Мақалалар

Мұңды мақам иесі – Миншауи қари

| A | +

Мысыр  мұсылман әлеміне көптеген Құран Кәрімнің атақты хафиздары мен білімпаздарын жетілдіріп шығарған киелі өлке. Олардың ішінде Мұхаммед Сыддық Миншауидің орны бір төбе. Ол – 1920 жылы Мысырдың Миншах қаласында дүниеге келген. Алла Тағала өз кезегінде бұл құлына ерекше қабілет пен мықты зейін сыйлаған еді. Бұны сезген әкесі де баласына ес біле бастағаннан Құдай сөзін жаттата бастайды. Соның нәтижесінде Миншауи Құран Кәрімді өте ерте жастан жаттап алады. Тоғыз жасынан бастап мыңдаған намазхандардың алдына шығып, Рамазан айында Құранды бастан-аяқ хатым етті. Сонымен қатар, ол қолы бос кезде өзімен тұрғылас балаларға қырағат және тәжуид білімдері бойынша сабақ та берді.

 

 

Мұхаммед Сыддық жастайынан Құран ілімдерінің білгірі ретінде аты шыға бастады. Ол адамның терісін шымырлататын нәзік және өте әсерлі дауысқа ие-тін. Оқуы да айна-қатесіз, анық болатын. Сондай-ақ, оның аяттарды оқуда өзіндік стилі де қалыптасқан еді. Алла Тағаланың Құрандағы әмірлері мен ескертпелері, қиямет, тозақ, күнәһар пенделерге берілетін азаптар жайында айтылған аяттарды ерекше екпінмен, дауысын көтеріп, мұңды етіп оқитын. Ал, керісінше, Алла Тағалаға иманды құлдарына уәде еткен жәннаттармен, олардың ақирет күніндегі дәрежелері туралы айтылған аяттарды нәзік қалыпта, жүректерге тыныштық сыйлайтындай етіп оқып жеткізетін.

 

Ол бірнеше Құран жарыстарында қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

 

 

Содан атақты қари тез арада Мысырда ғана емес, дүние жүзіне таныла бастады. Ол Сирия, Кувейт, бірқатар парсы тектес мемлекеттерде болып, мыңдаған мұсылмандар алдында тамылжыта Құран оқыды. Оның Құран оқудағы жаңа әдісінің арқасында қарилар қырағат оқуларында ерекше мүмкіндіктерге қол жеткізді.

 

 

Мұхаммед Сыддық Миншауи 1969 жылы небары қырық жасында рак ауруынан көз жұмса да, артына Құран қырағаты тарихына ерекше оқу әдісімен өшпес із қалдырды. Оның жүздеген шәкірттері қазіргі таңда осы оқу әдісін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

 

Аударған: Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Тараздық ғалым – Алтынхан төре кім еді? Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари
Қарилардың ұстазы, Құран бұлбұлы, дауысына «Дәуіт дауысты» деп баға берілген Абдулбасит Мұхаммад Абдуссамад – 1927 жылы Оңтүстік Мысырдағы Қина ауданына қарасты Армант елді-мекеніндегі Муроаза ауылында дүниеге келген. Атасы – Абдусамад да, әкесі – Мұхаммад та және Абдулбаситтың өзі де Құран хафизы ж...
Ғұламалардың өмірбаяны Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шаабан 1440
Миләди
21 сәуір 2019
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 19:45

Құптанға дейін 00:52

Пусть тепло семейного очага распространится на весь мир...

Перед тем как принять заповедь и то или иное наставление религии, человек должен понимать что не дос

Abylai Kamzin
кеше

"Нурул Идох" кітабы бойынша Ханафи фиқһ дәрістер топтамасы

Ас-саля́му алейкум уа-рахмату-Лла́хи уа-баракя́тух, жалғасы болмайдыма екен?

Kanat Khiniyatov
4 сәу. 2019

Тафсир Аль-Коран

Есть ошибки перевода.57:4. Он – Тот, кто сотворил небеса и землю, а также всё, что между ними, за ше

Dani Maxx
3 сәу. 2019

Құранмен нұрланғандар - 2

баракаллаху фикх!

Салтанат Токтамисова
31 нау. 2019

Верховный муфтий: Достижения Казахстана неразрывно связаны с именем Нурсултана Назарбаева

Прошу прощения, я думал что Ваш комментарий адресован мне.

Abylai Kamzin
30 нау. 2019
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi