Кешірім айы Рамазанға бір қадам
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Кешірім айы Рамазанға бір қадам

| A | +
Бірде бір бауырымыз өзгелердің Рамазанды асыға күтіп жүргенін көргенде: «Шөлдеу мен ашығу айын өзгелер не үшін асыға күтеді екен?»,- деп өзінің ораза тұтып жүргенін елестете алмағандығын айтып берді. Ораза ұстайтын мұсылмандарға әрі жақындарының ниеттеріне күмәнмен қарайтын. Оның Рамазанға деген алғашқы кездегі түсінігі осындай еді.
 
Бірнеше Рамазан айы өткен соң ол осы айды иманы ілініп- салынып, әлсіреп жүрген бір жылымен салыстырды. Бәлкім, бұл салыстыру дәл түспесе де көпшілігіміздің басымызда бар дүниелер болып шықты.
 
Жыл бойы біз өзіміздің дінімізге қажетсіз бос нәрселермен әуестеніп кетеміз, я болмаса зиянды нәрсемен айналысып қаламыз. Бұл кезде біз жақсы мен жаманға аса мән де бермей кетеміз. Рамазан айы туғанда ғана Аллаға ықыласпен құлшылық ету және күнәдан бас тарту керектігін есімізге аламыз.
 
Мұның себебі, кімде кім шын ықыласпен, Оның разылығы үшін ораза тұтатын болса ол жанға Алла Тағала  Рамазан айында ерекше мейірімін жаудыратынын хабарлаған. Сол себепті де Оның рақымынан ешкімнің құр қалғысы келмейді. Бұл сезім Рамазан айынан ерекше әсер алған әрбір мұсылманның тағы да сол күйге бөленгенді қалайтынын көресетеді. Иман келтірген жан үшін Алланың разылығынан асқан құрмет, Оның қаһарынан асқан құрдым жоқ.
 
Сондықтан да әрқайсымыз Рамазан айындағы жасаған кез келген амалдарымыздың сауабының еселенетінін жақсы білеміз. Ал егер осы қасиетті айдағы амалымыз күнәлі істерден құралар болса, күнәміздің де салмағы артады. Егер Алланың алдында ұнамды іс жасар болсақ, сауаптан аларымыз сөзсіз. Әлбетте иман еткен жан үшін Алла Тағаланың разылығы мен рақымына бөленуден асқан бақыт жоқ.
 
Рамазан айының еренсіз, бейғам жандардың көп нәрседен құр қалып, ықыласты жандардың сауап пен берекеге кенеліп, рухани толастайтын шағы екендігі кез келген мұсылманның жадында жүрер жайт. Бұл айда бейғам жандар ғана уақытын текке өлтіреді.
 
Бүгінде біздің әлгі бауырымыз Рамазанды бұрындары өзі күмәнмен қараған адамдар қалай асыға күткен болса, мүбәрәк айды өзі де дәл солай бізбен бірге тебірене, тағатсыз күтуде.  
 
Ол бауырымыз бүгінде Алла парыз еткен бес уақыт намазын оқиды. Кезінде ақылына қонбаған сол бес уақыт намаз қазыр ол жан үшін ауадай қажет нәрсеге айналды. Ендігі жерде намаздың емес намазсыз өмірдің мәні болмай қалды.
 
Хазіреті Пайғамбарымыздың (оған Алланың иглігігі мен сәлемі болсын) хадистерінде Рамазан айының қадір- қасиеті жайлы аз айтылмағандықтан біз оның барлығын келтіріп жатуды жөн көрмедік, себебі осы оқиғаның өзі бір кітап болып шығуға тұрарлық.
 
Алайда алғаш рет ораза тұтқалы отырған жандарға, сондай- ақ аузымды бекітсем бе, жоқ па деген күмәнда жүрген жандарға айтарымыз бар.
 
Біз сіздерді қорқыныш пен күмәннан арылып, мүбәрәк айға қадам басуға шақырамыз.  Алла Тағала да:
 

«Егер құлым Маған бір қадам жасар болса, Мен оған  бір кез жақындаймын. Егер ол Маған жүретін болса, Мен оған жүгіремін»,- деді емес пе?!

 
Әр адамның жүрегінде иман дәнегі бар, сол өскіннен Есеп Күні мен Махшар алаңына жиналар күні аптап ыстықтан бізге сая болар алып бәйтерек өсуі үшін ол дәнге күтім қажет.
 
Ораза кезіндегі біздің шөліміз сол дәнге ақ жауын іспетті құйылады. Ал Рамазан айында ешбір себепсіз қарындарын толтырушылар имандарын суаратын ылғалдан құр қалғандықтан иман дәнегі қуарып, солып қалады.
 
Біздің әрқайсымыз өлім дәмін татамыз. Әрі ешбір пенде келесі Рамазан айына жетемін деп нық сеніммен айта алмайды. Алайда Алла Тағала Өзі уәде еткеніндей ораза ұстаушыға сауаптан жазады әрі ол жан Алланың алдына барғанда құрметке ие болары сөзсіз.
 
Амалдар қабылданбайтын әрі артқа қайта алмайтын күнге даяр болу керек, өйткені ол күні барлық амалдар тоқтатылады да біз өзіміз үшін ешнәрсе жасай алмаймыз...
 
Біз ағаларымыз бен әкпелерімізді жас айырмашылықтарына және дәрежесіне қарамастан адам өмірінің соңы болатынын әрі өмірмен  аяқ  асты қоштасатынымызды ұмытпауды және де Алланың бізге жүктеген міндеттерінің бар екендігін және де сол міндеттерді орындаған жанға сауапты уәде еткендігін ескеруге шақырамыз.
 
Онымен кездесуге қадам басыңыз. Ол сіздің Ораза кезіндегі шөліңізді иманның тәтті дәмімен суарады әрі сіз иманның шынайы дәмін татасыз.
 
Бір ғана қадам басыңыз, Алла Тағала сізге Өзінің мейірім есігін ашады, ал егер сол жолда табаныңыз нық болып жүрер болсаңыз, осы ғұмырыңыз біткен кезде мейірім есігінен кіресіз.
 
Тіпті сіз әлі намаз оқымайтын болсаңыз да, әлі де орамал тақпаған болсаңыз да осы бір мүбәрәк Рамазан айындағы оразаны келесі жылға қалдырып, бос жіберіп алмаңыз. Келесі жылы кім бар, кім жоқ... Сондықтан да сіздің осы мүбәрәк айда жасаған қадамыңыз Есеп Күні таразыға тартылатын амал дәптеріңізге сауап болып жазылады. Алла Тағала баршамыздың амал дәптеріміздегі сауапты амалдарымыздың ауыр тартуын нәсіп етсін.
 
Біз бүлікке толы уақытта өмір сүрудеміз. Адамзат тарихының ақырының бір белгісі- уақыттың берекесінің жоғалуы. Айлар апта секілді зымырап жатса, апталар бір күндей өте шығып, күніміз сағаттай зулауда. Ал біз болсақ бұрынғыдай жас әрі сергек, ширақ емеспіз.
 
Өміріміз қалай зымырап бара жатқанын байқамай қалудамыз. Ана өмірге өзіміз жасаған әрі біздің бағымызға я сорымызға куәлік ететін амалдан өзге ешнәрсе алып кете алмаймыз.
Олай болса қалған аз ғана уақытымызды бағалап, оны босқа өткізіп, пайдасыз нәреге жұмсағанша келе жатқан қасиетті ай – кешірім мен рақым айы болған Рамазанмен өмірдің жаңаша бір кезеңін тап- таза парақпен ашайық.
 
Алла Тағаладан келе жатқан Рамазан айында үмметіміздің иманын арттырып, бізді оразамен, ғибадатпен тазартуын және де бүлік пен адасушылықтан сақтауын сұраймыз. Біздерді ғапылдық пен надандықтан сақтасын. Әмин.
Авторы Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Рамазанға дайындалуға көмектесетін 7 кеңес Шарапаты мол шағбан айы

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Ислам күнтізбесі Кесте: Рамазандағы сауапты 30 амал
Рамазан айы – сабырлық айы, құлшылық айы, қатаң тәртіп және кемшіліктерді түзеу айы. Басқаша айтқанда, бұл ай адамның өз нәпсісімен жұмыс жасау айы. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған болса, ол адам үшін Рамазан бос өтті деуге болады, яғни ешқандай рухани пайда ала алмайды....
Ислам күнтізбесі Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Құрметті жамағат! Алла қаласа 6 мамыр күні қасиетті Рамазан айына қадам басамыз. Кезекті мақаламызда өткен жылдардағы тәжірибеміз негізінде «жиі қойылған сұрақтарды» сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз....
Қоғам «Сені өзім тудым, өзім өлтіремін»
Тарас Бульбаның әйгілі сөзі бүгінгі күнде жан түршігерлік, сорақы мәнге ие болды. Жасыратыны жоқ, өз құрсағынан шыққан перзенттерін еш шімірікпестен тастап кете беретін көкек аналар бұрын да болмады емес, болды. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Құрметті жамағат! Алла қаласа 6 мамыр күні қасиетті Рамазан айына қадам басамыз. Кезекті мақаламызда өткен жылдардағы тәжірибеміз негізінде «жиі қойылған сұрақтарды» сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз....
Ислам күнтізбесі Шарапаты мол шағбан айы
Шағбан – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулықтар табуға болатын қасиетті айлардың бірі. Сахих хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айында көп ораза тұтқандығы айтылад...
Ислам күнтізбесі 2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы»
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) 2019 жылды «Ислам мәдени мұралары жылы» деп жариялады. Бұл туралы Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында шешім қабылданған, деп хабарлайды Islamic Republic News Agency. ...
Қоғам Бас мүфти: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қастерлі мерекеміз құтты болсын! Әр жанұяға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ, мықты денсаулық, Алланың амандығы мен тыныштығын тілеймін....
Ислам күнтізбесі БАС ИМАМ: ИСІ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
​​​​​​​Ислам әлемінде, мұсылман халықтарында өзіне тән, Айға негізделген арнайы күнтүзбе бар. Ол – «хижра күнтүзбесі» яки «хижра жыл санауы» деп аталады. Хижра күнтүзбесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Мединаға қоныс аударған кезінен бастау алады. Бұл кезең мұхаррам айының кіріп келуімен тұспа-т...
Ислам күнтізбесі БАС МҮФТИ: МҰХАРРАМ АЙЫ – МҰСЫЛМАНША ЖЫЛ БАСЫ
Ислам жыл санауы «һижра жыл санауы» деп аталады. Себебі, бұл жыл санау һижрадан ­– Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс аударуынан басталады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 00:51

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
22 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi