Талғат Омаров: Әрбір жанға үміт сыйлағымыз келеді
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 05:02
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:40 05:02 11:55 16:41 18:42 20:04
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Шавваль 1445
Миләди
18 сәуір 2024

Мақалалар

Талғат Омаров: Әрбір жанға үміт сыйлағымыз келеді

| A | +

Елімізде күн санап ауыр індетті жұқтырған науқастар мен қайтыс болғандардың саны артып барады. Оларға қол ұшын созу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастап отыр. Біз қайырымдылық шарасының мән-жайын білу үшін аталмыш қордың жетекшісі Талғат Омаровқа бірнеше сауалымызды қойған болатынбыз.

 

– Қазіргі ауыр жағдайда «Зекет» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясы қандай мақсатпен ұйымдастырылғаны жөнінде тоқталып кетсеңіз?

 

– Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда елімізде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны артуы, емханаға ауыр халде түсіп жатқан науқастар қатарының көбеюі салдарынан өкпені жасанды жолмен тыныс алдыратын (ИВЛ) құрылғылар жетпей жатқандығы жанымызға қатты батты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен аты жаман індетпен күресіп жатқан еліміздегі медициналық мекемелерге желдеткіш құралдарын алу мақсатында «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастады. 

Акция аясында көптің көмегімен өкпені жасанды жолмен тыныс алдыратын құрылғыны алып, қатыгез індеттің салдарынан дем жетпей қиналып жатқан отандастарымызға қолдау көрсетіп, өмірін сақтап қалуға қол ұшын созу – біздің басты мақсатымыз!

 

– Бұл құрылғыны кімдер ала алады?

 

– Алдымен Алланың қалауымен еліміздегі осы құрылғыға қатты мұқтаж болып отырған емханаларға жеткізіледі. Сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлері қамтылатын болады. Қазіргі таңда  науқастанып қалған әрбір жанның толық ем қабылдауы ары қарай өмір сүруіне мүмкіндік береді.

 

– Ауыр халде жатқан жандардың арасынан сіздерге хабарласып, көмек сұрайтындар кездесті ме?

 

– Балалары ауырып, еміне дəрі-дəрмек ала алмай отырған, тіпті балаларына жеуге нан алуға қиналып отырған жалғыз басты аналар мен аз қамтылған отбасылар көмек сұрап, жиі хабарласып жатады. Әрине, елімізде мұндай қиын жағдайдың орын алуы кімді болмасын толғандырып отыр.

 

– Аталған қайырымдылық шараға кімдер қатысып, қол ұшын соза алады?

 

– «Көп түкірсе көл болар» демекші, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында кез келген адам жағдайы көтергенше садақа бере алады. Алла ризалығы үшін берген садақалардан жиналған қаражат, қиын халде жатқан отандастарымыздың өмірін сақтап қалуға себепші болады.

Бұл шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық облыс, өңірлердегі өкіл имамдар мен «Зекет» қорының өкілдері ат салысып жатыр.

 

– Қаражат аудару үшін қордың жеке шотын айтып кетсеңіз?

 

– «Өмірге үміт сыйла» жобасына қатысам деуші азаматтар өз қаражаттарын «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының бас маманы Салтанат Қалдыбекқызының төменде көрсетілген есепшотына аударулары тиіс:

Kaspi Gold: 

5169 4971 9596 4915 

Ұялы байланыс: 

+ 7 775 140 7017 

ЖСН: 980802400732 

 

– Акцияға қанша қаражат жиналғанынан халықты ақпараттандыру жағы қарастырылған ба?

 

– Әрине, жиналған қаражатты әлеуметтік желілер арқылы халықты міндетті түрде ақпараттандыратын боламыз!

 

– Талғат аға, қажетті аппаратты қай жерден алатындарыңыз жайлы айтып бере аласыз ба?

 

– Дәл қазіргі сәтте біз құрылғыны іздестіру үстіндеміз, ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Жиналған қаражатқа Ресейден, Түркиядан немесе Қытай мемлекеттерінен қолайлы құрылғыларды аламыз. 

 

– Дүрліккен халыққа қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? 

 

– Бұл өмір – сынақ мекені. Кез келген сынақты бір Алланың берері хақ. Ол сынақтан бізді алып шығатын адам емес, жалғыз Алла ғана. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратындай амал жасау. 

Бір Алладан еліміз, отбасымыз, жақындарымыз үшін амандық тілейік. «Алла шын сұраған пендесінің қолын бос қайтаруға ұялады» делінген. Осынау сындарлы сəттерде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеп, Алланың мейірімінен күдер үзбей, дұға жасайық. 

Алла Тағала: «Менен сұраңдар, тілектеріңді қабылдаймын» деп уəде еткен. Ендеше, күллі адамзат пен еліміздің амандығы үшін əрдайым дұға жасағанымыз абзал! Біз әрбір жанның өміріне үміт сыйлағымыз келеді. 

 

– Бастамаларыңыз оңынан болсын. Пайдалы ақпарат бергеніңізге рақмет! 

 

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Предыдущий Следующий
Түрлі жаманшылықтан және жұқпалы аурулардан сақтану үшін оқылатын дұғалар Әл-Фарабиді тану – заман талабы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Мұратхан Махмет: Магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі қабылданды (сұхбат)
Биылғы оқу жылындағы магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі туралы университет оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Мұратхан Махметпен сұхбаттастық....
Қоғам Асет АТАШОВ: Отанды сүю – иманнан!
Отан деген – қастерлі ұғым. Кез келген ұлт өз тілінде «Отан» деген сөзді естісе, міндетті түрде өзінің туып өскен өлкесін ойына алатыны белгілі.  Алла Тағала жұмыр жерді жаратқанда ондағы ауа және су сияқты дүниелерді барша халыққа ортақ етіп жаратты. Алайда осындай ортақ болған дүниелер әркімнін тұ...
Қоғам Отанды қорғау – қасиетті борыш
Құрметті бауырлар! Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр ер азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын маңызды мереке. Әр отбасына береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, жастарымызға қажыр-қайрат тілеймін. Мереке құтты...
Қоғам Еркінбек ШОҚАЙ: Барша ораза ұстаушыларды ел амандығы үшін дұға етуге шақырамын
Коронавирус пандемиясы деп жүргенде жер бетіндегі мұсылман қауымы үшін айлардың төресі болып саналатын қасиетті Рамазан да келіп жетті. Биылғы оразаның бір ерекшелігі – карантинде өтетіндігі болып тұр. Осы айда оқылатын тарауық намазы мен ауызашар да тек үйде, әркімнің өз шаңырағында ғана орындалаты...
Қоғам Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма және оның ерекшеліктері қандай?
Коронавирус жайлап тұрғанда ораза ұстауға рұқсат па, карантин уақытында ауызашар беруге бола ма, қандай мәселелерді ескерген жөн? Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаймен байланысып, биылғы Рамазан айындағы ораза ұстау тәртібі туралы сауалдарды қой...
Қоғам Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»
Хaлқымыздың caн ғacырдaн берi рухaни құндылығы caнaлып келген Иcлaм дiнiн нacихaттaудa имaмдaрдың еңбегi oрacaн. Ocы oрaйдa, Қaзaқcтaн Мұcылмaндaры дiни бacқaрмacының Aппaрaт бacшыcы, PhD дoктoрaнт Ғылымбек Жәдiгерұлы Мәжиевпен cұхбaттacқaн едiк.  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Шавваль 1445
Миләди
18 сәуір 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:02

Бесінге дейін 01:42

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Ассаляму аляйкум. Почему вы дозволяете читать книги антропоморфистов? В книге говорится, что Всевышн

X
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi