ. 28 жасымда үйлендім. 4 балам бар. Үлкені – қыз. Аты – Райан. 2009 жылы дүниеге келді. 2011 жылы екінші перзент сүйдім. Аты – Мұхаммедбашир. Елде келіп 2015 жылы – Дінмұхамед, 2017 жылы – Ер-Мұхаммед дүниеге келді. Алла қаласа, алда да ұлдарыма Мұхаммед деген аттарды қоя бергім келеді. Жарым – Шолпан. Оңтүстіктен. ҚарГУ-ды бітірген. Қазір Нұр-Мүбаракта университетінің исламтану мамандығының 1-курс магистратранты. Әл-Азһардың 3 жылдық сәнәуи білімін алды. Құранның 8 парасын жаттаған. Қыз балаларға араб тілінен, Құран жаттаудан дәрістер өтеді.  

 

Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз бар?

 

- Алдағы уақытта ел игіліге ұсынсам деген 3-4 еңбегім бар. Солардың бірі – «Сенім тұтқасы» атты кітабым. Ол өзімнің айналысып жүрген бағытым бойынша жазылды. Қазір кішігірім тексерістен өтіп, өңделу үстінде. Алдағы уақытта жарық көріп қалады. Сосын «Дүние мақшары» атты кітабым да дайын тұр. Бұл кітапта қияметтің белгілері туралы баяндалады. Қалғаны аудармаға қатысты еңбектер.  

 

 Қазақ қоғамында имамдардың рөлі қандай болу керек? 

 

- Жалпы халқымыздың имамдарға деген құрметі мен көзқарасы жаман емес. Негізі діндарды құрметтеген халықпыз ғой.

 

 

Жастарымызға теріс діни ағымдар жетегінде кетпеудің алғышарттарын айтсаңыз?  

 

- Бірінші жолы – білім жолы. Екінші жолы – отбасы институты, яғни әрбір бала отбасыдан дәстүрлі діни-таным құндылықтарына сусындап өсуі керек. Сонда ол көлденең көк аттыға ілесіп, жат ағымның жетегінде кетпейді. Қайта тереңге тамыр жайған ұрпақ болып өседі. Кейде, елінен безіп, жиһад деп қару асынған қандастарымыздың көбі дәстүрлі дініміздің уызына жарымағандықтан, осындай әрекеттерге барған болуы керек деп ойлаймын.            

 

Жастар тәрбиесіндегі діннің рөлі қандай?

 

- Әрине, дін – адам өмірінің негізгі құндылықтарының бірі. Сол үшін де, жастарымызды тәрбиелеуде діннің рөлі үлкен. Дегенмен, жастарымыз отаншыл болсын десек, әртүрлі жат ағымдардың жетегіне ермей, бабаларымыз мың жылдан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі діни жолымызды кеңінен насихаттай беруіміз керек.

 

 

 Отбасылық өмірдің тұрақтылығын сақтау үшін отбасы мүшелері неге мән бергені дұрыс? Діндегі отбасы құндылығының орны қандай?

 

- Отбасының тұтастығы мен берекесі – қазақтың ұлттық тәрбие негіздерінде жатыр.

 

Қандай арманыңыз бар?

 

- Ел-жұртымыз тыныш болсын. «Ораза, намаз – тоқтықта» дегендей, бейбітшілігіміз баянды болсын. Ұрпағымыз қияметке дейін тәуелсіз елде өмір сүрсе екен деймін. Басқа арманым жоқ.

 

Сізді не қатты қуанышқа бөлеп, не нәрсе мұңайтады?

 

- Мен үшін ең үлкен қуаныш – елімнің тәуелсіздікке қол жеткізуі. Менімше, қазақ үшін бұдан асқан қуаныш та бақыт та жоқ. Қарасаңыз, біз осы Құдай берген тәуелсіздіктің арқасында емін-еркін құлшылық жасап, қажылығымызды өтеудеміз. Мүфтиятымыз бар, Нұр-Мүбарактай бірегей оқу орындарымыз бар. Мұның бәрі егемендіктің арқасы. Менің қуанышым осы. Ал, мені қатты мұңайтатын нәрсе осы нығметтен айрылып қалмасақ екен деген қауіп пен үрей.

 

 

Жастарға айтарыңыз?

 

Құранның алғашқы түскен сөзімен айтқанда, жастарымыз ТЕК ҚАНА ОҚУ КЕРЕК! Ал, Алаш арыстарының сөзімен айтқанда «білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деймін. Сондықтан жастарымыз білім мен ғылымды игеруге бар күшін салуға тиіс. Сонда ғана біздің тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болмақ.

 

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

azan.kz

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Құрандағы «ДАУЫС» мұғжизасы Қалай өмір сүрсең, жан тапсыруың да солай (сондай халде) болмақ..

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Алматы: «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жыл басынан қолға алынған бұл шара, расында, көңілдерге шуақ сеуіп, жүректерге жылу сыйлады....
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Қоғам Тәуелсіздік күнін тойлауға бола ма?
Әз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетіне, маржан сөздері мен істеріне көз жүгіртіп көрейікші. Тәуелсіздік тақырыбына қатысты қандай дүниелер бар екен? Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  тәуелсіздік деген ұғымды жақтар ма екен, әлде даттар ма екен?...
Қоғам Бас мүфти: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қастерлі мерекеміз құтты болсын! Әр жанұяға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ, мықты денсаулық, Алланың амандығы мен тыныштығын тілеймін....
Қоғам Еркінбек ШОҚАЙ, Алматы қаласының бас имамы: Ұлттық дәстүріміз Ислам дінімен біте қайнасқан
Дінге деген әртүрлі көзқарас – еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері халқымыздың бас ауруына айналған. Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі жолды жоққа шығарып, өз бетінше діндар болғысы келетіндер қарасы көбейген. Осы орайда діни сауаты жоқ адамдарды арбап алатын ағымдармен күрес қалай ...
Қоғам ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ АБЗАЛДЫҒЫ
Бүгінгі мұсылман үмметіне де хақ дін Исламның асыл құндылықтарын және оның экстремизм, фундаментализм және лаңкестік сынды жат ұғымдардан ада екенін жер-жаһанға паш етіп, өзге ел-жұрттың көкірегіне ақиқат нұрын құя білу үшін шет тілдерін, әсіресе, әлемдік тілдерді жоғары деңгейде меңгеру қажет....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:35

Бамдатқа дейін 00:38

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi