Мақалалар

Палестинаның рақым жауған жері

| A | +
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) келтірген хадисте, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
 
«Қасиетті үш мешітке бару мақсатымен шықпасаңдар, жолға шықпай-ақ қойыңдар» (яғни, Меккедегі әл-Харам мешіті, Мединедегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешіті және Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті)» (Бухари).

Палестинаның рақым етілген жерінде көптеген пайғамбарлар мен тақуа адамдар өмір сүріп, қайтыс болып, сол жерге жерленген, басқалары болса осы жер арқылы жүріп, ол жерге рақымды іздерін қалдырған. Бұл жерде елеулі тарихи жайттар  орын алған, сондай-ақ, Құранда және біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көптеген хадистерінде айтылған Қиямет күнінің алдындағы басты жайттар орын алатын жер болады.

Көптеген ғалымдардың айтуынша, бұл жердің Алла алдында соншалықты жоғары деңгейде болуының себебі – бұл жердің көптеген пайғамбарлар мен тақуа адамдармен байланыстылығында болып табылады.

Бұл рақымды жердің маңыздылығын білген Алланың көп пайғамбарлары өз туған жерлерін тастап, Палестинаның рақым жауған жерінде тұруға және осы қасиетті жерде көз жұмуларын сұраған.

Бұған мысал ретінде — өз елін Мысырдан Палестинаға бастап келген Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) тарихы, соңғы тілегі бойынша Әл-Құдстан алыс емес жерге жерленген[1]

Осы жерге ерекше берілгендіктерінің нәтижесінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жүздеген сахабалары Палестинада жерленген. Бұл қасиетті жердің бірнеше тарихын айтып өтеміз, ислам тарихындағы олардың маңызды рөлдері жөнінде еске салу ниетімен және олардың өмірлерінен сабақ алу үшін, бұл игі адамдардың өмірлері туралы оқуды ұсынар едік.
 
Ибраһим  пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): ұлы Пайғамбар және Алла Елшісі, Алла Тағаланың Өзі берген «Алланың досы» деген құрметті есімге ие болған[2]. Құранда Ибраһим Пайғамбар 49 рет айтылады – Алла Өз діні Исламды Ибраһим діні деп атайды. Оның өмірінде көптеген таңғажайып жайттар болған, сондай-ақ, ол оны Аллаға жақындатқан көп қиындықтар мен сынақтарға тап болған. Жаратушының алдында атқарған еңбегі үшін оның тұқымынан көп ұлы пайғамбарлар, соның ішінде біздің соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) шыққан, оның ұлы Ысмайлдың (оған Алланың сәлемі болсын) ұрпағы. Ибраһим көп уақытын Палестинада өткізген, оның зираты Әл-Халил (немесе Хеврон) қаласының аумағында орналасқан. Бұл қалада ол әйелі Сарамен (оған Алла разы болсын) және ұлы Ысхақпен (оған Алланың сәлемі болсын) тұрған. Қазір осы жерде Ибраһимнің мешіті (Масджид Ибраһим) орналасқан, онда оның зираты бар. Әйелі Сараның зираты осы мешіт аумағында, оның зиратынан қашық емес жерде орналасқан.
 
Ысхақ Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Ибраһимнің ұлы (оған Алланың сәлемі болсын), Пайғамбар болған әрі әкесінің ісі - бірқұдайшылықты жалғастырып, адамдар арасына таратқан. Құранда Ысхақ Алланың «сыйы» деп аталады[3]. Ысхақ пен оның әйелі Рифакидің (оған Алла разы болсын) зираттары да Ибраһим мешітінің аумағында орналасқан.
 
Жақып Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Ысхақтың (оған Алланың сәлемі болсын) ұлы, Алланың мейірімді Пайғамбары, оның аты Құранда 16 рет айтылады. Өмірінің соңында оның отбасы ұлы Жүсіптің (оған Алланың сәлемі болсын) шақыруымен Мысырға көшіп барады да, сол жерде қайтыс болады, алайда оның тілегі бойынша, қайтыс болған соң оның денесі Әл-Халилге әкелініп, сонда жерленеді. Жақыптың (оған Алланың сәлемі болсын) зираты мен оның жұбайы Леянің (оған Алла разы болсын) зираттары Ибраһим мешітінің ішінде орналасқан, алайда жақын уақыттан бастап саяси жағдайлардың салдарынан мұсылмандар мешіттің ол бөлігіне бара алмайды.
 
Жүсіп Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Жақыптың (оған Алланың сәлемі болсын) ұлдарының бірі, ұлдарының ішіндегі тек оған ғана әулиелік берілген еді. Алла Жүсіпке таңғаларлық сұлулық беріп, оның дәрежесін көтергендіктен, ол Мысыр  билеушісінің ең жақын адамы болады. Жүсіптің (оған Алланың сәлемі болсын) өмірі туралы толық және жан-жақты әңгімесі Қасиетті Құранның Жүсіп сүресінде келтірілген. Ислам салтына сәйкес Жүсіп (оған Алланың сәлемі болсын) Әл-Халилдегі Ибраһимның қасына, Жүсіп-Қала (Жүсіптің қамалы) аталған ортағасырлық қамалда жерленген. Ағалары қызғаныштықпен Жүсіпті тастаған құдық Галилеяда Амиад шаруашылық өңірінің (кибуца) маңында орналасқан
 
Лұт Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) немере інісі: ол Палестинаға Ибраһиммен бірге көшіп келген. Алла Тағаланың әмірімен ол ашық түрде айуандық пен күнәлар жасап жүрген адамдарға жіберілген. Лұт (оған Алланың сәлемі болсын) оларға Алланың хабарын жеткізіп, олардың күнә жасауларын бар күшімен тоқтатуға тырысып көрді. Олардың түзелетіндігіне еш үміт қалмағанда, Лұт (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға жалбарынды:
 
«Раббым, мені, отбасымды бұлардың қылықтарынан құтқар!»[4].
 
Алла оларға бұл жерден кетуге әмір беріп, оны және оның отбасын қорғап қалады. Ал Лұттың әйелі болса басқалармен бірге азапқа ұшырайды, себебі ол мүміндер қатарынан емес еді және отбасымен кетуді қаламайды.
 
Лұт (оған Алланың сәлемі болсын) бұл жерден кеткен соң, бұл адамдар Алланың қорқынышты жазасына ұшырайды. Бұл адамдардың орналасқан жері Израиль мен Иорданияның ортасындағы Өлі теңіз аумағы болып саналады. Алланың бұйрығымен періштелер жерді тұрғындарымен бірге биік аспанға көтеріп, қайтадан жерге лақтырған. Сондықтан да Өлі теңіз аймағы Жердегі ең ойпаң жер болып табылды. Бұл жер Алланың қаһарына ұшыраған жер болғандықтан ислам ғалымдары онда ойын-сауық пен демалыс үшін баруды ұсынбайды, ол жерге тек  Бани-Наим деген кішігірім қаланың ортасында орналасқан Лұт Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) зиратына баруға ғана болады, Өлі теңізден алыс емес, Әл-Халилден шығысқа 5 миль жерде. Бани-Наимнің оңтүстік-шығысында Лұтқа (оған Алланың сәлемі болсын) арналған «Макам Наби Ятин» (Адал Пайғамбардың қасиетті жері) деген атпен белгілі аса құрметті жер бар. Жергілікті аңыз көрсеткендей, Лұт (оған Алланың сәлемі болсын) осы жерде құлшылық еткен екен, оның рақымды аяқтарының ізі жартастан көрініп тұрады.
 
Мұса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): ұлы Пайғамбар әрі Алла Елшісі, Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан шыққан, Құранда ол 136 рет айтылған. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) кішкентай кезінен Алланың рақымына бөленген болатын – өлімнен құтылған, кейін оны перғауынның әйелі тәрбиелеген. Ол Алламен тікелей сөйлесе алатын болған – сондықтан да оны «Калимулла» деп атаған. Өмірінде көптеген сынақтарды басынан өткереді, сонда да өзінің әулиелік міндетіне мығым болған. Алла оған Қасиетті Кітап Тауратты адамдарға басшылық ретінде сыйлаған. Мұсаның (оған Алланың сәлемі болсын) зираты Макама Эль-Наби Мусада, Иерихонның оңтүстігінен сегіз миль жерде және Иерусалимнің шығысынан 12 миль жердегі Яһудилер шөлінде орналасқан.
 
Жүніс Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Жақып ұрпағынан шыққан Алла Тағаланың сенімді Пайғамбары. Қасиетті Құранда ол «Балық иесі» деп те аталады[5], өйткені оны үлкен балық жұтып алып, ол көп уақытын соның ішінде өткізеді. Құранда Жүніс Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) балықтың ішінде жатып, Аллаға жалбарынған деп айтылады:
 
«Сенен басқа құлшылық етуге лайық ешкім жоқ. Сен Пәксің! Расында мен залым бұзақылардан болдым»[6].
 
Өзінің адам нанғысыз жағдайда болғанына қарамастан Жүніс (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға деген сенімін жоғалтпай, Алланың мейірімінен үміт еткен, Ол оны естиді, кит Жүністы (оған Алланың сәлемі болсын) жағаға лақтырып тастайды. Осыдан кейін Жүніс (оған Алланың сәлемі болсын) адамдарын Алланың басшылығымен жүргізу үшін оларға оралады. Жүністің (оған Алланың сәлемі болсын) зираты Әл-Халилден солтүстікке қарай 3 миль жерде орналасқан.
 
Дәуіт Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): ұлы Елші, жауынгер, Палестинаның билеушісі, Ол 40 жыл бойы өз халқының патшасы болған: 7 жыл Әл-Халилде және 33 жыл Иерусалимде. Алла Дәуітке ешбір жанда болмаған дауыс сыйлайды. Сондай-ақ, оған Забур түсірілген және ол оны оқығанда барлық жаратылыстар – адамдар, жындар, құстар, тіпті таулар да оның Алланы мадақтауына қосылған екен. Дәуіттің зираты Иерусалимдегі Ескі қаладан алыс емес, Сион тауында орналасқан, ал шындығына келер болсақ, ол оның жерленген жері ме, немесе оның біркездері тоқтаған жері ме деген келіспеушіліктер бар. Алла жақсы біледі.
 
Сүлеймен Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Дәуіттің (оған Алланың сәлемі болсын) ұлы. Алланың алғысын алған ол, жануарлардың тілін біліп, жындарға билік жүргізе білген. Ол өзінен кейін ешкімге нәсіп етілмеген билік пен құдіреттілікке ие болған[7]. Сүлеймен (оған Алланың сәлемі болсын) әділ де данышпанды түрде Палестинаға билік жүргізді, оның бұйрығы бойынша жындар Әл-Ақса мешітін салған. Сүлеймен кезінде салынған кейбір қабырғалар мен екі бағандар әлі де Әл-Ақсаны ұстап тұр, оларды бұл мешіттің жертөлесінен көруге болады. Сүлеймен (оған Алланың сәлемі болсын) өлер алдында таяққа сүйеніп құлшылыққа тұрады. Сол күйінде көз жұмып, Алланың қалауымен оның денесі құламаған, сондықтан да бәрі, соның ішінде жындар да, оны тірі деп ойлаған. Алла бәріне Сулейменнің (оған Алланың сәлемі болсын) өлімін көрсетпейінше «бізді бақылап тұр» деп ойлаған жындар жұмыстарын жалғастыра берген. Сулейменнің (оған Алланың сәлемі болсын) өлгенін Алла Тағала аққұмырсқаларға оның денесі сүйеніп тұрған таяқты кеміруді бұйырғанда ғана біліген. Сүлеймен Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) бұл қайтыс болған жері Әл-Ақса аумағында еді.
 
Иса Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Дәуіттің (оған Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан болатын; ол тарихтағы еркектің қатысуынсыз дүниеге келген жалғыз адам – осылайша Алла адамдарға бұл өмірдің табиғи заңдарына бағынбайтынын және бәрін Өз қалауынша басқаратынын көрсеткен. Исаға (оған Алланың сәлемі болсын) Алла өмір бойы рақым еткен: бесікте жатқан кезінде адамдарға сөйлеген уақытынан бастап[8] және оның бұл дүниелік өмірінің соңына дейін, өйткені ол тірідей көкке көтерілген еді[9].
 
Бұның бәрін адамдарға Алла Өз үстемдігін көрсету үшін жасаған және Өзінің қалауымен болдырған. Исаны (оған Алланың сәлемі болсын) өлтіргілері келген жауларының жоспарын бұзып, Алла оны тірідей Өз тарапына алды[10], және ол жақтан Дәджәлді және оның әскерін жеңу үшін Қиямет күнінің алдында қайтып келеді[11]. Оның туған жері қазіргі Рождество шіркеуі тұрған Бетлехем (Вифлеем) қаласы, ал көкке көтерілген жері Иерусалимде орналасқан Элеон тауы. Ол жерде «Вознесение» ғибадатханасы орналасқан.
 
Зәкәрия Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): Дәуіттің (оған Алланың сәлемі болсын) ұрпағынан болған, Исраил қаумына пайғамбар етіп жіберілген. Ол Әл-Ақса мешітінің имамы болған. Құлшылық етіп жатқанда ол Алладан жалбарынып, оған тақуа ұрпақ беруін сұрайды, бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:
 
«Раббым маған ізгі ұрпақ нәсіп ет, расында Сен дұғаларды қабыл алушысың!» («Әли-Имран», 38).
 
Бұл өте тақуа адам, Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, әулие Мәриямның (оған Алла разы болсын) қамқоршысы болған. Аңыз бойынша, яһудилер оның ізіне түскенде, ол қашып барып бір үлкен талдың ішіне тығылады. Алайда шайтан Пайғамбардың тығылған жерін көрсетіп қояды. Яһудилер оны талмен қосып кесіп тастаған екен. Сол кезде оның жасы 100-ге жуық еді.  Оны Сириядағы Халеб  қаласында жерлейді, оның қабірі сол жерде және ол қасиетті жерге көптеген адамдар барады.
 
Яхия Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын), Зәкерия Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) ұлы. Ол Зәкерияның (оған Алланың сәлемі болсын) қартайған шағында туған. Яхия (оған Алланың сәлемі болсын) балалық шағынан адамдарды жалғыз Құдай – Аллаға табынуға үндеген. Ол денесі әлсіреп, күш-қуаты кеткенше үнемі құлшылық етумен болған.
 
Оның өлімі туралы келесі қисса айтылады. Сол кезде сұлу әйелдерді жақсы көретін патша болыпты. Әйелі кәрі болғандықтан ол басқа әйелге үйленбек болады. Патшаның әйелі оны өзінің  басқа некеден туылған қызына үйлендірмек болады. Бірақ патша «Яхия Пайғамбардың  (оған Алланың сәлемі болсын) рұқсатымен ғана үйленемін» деп талап қояды. Яхия (оған Алланың сәлемі болсын) бұндай жақын туыстық некені қиюға рұқсат бермейді де патшаның ашуына тап болады. Патшаның әйелі Яхияның өлтірілуін қалайды және патшаның әмірімен Пайғамбардың басын шауып тастайды. Оның жасы 75-те еді. Сандыққа салынған оның басы дамаскідегі Омейяд  (орталық) мешітіне, ал денесі – Палестина жеріне жерленеді. Уәлид бин Абдул-Мәлік бин Маруан билік жүргізгенде бұл сандық ашылып, халиф Яхияның (оған Алланың сәлемі болсын) басын сүйген екен. 
 
Мәриям (оған Алла разы болсын), Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы[12]. Оның өмірі адамдарға жіберілген Алланың бір белгілерінен еді. Мәриям Құранда атымен аталған жалғыз әйел – оған тұтас сүре арналған. Алла оның дәрежесін әлемдегі кез-келген басқа әйелдерден жоғары көтерген[13]. Иерусалимдегі Элеон тауының етегіндегі шіркеуде, Әл-Ақсаның маңында оның зираты орналасқан.
 
Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) – екінші әділ халиф, Ислам тарихындағы ең танымал және беделді билеушілердің бірі. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ең жақын сахабаларының бірі. Ол билік еткен уақытта Әл-Құдс қан төгусіз, бейбіт жолмен мұсылмандардың иелігіне өтеді. Барлық дін иелері осы қасиетті қалада тұрып, қорықпай-ақ өз діндерінде құлшылық ететін. Халиф Иерусалимге кіргенде, жергілікті діни адамдар оған христианның құрметті жерлерін (соның ішінде «Табыт шіркеуін») көрсеткен. Намаз уақыты келген кезде, патриарх халифқа осы шіркеуде құлшылық етуді ұсынады, бірақ Омар (оған Алла разы болсын) бас тартып, бұл шешімін: «Егер билеушілерінің бір кездері осы шіркеуде намаз оқығанын мұсылмандар білсе, олар оны жаулап алмақ болады» деп түсіндіреді. Намаз оқитын орын таңдау үшін Омар шіркеудің қорғанының сыртына тас лақтырады да оның түскен жеріне барып намаз оқиды. Халифтың бұндай әрекеті оның басқа дін адамдарына деген сыйласымдылығын көрсетеді. Оның атындағы мешіт христиандардың «Воскресенье» шіркеуінің қарсы алдында орналасқан.

Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) екі сахабалары Шаддад ибн Аус пен Убада ибн ас-Самит (оларға Алла разы болсын). Олар Бейтул-Мақдистегі бірінші және көне мұсылман зиратына жерленген. Убада ержүрек жауынгер болған, ол осы аймақтағы жаулап алулардың көпшілігіне қатысқан. Мұсылмандар Палестина билігін қолдарына алған соң, Омар халиф Убаданы дін жөніндегі бірінші ұстаз және палестиналықтардың төрешісі етіп тағайындайды. Шаддад Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жақын адамдарының бірі болған, ол одан бірнеше хадистерді жеткізген. Бірде, ол әлі Мединеде тұрғанда, Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оған Бейтул-Мақдистің мұсылмандармен алынғаны туралы және оның ұрпағы ол жерде имамдар болады деген жақсы хабарды жеткізеді[14]. Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) осы сөздері орындалды, Шаддад өмірінің 69 жылын Әл-Құдсте өткізген.
 
Салман әл-Фариси (оған Алла разы болсын), Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ең танымал сахабаларының бірі, ақиқатты іздеудің көркем үлгісі болып табылады – Мединеге келіп, Пайғамбармен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кездескенше көптеген жерлерді кезіп, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізген. Салман әл-Фарисидің зираты Әл-Құдста, Зәйтүн тауының төбесіндегі кішкене мешітте орналасқан. Шынында, оның зираты осы жерде ме әлде бұ жер тек оның уақытша мекені болған ба – ол жөнінде келіспеушіліктер бар. Алла жақсы біледі.

Рабия әл-Басрия (Рабия әл-Адауиә), (оған Алла разы болсын), тақуа әйел, бүкіл өмірін Аллаға қызмет етуге арнаған. Ол шейх Хасан-әл-Басридің (оған Алла рақым етсін) шәкірті болған. Кейбір тарихшылардың пікірінше, Рабия-әл-Басрия Әл-Құдстегі  Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) көкке көтерілген жері «Воскресенье» шіркеуінің ішіне жерленген.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедте (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Палестина жерімен байланысты болған. Ислам тарихындағы әл-Исра әл-Миғраж (түнгі саяхат және көтерілу) сияқты  маңызды жайтты айтудың өзі жеткілікті, сол кезде біздің Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ғажайып түрде Меккеден Иерусалимге жеткізілген болатын, сол жерде Әл-Ақса мешітінің аумағында басқа пайғамбарлардың намазын басқарып, және сол жерден көкке көтеріліп Алла Тағаламен тілдескен болатын.
 
Өмірімізде бір рет болса да, бізге көркем де рақым жауған Палестина жеріне баруымызға Алла мүмкіндік берсін. Әмин. 
 
صحيح البخاري، باب من أحب الدفن في الأرض المقدسة أو نحوها .[1]
[2]. Құран, 4:125
[3]. Құран, 6:84 және 19:49-50
[4]. Құран, 26:169
[5]. Құран, 68:48
[6]. Құран, 21:87
[7]. Құран, 38:35
[8]. Құран, 3:46 және 19:30-33
[9]. Құран, 3:49
[10]. Құран, 4:157-158
صحيح مسلم، باب فِى خُرُوجِ الدَّجَّالِ وَمُكْثِهِ فِى الأَرْضِ وَنُزُولِ عِيسَى وَقَتْلِهِ إِيَّاهُ .[11]
[12]. Құран, 23:50
[13]. Құран, 3:42
المعجم الكبير للطبراني، ح/٧٠١٦، يَعْلَى بن شَدَّادِ بن أَوْسٍ عَنْ أَبِيهِ .[14]
ДЕРЕККӨЗІ The Jamiatul Ulama

The Council of Muslim Theologians

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: Ислам тарихы
Предыдущий Следующий
Қиямет күні адамдардан ең алдымен денсаулығын неге пайдаланғаны сұралады Кербеле шайқасы

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам тарихы Әл-Ақса жайында 8 қызықты мәлімет
Әл-Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешіті – сөзсіз әлемдегі ең «таласымды» мекен болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы оған үстемдік ету үшін адамдар жандарын пида етті десек, асыра сілтеусіз айтқан болармыз. Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы ж...
Исламдағы отбасы Аға-інілеріңнің жесірлеріне үйленген дұрыс па? 
Сұрақ: Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаев інісі қайтыс болғаннан кейін оның әйеліне үйленді деп оқығанмын. Шариғат бұған қалай қарайды? Жалпы бұл дұрыс па? 
Ислам тарихы Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс
Сұрақ: Біз мұсылмандардың әміршілеріне бағынуы керектігін білеміз (егер тек ол ашықтан-ашық діннен таймаса). Олай болса, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хусейннің (радыаЛлаһу әнһу) халиф Язид ибн Муауияға қарсы шыққандығы (сөйтіп, шайқаста қаза тапқандығы) жайлы әйгілі...
Ислам тарихы Хайбар шайқасы қай кезде болған және оған қанша сахаба қатысқан?
Сұрақ: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Хайбар, хайбар, йә, Яхуд», - дегені хабарланған хадиске сілтеме бере аласыз ба? Хадисте сол жайлы айтыла ма? Хайбар шайқасы қай жылы болды? Оған қанша сахаба қатысты?...
Саңлақ сахабалар Кербеле шайқасы
Тарихтың әрбір парағында адамдар үшін сабақ бар. Жәннаттағы жастардың жетекшісі деп аталған саййидин Хусейннің (Алла оған разы болсын) қатыгезделіп өлтірілуі, оның жанұясы және серіктері жайында ешқашан ұмытылмауы керек. Бұл қасіретті оқиға әрбір мұсылман кісінің жүрегін қынжылтады. Бұл жантүршігерл...
Ғұламалардың өмірбаяны Имам Ибн Жәрир әт-Табаридің (ол кісіні Алла рахымына бөлесін) өмірінен керемет үлгі
Біз Рамазан бойы ішіп-жеу, жұбайыңмен жақындасу секілді басқа кезде рұқсат етілетін іс-әрекеттерден тыйылып, Аллаға құлшылық жасаймыз. Бірақ, ары қарай бүкіл өмірін құдды Рамазандағыдай өткізген ғұламаның хикаясын баяндап бермекшіміз. Имам Әбу Жафар Мухаммад әт-Табари (ол кісіні Алла рахымына бөлесі...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс
Сұрақ: Біз мұсылмандардың әміршілеріне бағынуы керектігін білеміз (егер тек ол ашықтан-ашық діннен таймаса). Олай болса, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хусейннің (радыаЛлаһу әнһу) халиф Язид ибн Муауияға қарсы шыққандығы (сөйтіп, шайқаста қаза тапқандығы) жайлы әйгілі...
Ислам тарихы Хайбар шайқасы қай кезде болған және оған қанша сахаба қатысқан?
Сұрақ: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Хайбар, хайбар, йә, Яхуд», - дегені хабарланған хадиске сілтеме бере аласыз ба? Хадисте сол жайлы айтыла ма? Хайбар шайқасы қай жылы болды? Оған қанша сахаба қатысты?...
Саңлақ сахабалар Кербеле шайқасы
Тарихтың әрбір парағында адамдар үшін сабақ бар. Жәннаттағы жастардың жетекшісі деп аталған саййидин Хусейннің (Алла оған разы болсын) қатыгезделіп өлтірілуі, оның жанұясы және серіктері жайында ешқашан ұмытылмауы керек. Бұл қасіретті оқиға әрбір мұсылман кісінің жүрегін қынжылтады. Бұл жантүршігерл...
Ислам күнтізбесі Рамазан айында орын алған бес тарихи оқиға
Баршамыз Рамазанды оразаның, тыйылудың және рухани ой толғаудың айы деп білеміз. Алайда, оның қазір өзіміз ғұмыр кешіп жатқан әлемнің қалыптасуына септігін тигізген таңғажайып тарихи оқиғаларға толы ай екенінен бейхабар болармыз, сірә. ...
Саңлақ сахабалар Бадр шайқасына қатысқандардың жоғары деңгейі
Сұрақ: Қай хадисте Бадр шайқасына қатысқан сахабалар басқа сахабаларға қарағанда ең жоғары деңгейде тұрады деп айтылған?
Ислам тарихы Пайғамбарымыздын (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешіті жайлы тоғыз қызықты мәлімет
Өмірде сұлулыққа толы құбылыстарды көргенде біз жиі, «Жер бетіндегі Жәннат» деп айтып жатамыз. Шын мәнінде, бұл тіркеске сай келетін тек бір ғана мекен бар. Жасыл кілемдермен төселіп, миллиондаған адамдардың көз жасымен жуылған Пайғамбардың (Алланың оған ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
29 Раби-авваль 1439
Миләди
17 желтоқсан 2017
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:44

62. Участь грешников в Ахирате, часть 3

Спасибо Вам azan.kz!

Абылай Камзин
кеше

Дважды два не четыре, это заговор

ассаламу алейкум, автор молодец, ее старания приносят хорошие результаты, критика по отношению к себ

Абылай Камзин
кеше
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi