Ораза ұстауға шамаңыз жетпеген жағдайда Рамазанды қалай жемісті өткізуге болады
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Ораза ұстауға шамаңыз жетпеген жағдайда Рамазанды қалай жемісті өткізуге болады

| A | +
«Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» («Әл-Бақара» сүресі, 184-аят).
 
Рамазан айы мұсылман емес адамдардың көпшілігін былай қойғанда, барлық мұсылмандардың сана сезімінде ең әуелі оразамен - күндіз бойы ішіп жемнен тыйылумен ұштасады. Мұсылманша сайттар оразаның игілігі мен ұзақ уақыт бойы өз еркімен Алла разылығы үшін ішіп-жемнен тыйылған адамды күтіп тұрған сауап жайында хадистер жариялауда, мұсылмандар денсаулықтары жақсы болуы үшін сәресі мен ауызашарға не жеу керектігін талқылап, бір-біріне кеңес беруде, жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалып, оразаны толықтай ұстап шығу үшін не істеу керектігін, тағы да сол сияқты мәселелерді сөз етуде.
 
Бірақ, сырқатының болуы және денсаулығының нашар болуы себепті бұл игіліктен, яғни күндіз ораза ұстау мүмкіндігінен құр қалған адамдар да бар (өкінішке орай, ол адамдардың қатарына осы мәтіннің авторы да жатады). Шариғаттың кейбір адамдарға Рамазанда ораза ұстамауды рұқсат ететіні бәріне белгілі: мәселен, өздерінің денсаулығы мен сәбилерінің денсаулығы үшін алаңдайтын жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге, егер сенімді мұсылман дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса (немесе өз тәжірибесінен білетін болса), қарт адамдар мен науқастарға.
 
  • Егер науқастың халі біршама уақыттан кейін жақсарса, Рамазаннан кейін оразаның қазасын өтеуі тиіс. Ал, егер ол жазылуы неғайбыл дертке шалдыққан болса, онда фидия садақасын төлеуі қажет (оразаның әрбір күні үшін күріш, бидай немесе арпа секілді сол өзі тұрған жерде кеңінен пайдаланылатын өнімнің 2,5 килограмм құнына парапар соманы төлеуі тиіс).
 
  • Сондықтан, егер, мәселен, сіз аяғыңыз ауыр болғандығы немесе бала емізгендігіңіз себепті ораза ұстай алмаған болсаңыз, оны ақшалай өтей алмайсыз. Себебі, белгілі бір уақыт өткеннен кейін сіздің халіңіз қалпына келеді және сол себепті қаза қылған оразаларыңызды ұстай аласыз.
 
  • Ал, егер, мәселен, ұзақ уақыт бойы ішіп-жемнен тыйылу денсаулыққа зиянын тигізетін қант диабеті немесе басқа да сырқатпен ауырсаңыз, оразаның әрбір күні үшін ақшалай өтем төлеуіңіз керек. Оны ақшалай немесе табиғи күйде, азық-түлікпен өтеуіңізге, бір немесе одан да көп адамға, мұқтаж адамдардың өздеріне яки мешіт я болмаса қайырымдылық ұйымдары арқылы беруіңізге болады. Алайда, бір қаперде тұтарлық жайт, күндердің күнінде Алланың рақымы түсіп, ораза ұстай алатындай деңгейде халіңіз жақсарса, қаржылай өтем төлегеніңізге қарамастан, қазаларды өтеуіңіз керек болады.
 
Сонымен қатар, әйелдерге хайыз бен нифас (етеккір мен босанғаннан кейін келетін қан) кезінде ораза ұстауға болмайтынын есте сақтау қажет! Науқас, сапарда жүрген, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер денсаулықтары айтарлықмай мықты болса, әрі дәрігерлер тыйым салмаса, ораза ұстай алады да, ал, мұндай күйде оларға ораза ұстау харам етіледі. Егер олар сондай күйде ораза тұтар болса, күнәға батады. Осы себепті қаза болған ораза күндерін кейін міндетті түрде өтеу керек.
 
Сонымен, сізге осы Рамазанда ораза ұстай алмайтындай жағдай туындап тұрған болуы мүмкін. Ендеше, бұл айдың игіліктері мен сыйынан құр қалмас үшін оны қалай өткізу керек? Ары қарай осыған қатысты бірсыпыра ақыл-кеңестер келтіріледі:
 
Біріншіден, белгілі бір орынды себеппен ораза тұтпаған күннің өзінде ораза ұстағандардың көзінше ішіп-жемеуге тырысыңыз, бұл мәкрүх болып саналады.
 
Рамазанда ізгі амалдарға берілетін сауап еселенеді, сондықтан, игі іс жасауға асығыңыз. Айналаңыздағыларға ілтипатты болыңыз – қарт кісінің сөмкесін көтеруге немесе кіреберістің есігін ашуға көмектесіңіз, егде жастағыларға орын беріңіз, көршілеріңізді немесе туыстарыңызды зиярат етіңіз, мешітте мұқтаж жандарға ауызашар жасауға қол ұшын беріңіз, науқастың көңілін сұрауға барыңыз, қасыңызда жүрген адамдардың арасында жәрдемге мұқтаж ешкім жоқ па, сұрастырыңыз.
 
«Рамазанда жасалған абзал амал Алланың алдында парыз амал боп жазылады, ал, парыз амал басқа айларда жасалатын жетпіс парыз амалға тең болады» (бұл хадис «Мәусу‘аәтрафәл-хадис ән-Нәбәуи әш-шәриф» кітабында келтіріледі).
 
Ораза ұстаған жанды тамақтандырыңыз. Өзіңіз ораза ұстай алмасаңыз, достарыңыз бен туыстарыңызға немесе таныстарыңызға арнап ауызашар жасаңыз. Олардың арасында көмекке зәру жандар болуы ғажап емес. Осылайша, сіз игі амал тындырасыз – кедейге жәрдем бересіз әрі ораза ұстаған адамның аузын аштырасыз (әрі егер фидия садақасын төлеу сіз үшін міндетті болса, осы арқылы парызыңызды орындайсыз).
 
Хадисте былай делінген:
 
Ораза ұстаған адамға ауыз аштырған адам сол ораза ұстаған адаммен бірдей сауапқа кенеледі, одан ораза ұстаған жанның сауабы кемімейді. (Ахмад, Тирмизи және Ән-Нәсәи риуаят еткен).
 
Күні бойы ораза ұстап, кешкісін ауыз ашу қуанышын сезінуге мүмкіндігіңіз болмаса, сіз жасаған ауызашарда ауыз ашатын адамдарды тамақтандыру арқылы қуанышқа кенелесіз.
 
Егер туыстарыңыздың, көршілеріңіздің не болмаса достарыңыздың арасында дінді ұстанбайтындар (я болмаса мүлде мұсылман емес адамдар) болса, дәл осы айда оларға Исламның көркемдігін көрсетуге барыңызды салсаңыз болады. Оларды ауызашарға шақырыңыз, Рамазан айының мәні жайында баяндап беріңіз, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен өзге де салиқалы жандардың өмірлерінен хикаялар айтып беріңіз. Исламға асқан сақтықпен, пікіріңізді таңбай, жазғырып-айыптамай, дөрекілік танытпай, өз амалдарыңызбен мұсылманның көркем мінезін көрсетіп шақыру керек.
 
Бір есте сақтайтын жайт, ешқандай салмақты себепсіз ораза ұстамайтын мұсылмандарды күндізгі уақытта тамақтандыра алмайсыз. Сол себепті, егер туыстарыңыз бен таныстарыңыздың арасынан біреулердің Рамазанда ораза ұстауға қауқары жетіп, денсаулығы жарай тұрып, ораза ұстамаса, оған күн батқаннан кейін ғана тамақ пісіріп беруіңізге немесе қонаққа шақыруыңызға болады.
 
Рамазан сіз үшін рухани толысу және кемелдену айы болсын

Рамазанда барлық адамдар мінездерін жақсартып, ғибадаттарын арттырып және күнәларының кешірілуін сұрауы қажет. Ал, біз, Рамазан парызын «физикалық» тұрғыдан орындай алмайтындар оның рухани қырына одан да аса ынта қоюымыз тиіс.
 
Өзгелерді кешіріп, ешкімге кек сақтамауға тырысыңыз
 
Өкінішке орай, біздің, қазіргі мұсылмандардың мінез-құлқымыз өте нашарлап кетті, шыдамсыз, өкпешіл, өрескел болып кеттік, бір-біріміздің болмашы ғана ағаттығымызды немесе кемшілігімізді кешіре алмаймыз. Осы жаман қасиеттердің кесірінен достықтың бұзылуы, шаңырақтың шайқалуы жиі орын алып жатады – адамдар бір-бірінің кінәраттарына төзіп, кешіруден қалды. Егер қандай да бір ренішті немесе басқа біреудің сізге ұнамайтын жақтарын ұмыту қиын болып жатса, басқа адамдардың да сіздің қателіктеріңіз бен күнәларыңызды кешіріп, сүйкімсіз қасиеттеріңізге шыдап жүргендерін бір сәт есіңізге алыңыз. Біздің ешқайсымыз да күнәдан ада емеспіз. Сіз тұрмақ, Алла Тағаланың Өзі біздің қаншама күнәларымызды кешіріп, сабырмен қарап, тура жолға келуімізді, Оның әмірлерін орындай бастауымызды қанша уақыт күтті десеңізші?
 
Сол себепті, өзіңізді қоршаған адамдардың бәрімен қарым-қатынасыңызды ретке келтіруге барынша тырысыңыз. Біреумен араздасып қалсаңыз, татуласуға күш салыңыз. Хадисте мұсылман бауырлардың үш күннен астам уақыт бір-бірімен сөйлеспей, араздықта болуының жарамайтыны айтылады емес пе? Егер отбасыңыз қандай да бір себеппен туыстарыңыздың бірімен ат құйрығын кескен болса, дәл осы Рамазанда солармен татулассаңыз, нұр үстіне нұр болады.
 
«Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуіңнің араларыңда дұшпандық қылған біреу өте жақын достай болып кетеді» (41, 34).
 
Ғайбат айтпаңыз!

Өсек-аяң мен ғайбат, яғни,басқа адамдардың сыртынан жағымсыз сөз айту да қазіргі мұсылмандардың үлкен мәселесіне айналды. Біз бір-бірімізбен кездесіп, тілдескен сайын міндетті түрде қасымызда жоқ біреуді кінәраттап, сынап-мінейміз (бәленше сараң немесе қу, семіз немесе арық, ақымақ немесе ұсқынсыз деп). Соның бәрі шындық болғанның өзінде де, бұл ғайбат болып саналады. Бұл − Құранда қайтыс болған бауырыңның етін (өлексесін) жеумен теңестірілетін ауыр күнә.
 
Ал, ерлі-зайыптылар достарының немесе құрбыларының арасында әйелінің немесе күйеуінің жаман екенін айтып, шағымданып, өздерінің «имандарының жартысын» өсек етіп жатады. Мұндай қылықтың әбестік екені былай тұрмақ, бұл – ақымақтық. Егер жұбайың шынымен де соншалықты жаман болса, неге әлі күнге дейін онымен бір шаңырақтың астында тұрып жатырсың? Демек, оның кемшіліктері ғана емес, жақсы қырлары да бар, бірақ, неге екені белгісіз, оларды айту есіңе келмейді? Егер өзіңіз сыртынан сықпыртып отырған адамның шынымен де міні көп болса, оның мінез-құлығының нашар тұсын өзіне айтқаныңыз әлдеқайда абзалырақ. Әне, сонда ғана діндегі бауырыңызға шын көмектескен боласыз. Оның сіздің ақылыңызды құлағына ілмейтінін білсеңіз (яки оған бұрын-соңды ақылыңызды айтқан болсаңыз, бірақ, одан нәтиже шықпаса), Алладан оның мінезін көркем етуін сұрап, ол үшін дұға қылыңыз.
 
Рамазан – сонымен бірге, жаман әдеттерден арылып, мінез-құлқыңызды жақсартуға өте қолайлы уақыт
 
Бір оңтайлы уақытты таңдап алыңыз – ол сізді алаңдататын ештеңе болмайтын, айнала жым-жырт тыныштық орнайтын шақ, түнгі немесе таңғы уақыт (түнгі намаз бен таң намазынан кейін) болғаны дұрыс. Сол шақты ойлануға, сол күні (тіпті, мүмкін болса, өткен жылда) жасаған амалдарыңызды таразыға салып, ой елегінен өткізуге арнаңыз. Сізге өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиеттер ұнайды, қандай әдеттерден арылғыңыз келер еді? Қандай қылықтарыңыз үшін ұялатын сәттеріңіз болады? Ойланып көріңіз, бәлкім, солардың бәрі мінезіңіздің түзетуді қажет ететін жағымсыз тұстарынан хабар беретін шығар.
 
Іс-әрекеттеріңізді бақылауда ұстаңыз – күйгелектікке салынып, ашу-ызаның жетегінде кетіп, ойланбай әрекет етуден аулақ болыңыз. Рамазанда ұрыс-керіске, жазғыруға, наразылыққа, ренішке жол берілмейтінін қайта еске салудың қажеті шамалы.
 
Әлдеқандай зиянды, жаман әдеттеріңіз болса (темекіні тастай алмай жүрсеңіз, Ғаламторға немесе компьютер ойындарына тәуелді болсаңыз), жігеріңізді бойыңызға жиып, солардан дәл қазір бас тартуға тырысыңыз (жаман әдеттен арылу жөнінде толығырақ мына жерден оқуға болады.
 
Уақытыңызды текке шығындамаңыз!
 
Уақытты қадірлей білу керек, әсіресе, осындай мүбәрак шақта. Өміріңіздің әрбір сәтін пайдалы іске бағыттауға күш салыңыз: жұмыс немесе оқу, үй шаруасы, бөтен адамдарға қолғабыс ету, Құран оқу, зікір айту, дұға оқу. Бос, мылжың әңгімеден аулақ болыңыз, теледидардың алдында немесе Ғаламторда, әлеуметтік желілерде өткізетін уақытыңызды қысқартыңыз немесе олардан мүлде бас тартыңыз. Ол үшін көбірек уақытыңызды ғибадатқа арнаңыз.
 
Құлшылығыңызды арттырыңыз!
 
Құран оқыңыз
 
Рамазан Құран айы деп аталады. Себебі, дәл осы айда Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсе бастаған: Құрандағы «Әл-’Аләқ» сүресінің алғашқы төрт аяты («Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы…»).
 
Мейлінше көп уақытыңызды Құранға бөліңіз: Құранды оқи алсаңыз, күніге бірнеше сүре оқып отыруға тырысыңыз. Бірақ, бір есте тұтарлық жайт, Құран оқығанда тиісті әдептерді қадағалау қажет – оған құрметпен қарау керек (атап айтқанда, Құранның арабша мәтінін әуретіңіз жабық,дәретті күйде ашу керек, оны құблаға бет бұрып отырып оқыған абзал, Құранды үстелдің немесе басқа бір нәрсенің үстіне қою керек, жерге қойып, аяқ астында қалдыруға, нәжіс бар лас жерге қоюға болмайды). Хадисте: «Кейбіреулер бар, олар Құранды оқығанда, Құран оларды қарғайды» делінген.
 
Бірнеше сүрені жатқа білетін болсаңыз, соларды қайталаңыз, сөйтіп, мүмкіндігінше тағы бірқатар сүре жаттап алуға тырысыңыз. Егер Құран оқи алмасаңыз не болмаса тәжуидтің барлық ережелерін сақтамай, нашар оқитыныңызды сезсеңіз, тұрғылықты жеріңіздегі мешітке тәжуид сабағына жазылыңыз немесе бір ұстаз тауып алыңыз. Рамазан – Құран оқуыңызды жақсартуға ең ыңғайлы уақыт.
 
Тарауық пен басқа да нәпіл намаздар
 
Тарауық намазын қалдырмаңыз – бұл да Рамазанның келгенін сезінудің жақсы әдісі. Тарауық намазын оқу муаққада сүннет, яғни, орынды себепсіз оқымай қалуға болмайтын өте абзал сүннет болып саналады. Мүмкін болса, тарауықты мешітте жамағатпен оқыңыз (әйел адамдардың бұл уақытта, керісінше, мешітке бармағаны дұрыс, өйткені, тарауық намазына көптеген ер адамдар қатысады).
 
Негізінде, мүмкіндігіңіз болса, Рамазанда барлық намаздарды мешітте жамағатпен оқуға тырысқан жөн.
Өзге де нәпіл намаздарды оқыңыз: түнгі тәхәджуд намазы, ишрақ, духа, әууәбин намаздары; тәубе мен шүкір намаздарын оқып, Алладан жарылқау тілеп, Оның өткен жыл бойы сізге жаудырған рахым-мейіріміне шүкіршілік етіңіз.
 
Зікір мен дұға
 
Алланы еске алудың (зікір етудің) кез келген уақытта маңызы зор. Бірақ,ізгі амалдарға берілетін сауап еселенетін Рамазанда оның маңызы тіпті ерекше. Әсіресе, әйел адамдардың құлшылықтың басқа түрлерін (ораза, намаз және Құран оқу секілді) орындай алмайтын хайыз бен нифас кезінде Алланы еске алулары өте жақсы.
 
Рамазан – дұғалар қабыл болатын уақыт. Бір қызығы, барлығымыз басымызға іс түскенде Алладан жәрдем сұрай бастаймыз. Бірақ, бізге түсірген мейірім-шарапаты мен игіліктері үшін Оған әрдайым шүкіршілік етіп жүреміз бе?
 
Өзіңіз ойлап қараңызшы, Жаратқан Иеміздің бізге деген мейірімі шексіз емес пе: Аллаға шүкір, біздің құлағымыз естиді, көзіміз көреді, қол-аяғымыз бүтін; қаншама адамдар бұл игіліктерден құр қалған, ағзасында әлдебір кемшіліктер бар, төсекке таңулы, емі жоқ дертке шалдыққан. Біздің қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк, басымызда баспанамыз бар (керек десеңіз, тіпті газ, электр қуаты, ыстық су секілді барлық жағдайы жасалған үйлерде тұрамыз), жұмыс істейміз немесе оқимыз, әке-шешеміз және басқа да туыстарымыз, достарымыз, өзге де жақындарымыз бар. Біле білсеңіз, жер бетінде талай адам қарапайым нәрселерге қол жеткізе алмайтындай нашар халде – олар таңертең көз ашқаннан бастап сол күні жейтін, балаларына беретін азығын қайдан табатынын ойлап уайымдайды, шатырда немесе ашық аспан астында өмір сүреді, олардың суы немесе жарығы жоқ, тамақты отқа пісіреді, неше түрлі дерттерден зардап шегуде, балаларынан немесе ата-аналарынан айрылып, зар қағуда. Осының бәрін ойлағаннан-ақ біз өзіміздің өмірге шағымданатынымызға, масайрап, жақтырмай, бәлденетінімізге, артық шығынға бататынымызға (өзімізге ұнамайтын тағамды жеуден бас тартуымыз, қажетсіз артық заттар сатып алатынымыз, ұялы телефон мен өзге де гаджеттерге қыруар ақша жұмсайтынымыз) ұялуға тиіспіз. Осы айда Алланың барлық берген нығметтері мен игіліктеріне ерекше шүкіршілік етіп, Одан қиналып жүрген бейбақ жандарға, әсіресе, діндегі бауырларымызға жеңілдік беруін сұрап, дұға қылайықшы, ағайын. 

Жоғарыда айтылған ойдың бәрі ораза ұстасын мейлі, ұстамасын, барша мұсылмандарға қатысты. Десе де, Рамазан айының игіліктерін уысынан шығарып алмас үшін ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ жандардың бұған айрықша мән бергені жөн. Алла бізге жәрдем беріп, Рамазанымызды мүбәрак еткей! Әмин. 
Авторы Муслима (Аня) Кобулова

Мақалалар авторы, аудармашы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті» Кез-келген есіктің кілті

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Ашура күнінің оразасы жайлы
Azan.kz редакциясынан аңғартпа: биылғы жылы Ашура күні 9 қыркүйекке (дүйсенбі) келіп тұр. Яғни, оразаны 8 және 9 қыркүйекте немесе 9 және 10 қыркүйек күндері ұстау керек. Мұхаррам айы түгелдей қасиетті болып саналса да, оның ішіндегі ең қасиетті күн - 10-шы күні. Ол күн Ашура деп аталады. Қасиетті с...
Қажылық Қажылықтағы адам арапа күні ораза ұстай ма? / ҚМДБ пәтуасы
Қажылық кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқан не тұтпағандығы жайында түрлі сөз айтыла бастаған. Сонда көпшілікпен бірге Арапаға шыққан Абдулла ибн Аббастың өгей анасы Үммі Фадл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүт беріп жібереді. Пайғ...
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Ислам күнтізбесі Кесте: Рамазандағы сауапты 30 амал
Рамазан айы – сабырлық айы, құлшылық айы, қатаң тәртіп және кемшіліктерді түзеу айы. Басқаша айтқанда, бұл ай адамның өз нәпсісімен жұмыс жасау айы. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған болса, ол адам үшін Рамазан бос өтті деуге болады, яғни ешқандай рухани пайда ала алмайды....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Хадиша әпке: «Ораза ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»
Алланың қалауымен, дінді жаңадан қабылдаған орыс ұлтты, Мәскеулік мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз . Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасына қатысты әсері мен алғашқы Рамазан айы жайлы тәжірибесімен Хадиша әпкеміз бөліспек....
Ислам күнтізбесі Мариям әпке: «Мен үшін Рамазан айы – Аллаға барынша жақындау мен шүкірлік ету уақыты»
Алланың қалауымен, Ислам дінін жаңадан қабылдаған Мәскеулік, орыс ұлтты мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз. Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасы жайлы ойымен және Рамазан жайлы тәжірибесімен Мәриям әпкеміз бөліспек....
Ислам күнтізбесі Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»
Алланың көмегімен біз, Ислам дінін жаңадан қабылдаған орыс ұлтты мұсылман әпке-қарындастарымыздың өздерінің алғашқы Рамазан айы туралы, алғашқы оразалары жайлы және Рамазан айының оларға қандай әсер қалдырғандығы туралы айтқан әңгімелерін жинақтап, мақала етіп жарияламақпыз. ...
Ислам күнтізбесі Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны бастан-аяқ шарлап шықтым десем де болады. Алайда бұл сусын жайлы ...
Ислам күнтізбесі Рамазанды тиімді өткізгіңіз келсе...
Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайтыны бір – «Рамазан айын қалай ең жақсы түрде өткізуге болады?»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 03:08

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
20 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi