Мақалалар

Алланың сарбазы – Абдуллаһ ибн Зубәйр

| A | +
Абдуллаһ ибн Зубәйр (Алла ол кісіге разы болсын) – Исламдағы бірінші халифа Әбу Бәкірдің (Алла ол кісіге разы болсын) немересі. Ол әйгілі сахабаның сахаба ұлы еді. Анасы – Әбу Бәкірдің қызы Әсма (Алла ол кісіге разы болсын). Әпкесі мұсылмандардың анасы, ардақты пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті жары Айша (Алла ол кісіге разы болсын) болатын. Әкесі тарапынан әжесі – пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әпкесі – Сафия бинт Абдул Муталиб. Әкесі тарапынан атасы – Хадишаның (Алла ол кісіге разы болсын) ағасы Әл-Әууәм ибн Хуайлид.
 
Абдуллаһ ибн Зубәйр (Алла ол кісіге разы болсын) хижраның алғашқы жылында, яғни, мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударған жылы дүниеге келді. Ол хижрадан кейін туылған тұңғыш ұл бала болатын. Мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғанда сол жердегі яһудилер «мұсылмандар енді еркек кіндікті бала дүниеге келтіре алмайтындай етіп дуалап тастадық» деген алып-қашпа әңгіме тарата бастаған еді.
 
Мұсылмандар Мәдинаға келгеннен бастап олардың шаңырақтарында тек қана қыз балалар дүниеге келді. Ұл балалар туылса да, тек қана өлі күйінде туылды, болмаса, туылғаннан кейін біраз күндерден кейін шетінеп кететін. Яһудилердің мұсылмандарға дуа жасадық деген бос сөз, бөстекі әңгімелеріне қарапайым халық шындап сенейін деді. Сондықтан, барлығы іштей бұдан былай мұсылман қауымы құрып, жоқ болады деп ойлай бастаған-ды. Ол уақытта хазіреті Әсма (Алла ол кісіге разы болсын) жүктілігінің соңғы айларын өткеріп жатқан болатын. Сөйтіп, Мәдинада толғағы басталған Әсма, он екі мүшесі сап-сау ұл бала босанды. Мұсылмандардың қуаныштарында шек болмады. Олар сәбиді құндақтай сала атасы Әбу Бәкірге (Алла ол кісіге разы болсын) алып барады. Әбу Бәкір немересін қолына алғанда мұсылмандар Алланы ұлықтап, тәкбір айтып, оның соңынан еріп отырды.
 
Әбу Бәкір (Алла ол кісіге разы болсын) сәбиді Алла елшісіне (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып барады. Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уылжып тұрған құрманы шайнап, баланың таңдайына жақты. Әлемдерге Рақым етіп жіберілген жанның (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ортасында дүниеге келу неткен бақыт десеңізші! Ол баланың ең алғаш жеген асы – Алланың сүйікті елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арнайы шайнап берген құрма болды. Сәбидің есімін де ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қойды.
 
Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәбиді Абдуллаһ, яғни, Алланың құлы деп атады. Бүлдіршінді көп адамдар Әбу Бәкірге (Алла ол кісіге разы болсын) ұқсататын. Абдуллаһ ибн Зубәйрдің (Алла ол кісіге разы болсын) ең алғаш айтқан «әс-сәйф», «қылыш» деген сөз болды. Бұған таңырқаудың еш қажеті жоқ. Себебі, бұл бала жауынгер отбасында туылып, сол шақырақта ер жетті. Ол үйде әрдайым қару тұратын, бала да кішкентай кезінен қарулы адамдарды көріп, өзі де ойын ойнағысы келгенде әрнәрсені қылыш етіп ойнайтын.
 
Осындай себептердің әсері болса керек Абдуллаһ ибн Зубәйр (Алла ол кісіге разы болсын) ұлы сарбаз болып ер жетті. Үш нәрседе оған тең келетін жан болмаған деседі: ержүректілікте, шешендікте және Аллаға құлшылық жасауда. Фиқһ бойынша кез-келген кітаптың намазда ойыңды жинақтау жайлы айтылатын бөлімін ашсаңыздар, міндетті түрде Абдуллаһ ибн Зубәйрдің аты аталатынына көз жеткізесіз. Ол намаз оқығанда, басына құс қонақтайтындай күйде тапжылмай тұрады екен. Тіпті ол намаз оқып тұрғанда иығына құстардың қонатындығы жайлы да деректер бар.
 
Абдуллаһ ибн Зубәйрдің (Алла ол кісіге разы болсын) сәждесі жайлы айтылғандан бір деректе, оқиғаны жеткізуші кісі Абдуллаһ ибн Зубәйр сәжде жасаған уақыт аралығында «Бақара», «Әли-Имран», «Ниса» және «Мәида» сынды Құранның ең ұзын сүрелерін оқып үлгергендігін айтқан. Ол осылайша намаздарында ұзақ сәжде жасайтын еді.
 
Хижра жыл санауы бойынша жетпісінші жылдардың бас кезінде Меккені Хажжаж атты залым әрі жауыз патшаның әскерлері қоршап алады. Ол Меккені бір жарым жылға жуық қоршап тұрады. Абдуллаһтың жақтастары бұл залымға қарсы күресуіне көмек қолдарын созбай, сырт айнала береді. Сөйтіп, айналасынан ақыл таппаған ол анасына барып кеңеседі. Әсма (Алла ол кісіге разы болсын) ол кезде әбен қартайып, жасы 100-ге жуықтап қалған еді. Көзі көруден қалып, тек дыбыстар аулап күн кешіп отырған шағы болатын.  
 
Абдуллаһ анасының бөлмесіне сәлем беріп кіріп келгенде, анасы да бірден танып жауап береді. Содан соң анасы одан:
 
- Әлгі Хажжаждың адамдары қазір қайда? - деген сұрағына Абдуллаһ:
 
- Анашым-ау, жаным ажал құшқаннан кейін ғана жай табатын шығар, - деп жауап береді. Сосын былай деп сөзін сабақтай түседі:
 
- «Жолдастарымның барлығы мені тәрк етті. Тіпті отбасымның адамдары да менен теріс айналып кетті. Қасымда аз ғана адамдар қалды. Тіпті көпшілік қауым менің пікіріме келіспегендерімен қоймай, «қалаған жағыңа жүре» бер дегенді де айтып жатыр»,- дейді.
 
Ол қаладан шығып кетем десе, дұшпандардан да ешқандай кедергінің болмайтындығын да меңзейді де «соғысайын ба, әлде қаладан кетейін бе» деп кеңес сұрайды. Анасы оған:
 
- Уа, балам. Жағдайыңды менен гөрі өзің жақсы білесің. Бірақ, саған айтып қояйын, өзіңнің дұрыс жолда екеніңе сенімді болсаң, басқа сахабалар қалай бұл дүниеден озған болса, сенің де солай жан тәсілім еткенің абзал болады,- дейді. Сөйтіп, ол өзінің баласына басқа да сахабалар сияқты ажал құшуға кеңес беріп, өздері хақ деп білген ақиқат үшін Алла жолында шейіт болуды абзал көрді:
 
- Бұл дүниеде қанша ғұмырымыз қалды дейсің? Алла разылығы үшін жан тапсыру бәрінен де абзалы болмақ.
 
- Солайы солай-ау, тек Шамның адамдары, яғни, Хажжаждың жақтастары мені өлтіріп қана қоймай, өлгеннен кейін денемді кескілеп, мазақ қылып, ойларына келгенін істей ме деп қорқамын.
 
Анасы сонда:
 
- Уа, балам, өлгеннен кейін терісін сыпырып алғаннан қой азап шекпейді. Өз дегеніңде бекем болып, Алланың жәрдемін тіле,- дегені сол еді Абдуллаһ орнынан тұрып, анасының маңдайынан сүйеді де:
 
- Уа, анашым, Алланың атымен ант етейін, өзім де сондай ойдамын. Бұл дүниеде қалуға құлқым жоқ, себебі, мен ақыретке талпынған, ақырет деп атойлаған адамдардың қатарындамын. Мен бүкіл өмір бойы ақиқатты жақтап келдім. Тек сенімен кеңесуді де артық көрмедім. Сенің жігеріңді көріп, өзім одан сайын қайраттана түстім,- дейді батылданып.
 
Анасы баласын құшағына қысады. Баласын аймалап жатқан кейуана ұлының темір сауыт киіп алғанын байқап қалады да:
 
- Мынау не? Шейіт болуға ұмтылған адам мұны кимейді ғой. Ақиқат үшін жан тәсілім еткің келсе, бұл нәрсені кимеуің керек,- дейді кәрі даусы қырылдап. Абдуллаһ анасы ұлын уайымдамасын деп темір сауыт киіп алғанын айтқанда, алған бетінен қайтпаған анасы қасарысып сауытты шешуін сұрайды. Артынша Абдуллаһқа:
 
- Киіміңді қаттырақ тартып байласаң болды, сол да жеткілікті,- дейді.
 
Сонда Абдуллаһ анасына:
 
- Қай күні ажалым келетінін білсем ғой, көңілім тыныш болар еді, - дейді де кетуге ыңғайлана бастағанда анасы да ұлының жігерін жани түсіп:
 
- Алла разылығы үшін сабырлы бол. Әкең – Зубәйр, атаң – Әбу Бәкір, әжең – Абдул-Мутталибтің қызы Сафия емес пе?- дейді.
 
Содан не керек, әлгі залым қауымға қарсы Абдуллаһ шайқасқа шығады. Оқиға баяндалған деректерде шайқас болып жатқан күні Абдуллаһ (Алла ол кісіге разы болсын) мың сарбазға татитын шайқас көрсеткен деседі. Сол кезде оның жасы 73 те еді. Ол соншалықты егде тартқанынан қарамастан таңнен кешке дейін қызыл қырғынның ішінен шықпайды. Оның мерт болуын қаламайтын жолдастары дұшпанның қылышы мен найзаларынан қорғаштап бақса да, көп ұзамай өздері мерт болады. Айналасында бірге шайқасып жүрген майдангерлері көз жұмған соң Абдуллаһ (Алла ол кісіге разы болсын) тұтстай жау әскеріне қарсы жалғыз өзі шайқаса береді. Қылыш сілтеп, найза сермеп ала алмаған жаулары енді оған алыста тұрып алып тас лақтыра бастайды. Ақыры байқаусызда бір үлкен тас басына тиеді де, аттан ауып құлап түседі. Сонда да, ол шайқасуын тоқтатпай, керсінше үдете түседі. Сол кезде көздеріне қан құйылған дұшпандары жан-жағынан қаумалап келіп аяғын кесіп алады да, өзін түйреп өлтіреді.
 
Бұл оқиғаны баяндаушылардың айтуынша Абдуллаһ қаза болған кезде бүкіл Мекке халқы қара жамылып, қайғы жұтқан екен. Ол дүние есігін ашқан күні Мекке қаншалықты қуанып-шаттанған болса, ол дүние салған күні Мекке ең қасіретті күнін басынан кешті.
 
Бізге жеткен риуаяттарда Хажжж ибн Юсуф әс-Сақафи Меккеге кіріп, Әсмаға (Алла ол кісіге разы болсын) келеді. Оған ұлының опат болғанын айтып: «Алланың дұшпаны осылайша қаза тапты», - деп сағын сындырғысы келеді. Сонда қартайса да қайсарлығы қайтпаған Әсма: «Сен оның бұл дүниедегі өмірін ойрандаған шығарсың, бірақ, ол сенің ақыретіңді ойрандады»,- деп жауап береді. Яғни, бұл ондай адамды өлтіргенің үшін ақыретте жазаға тартыласың дегені еді. 
 
Міне, өлімнен қорықпайтын сахабалар осындай болатын.
 
Хажжаж Абдуллаһтың мәйітін ары-бері өткен адамдар көрсін деп Меккенің қақпасына ілгізіп қояды. Ибн Омар (Алла ол кісіге разы болсын) сол жерден өтіп бара жатып, Хажжаждің әскері жеңгендеріне қуанып тәкбір айтып жатқандарын естиді де:
 
«Сендер ол өлді деп тәкбір айтып жатырсыңдар. Алланың атымен ант етейін, мен мұсылмандардың Абдуллаһ дүниеге келген кезде тәкбір айтқандарын естідім. Алланың атымен ант етейін, біреудің өліміне қуанып тәкбір айтқан адамнан біреудің дүниеге келгеніне қуанып тәкбір айтқан адам артық»,- дейді.
 
Адамдар Хажжажға Абдуллаһтың мәйітін түсіріп, жерлеуін өтінеді. Бірақ, ол бұл өтінішті орындаудан бас тартып, оның анасының келуін күтеді. Сол кезде Абдуллаһтың қанға бөгіп, бүлінген мәйітінен хош иіс шығып тұрғаны риуаят етілген. Хажжаждің адамдарының бірі оның беліне өлі мысықты байлап қояды. Бірақ, жұпар иістің аңқығаны соншалық, тіпті өлген мысықтың сасық иісін басып тастаған еді деген риуаттар бар.
 
Әсма (Алла ол кісіге разы болсын) баласының мәйітіне жақындағанда:
 
- Мына Алланың сарбазының атын ерттейтін сәті туған жоқ па?- деп тіл қатады. Мұны естіген Хажжаж өзін қор санап, ұлы сарбазды жеңе алмағанын түсінеді. Сол себепті, Абдуллаһ ибн Зубәйрдің (Алла ол кісіге разы болсын)  мәйітін жерге түсіріп, жер қойнына тапсыруға әмір етеді.
 
Алла Субхана уа Тағаланың разылығы үшін өмір сүріп, жан тәсілім еткен адам осындай болатын.
ДЕРЕККӨЗІ The Jamiatul Ulama

The Council of Muslim Theologians

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қажылыққа қанша рет баруға болады? Әрбір сөзіңе абай болудың маңызы

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
Саңлақ сахабалар Әлидің (Алла оған разы болсын) Омар мен Әбу Бәкір (Алла оларға разы болсын) жайлы айтқан сөзі
Сұрақ: Мына хабарлама сенімді ме: Әли (Алла оған разы болсын) былай деді: «Егер кімде-кім мені Әбу Бәкір мен Омардан (Алла оларға разы болсын) артық көрсе, оны өтірікшіні сабағандай (жазалағандай) сабауды бұйырамын»?...
Саңлақ сахабалар Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы – Барака Умму Әйман
​​​​​​​Ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы мен бағушысы болған Барака Умму Әйман, ол кісіге Алла разы болсын, Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), туылған күнінен бастап, соңғы күніне дейін қасында болған жалғыз сахабасы. Алла елш...
Хадис Омар (Алла оған разы болсын) мен оның әйелі жайлы хадис
Сұрақ: Халиф Омар (Алла оған разы болсын) мен оның әйелі жайлы әйгілі оқиға сенімді ме? Біреу қияңқы әйелі жайлы шағымын айту үшін халифқа барады. Алайда, ол халифтің үйінің есігіне жақындап барғанда Омардың (Алла оған разы болсын) әйелі Умм Кульсумның (Алла оған разы болсын) күйеуіне ұрсып жатқанын...
Ислам тарихы Әл-Ақса жайында 8 қызықты мәлімет
Әл-Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешіті – сөзсіз әлемдегі ең «таласымды» мекен болып табылады. Мыңдаған жылдар бойы оған үстемдік ету үшін адамдар жандарын пида етті десек, асыра сілтеусіз айтқан болармыз. Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие – ол Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы ж...
Исламдағы отбасы Аға-інілеріңнің жесірлеріне үйленген дұрыс па? 
Сұрақ: Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаев інісі қайтыс болғаннан кейін оның әйеліне үйленді деп оқығанмын. Шариғат бұған қалай қарайды? Жалпы бұл дұрыс па? 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Саңлақ сахабалар Әлидің (Алла оған разы болсын) Омар мен Әбу Бәкір (Алла оларға разы болсын) жайлы айтқан сөзі
Сұрақ: Мына хабарлама сенімді ме: Әли (Алла оған разы болсын) былай деді: «Егер кімде-кім мені Әбу Бәкір мен Омардан (Алла оларға разы болсын) артық көрсе, оны өтірікшіні сабағандай (жазалағандай) сабауды бұйырамын»?...
Саңлақ сахабалар Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы – Барака Умму Әйман
​​​​​​​Ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы мен бағушысы болған Барака Умму Әйман, ол кісіге Алла разы болсын, Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын), туылған күнінен бастап, соңғы күніне дейін қасында болған жалғыз сахабасы. Алла елш...
Хадис Омар (Алла оған разы болсын) мен оның әйелі жайлы хадис
Сұрақ: Халиф Омар (Алла оған разы болсын) мен оның әйелі жайлы әйгілі оқиға сенімді ме? Біреу қияңқы әйелі жайлы шағымын айту үшін халифқа барады. Алайда, ол халифтің үйінің есігіне жақындап барғанда Омардың (Алла оған разы болсын) әйелі Умм Кульсумның (Алла оған разы болсын) күйеуіне ұрсып жатқанын...
Саңлақ сахабалар «Менен кейін Омар мен Әбу Бәкірдің (Алла оларды рақымына бөлесін) соңынан еріңдер»
Сұрақ: Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды: «Менен кейін Әбу Бәкір мен Омардың (Алла оларды рақымына бөлесін) соңынан еріңдер», - деп үндегені баяндалған хабарлама сенімді ме?...
Ислам тарихы Шариғат тұрғысынан қарағанда, Хусейн (радыАллаһу әнһу) мен Язид ибн Муауияның арасындағы қақтығыс
Сұрақ: Біз мұсылмандардың әміршілеріне бағынуы керектігін білеміз (егер тек ол ашықтан-ашық діннен таймаса). Олай болса, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хусейннің (радыаЛлаһу әнһу) халиф Язид ибн Муауияға қарсы шыққандығы (сөйтіп, шайқаста қаза тапқандығы) жайлы әйгілі...
Ислам тарихы Хайбар шайқасы қай кезде болған және оған қанша сахаба қатысқан?
Сұрақ: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Хайбар, хайбар, йә, Яхуд», - дегені хабарланған хадиске сілтеме бере аласыз ба? Хадисте сол жайлы айтыла ма? Хайбар шайқасы қай жылы болды? Оған қанша сахаба қатысты?...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Шавваль 1439
Миләди
23 маусым 2018
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:58

Екінтіге дейін 03:51

Как поститься в месяц Шавваль?

Уа алейкум ассалям. Вы сделали все правильно. Праздник Ид аль-фитр один день.

Администратор Azan.kz
17 июня 2018

Ораза. Часто задаваемые вопросы

Уа алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух. Совершение айт намаза является обязательным для муж

Администратор Azan.kz
15 июня 2018

Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Уа алейкум ассалям! Массаж жасау оразаны бұзбайды. Алайда Шариғат бойынша бөтен əйелдің денесіне қол

Администратор Azan.kz
15 июня 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi