Тарауық намазы қалай оқылады?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 18:18

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Тарауық намазы қалай оқылады?

| A | +

Биыл елімізде Рамазан айы 24 сәуірде басталады. 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні – Қадір түні. Рамазан айынан бір күн бұрын, яғни 23 сәуір күні кеште құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген (Бүхари, Муслим). Рамазан айында әр күні құптаннан кейін, үтірден бұрын тарауық намазын оқу еркек және әйел адам үшін – сүннет.

Тарауық намазы 20 ракағаттан тұрады. Әр екі ракағаттан кейін сәлем береді. Төрт ракағат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды. Құныт дұғасын имам да, жамағат та іштей оқиды («Фатху бабил-ғиная», 1/460-461).

Екі ракағат тарауық намазына былай ниет етеді: «Ниет еттім 2 ракағат тарауық намазын өтемекке, ұйыдым осы имамға, хаалисан лилләәһи тәғааләә, Аллааһу акбар». Әр төрт ракағаттан кейін сәл отырып демалу – сүннет. Демалып отырған кезде әдетте бір адам үш рет мына тәсбихты оқиды, қалғандар оны тыңдап отырады:

«Субхаанә зил-мүлки уәл-мәләкуут, субхаанә зил-ғиззати уәл-азомәти уәл-құдрати уәл-кибрияа-и-уәл-жәбаруут, субхаанәл-мәликил-хайил-ләзии ләә ямуут, суббуухун құддуусун раббул-мәләәикәти уар-руух, ләә иләәһа илләллааһу нәстағфируллааһ, нәсъәлукәл-жәннәтә уә нәғуузу бикә минән-нәәр».

Мағынасы: Жердегі және аспандағы жаратылыстардың иесі – Алла Тағаланы әрқандай кемшіліктен пәк деп білемін. Үстемдік, ұлықтық, құдірет және жоғары мәртебелік иесі – Алла Тағаланы әрқандай нұқсаннан пәк деп білемін. Еш өлмейтін, мәңгі тірі, бүкіл әлемнің патшасы – Алла Тағаланы әрқандай айыптан пәк деп білемін. Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы, бір Алладан басқа құдай жоқ. Біз Алла Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұраймыз. (О, Жаратқан Иеміз!) Сенен жәннатты сұраймыз, Саған тозақ отынан құтқар деп сыйынамыз («Хашияту ибн Абидин», 2/49).

Тәсбихты үш рет оқып, соңында «Йа, Архамар-Раахимиин!» деп аяқтайды. Бесінші тәсбих оқылғаннан кейін: «Уа, Алла, Мұхаммедті және оның қауымын рақым етіп, аман қыла гөр. Уа, Алла, бізді иман зейнетіне, тура жол және танымдық шарапатына бөле, Рамазан айының оразасымен сыйла, бізге жәннатты нәсіп ет, күнәларымызды кешір. О, пәк Алла, біздің оқыған тарауық намазымызды қабыл ет. О, рақымды әрі бізге сұрамастан алдын ала беретін Алла, Өзіңнің кеңшілігіңмен әрі жомарттығыңмен біздің дұғамызды қабыл ет! О, аса рақымдылардың рақымдысы! Барлық жақсылық Сенің рақымыңмен ғана» деп тарауық намазын аяқтайды.

Тарауық намазының әр ракағатында «Фатиха» сүресінен соң бір қысқа сүре оқылады. Әдетте Құран Кәрімнің ең соңғы 10 сүресі оқылады. Бірақ, Рамазан айы ішінде Құранды басынан бастап, аяғына дейін толық бір рет оқып шығу – сүннет.

Тарауық намазын құптан намазынан кейін оқу – сүннет. Сондықтан құптан намазына үлгермеген адам алдымен құптан намазының парызы мен сүннетін оқып, одан соң тарауық намазына қосылады. Тарауық намазының қалған ракағаттарын және үтір намазын кейін өзі жалғыз оқып бітіреді. Тарауық намазының қазасы оқылмайды («Фәтауаи Татархания», 1/421).

Мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты биыл Рамазан айында мешіттерде тарауық намазы оқылмайды. Оны әркім өз үйінде отбасымен бірге оқи алады.

Хасан АМАНҚҰЛ,

Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Предыдущий Следующий
Қош келдің, АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ! Ұлық айды қалай қарсы аламыз?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Підия дегеніміз не?
Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасау «підия» деп аталады. Алла Тағала: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер ...
Сұрақ-жауап Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
​​​​​​​Сұрақ: Рамазан оразасының үкімі қандай? Жауап: Рамазан айында ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс мұсылманға парыз болып есептеледі. Алла тағала қасиетті Құранда «Уа, иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды. Бәлкім тақуалыққа жетерсің...
Сұрақ-жауап Хакім Абай індетпен қалай күресті?
Абай Құнанбайұлы Семейге келген бір сапарында шаһарда жұқпалы індеттің тарап жатқаны жайында жайсыз хабар естиді. Дерттен қарт кісілер мен жас балалар және әлжуаз адамдар көз жұмған екен. Обаның белгілері: Көздері шүңірейіп, иек-мұрны шошая береді. Көзінің айналасына көкшіл ноқта түседі. Демі суынып...
Сұрақ-жауап Пайғамбар медицинасы: вирустан қорғану жолдары
Ислам адам өміріне қауіп төндіретін кез келген зиянкестен сақтануға, тосын, зиянды әрекеттерге бармауға үндейді. Өйткені, Алла Тағала адам баласына өмір мен денсаулықты аманат етіп берген. Ал адамның мұндай құндылықтардың қадірін біліп, оны сақтауы – шариғаттың асыл мақсаттарынан....
Сұрақ-жауап Қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуа
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Шариғат бойынша қайтыс болған мұсылманды жуындыру, кебіндеу, оған жаназа намазын оқу және оны жерлеу – парыз киф...
Сұрақ-жауап Тікелей эфир арқылы жұма намазын оқуға бола ма?
Соңғы уақыттарда жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 18:18

Құптанға дейін 00:57

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi