Қазақстан мұсылмандары үшін бірегей мүмкіндік: жұма уағыздарын (хутбаларды) үш тілде тікелей on-line трансляциялау
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:06
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:38 05:00 11:54 16:42 18:43 20:06
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Шавваль 1445
Миләди
19 сәуір 2024

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары үшін бірегей мүмкіндік: жұма уағыздарын (хутбаларды) үш тілде тікелей on-line трансляциялау

Өздеріңізге белгілі болғандай, Ислам Қазақстандағы ең кең таралған дін. Соңғы деректер бойынша халқымыздың басым бөлігін мұсылмандар құрайды және де Қазақстан бойынша 2,5 мыңнан астам мешіт бар. Исламды насихаттаудың ең басты құралдарының бірі, ол – имамдардың мешіттерде жұма уағыздарын (хутбаларды) өткізуі. Жұма уағыздарын орыс тілінде де өткізу туралы мәселе бұрын бірнеше рет көтеріліп талқыланғанымен, осы күнге дейін бұл сұрақ әлі де ашық болып келді.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жұмалық уағыздар орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді деген жаңалықтар пайда болды. Жаңашыл идеялар мен жобалардың тақырыптары біз үшін маңызды әрі қызықты. Осыған байланысты, бізді жұмалық хутбаны трансляциялау жобасымен және оның ерекшеліктерімен Al Saqr Finance Басқарма Төрағасы Данияр Успанов таныстырып өтеді.

Жақын арада жұмалық уағыздарды өткізудегі жаңартпа жөнінде жаңалық тараған болатын. Бұл жаңартпа жайлы толығырақ айтып өтіңізші? Осы сынды жобаны іске асыру идеясы қалайша пайда болды?

- Иә, жақын арада жұма уағыздарын (хутбаларды) үш тілде тікелей трансляциялау іске қосылды. Атап айтқанда, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тарату. Бұл жобаның әлеуметтік-ағартушылық сипаты бар және де жоба жеткілікті деңгейде инновациялық болып келеді, себебі Қазақстанда бұндай жоба алғашқы рет орын алуда.

Әдетте, имамдар келушілерге жұмалық уағыздарды айту барысында тәжірибелік мысалдар келтіреді. Бұл сондай немесе өзгедей діни нормаларды өмірде қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Естігенді дұрыс түйсіну қоғамның, әсіресе жастардың дамуына әсер етеді.

Айтқымыз келетіні, жобаның басты ерекшелігі, ол -  уағыздарды тыңдау әрбір қалаушы үшін қолжетімді. Бұл жаңа білімдерге жол ашады және де әр жұма сайын өздерінің жұмалық дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі уақытта жұмалық уағыздар тек мемлекеттік (қазақ) тілде ғана жүргізіледі. Осыған байланысты, мешітке жеке келушілердің белгілі бір тілдік кедергілерге байланысты уағыздардың мән-мағынасын түсінбеуі қажетсіз әңгімелердің туындауына, ұялы телефондардың көмегімен ойын-сауық контентіне көңіл аударуға және тағы басқаға әкеледі.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында Компания веб-порталы негізінде (www.alsaqr.kz) ілеспе аударманың көмегімен орыс және ағылшын тілдерінде хутбаларды тікелей (нақты уақыт мезетінде) трансляциялауға болатын алаңды құру идеясы туындады. Осылайша, әрбір қалаушы өз ұялы телефоны арқылы Компания сайтына кіріп, құлаққаптарын іске қосып, трансляцияны қосып, өзіне  хутбаны тыңдағанда ыңғайлы болатын тілді таңдай алады. Сонымен қатар, барлық өткізілген уағыздар тақырыптары бойынша сарапталып, Компания сайтында қайта тыңдау үшін мұрағатталатын болады.

Идея, расымен, өте қызықты. Осы жобаны іске асыруда кімдермен бірлесіп әрекет етесіздер?

- Осындай бастамамен Компания өз серіктестеріне, атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мен «Қазақстандық қор «Уақып» (Қор) Корпоративтік қайырымдылық қорына жүгінді. Аталған серіктестермен жобаны іске асыру механизмдерін талқылау барысында, бұл жобаның сұранысқа ие екендігін және уақыттылығын түсіндік. Осыған байланысты серіктестерімізден идеяны техникалық жағынан сәтті іске асыруға байланысты толық қолдауға ие болдық. Аталған серіктестердің көмегімен осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік тілден орыс және ағылшын тілдеріне аударма жасайтын кәсіпқой аудармашылар іске тартылды. Сонымен қатар, аудармашыларды таңдау барысында мынадай талаптарға мән берілді:

  • тиісінше діни (рухани) білімі;

  • белгілі бір хутба тақырыбының мән-мағынасын толыққанды жеткізе білуі;

  • дикция мен дауыс тембрінің жақсы болуы;

  • шешендік қабілеті және т.б.

Хутбалардың трансляциясын Қазақстанның қай мешіттері өткізеді?

Алғашқы жұмалық уағыздардың трансляциясы Астана қаласында орналасқан Әзірет Сұлтан мешітінен бастау алды. Хутбалардың трансляциясы тек жұма күндері ғана болады. Сонымен қатар, бұл хутбаларды тек Астана қаласында ғана тыңдауға болады деген сөз емес. Бұл жобаның басты ерекшелігі, ол - кез-келген қалаушының орналасқан жеріне қарамастан (қала,ел) Компания сайты арқылы (www.alsaqr.kz) уағыздарды тыңдауға мүмкіндігі барында. Сонымен қатар, олар өздерінің құлаққаптары, ұялы телефондары мен мобильді интернетін қолдануы керек. Қазіргі таңда біздің корпоративтік веб-сайтта www.alsaqr.kz аудио-жазбаларды сақтау, сондай-ақ, тыңдарман оларды өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта ойната алатын арнайы «кітапхана» атты бөлім әзірленіп жатыр.

- Сіз Жобаның әлеуметтік-ағартушылық сипаты бар деп айтып өттіңіз. Жобаның қандай басты артықшылықтарын ерекшей аласыз?

Хутбаларды үш тілде трансляциялау жөніндегі ҚМДБ және Қормен бірлескен жобамыздың бірқатар артықшылықтары бар:

1) тілдік кедергіні жою (осы опцияға қосылу әркім үшін қолжетімді болады). Қазақстан мұсылман үмбеті әр түрлі ұлттан құралғандықтан, мемлекеттік тілдегі хутбаны түсіну бірқатар қиындықтар туғызатыны рас. Сондай-ақ, ағылшын тілінде трансляция жасау еліміздің туристтік тартымдылығын арттыруға өз септігін тигізеді;

2) қоғамда радикалды идеялардың тарауына қарсы әрекет жасау, сондай-ақ мешітке келушілердің жұма намаз уақытында өзгеге көңіл ауытқуын азайту;

3) жұма хутбалары нақты уақыт кезінде үш тілде трансляцияланады. Бұл жұма уағызының барлық аспектісін тыңдап түсінуге деген қызығушылықты оятады. Әбу һұрайрадан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім жақсылап дәрет алып, жұма намазына барса, мешітте имамға жақын отырса, оның уағызын тыңдаса, бос сөз сөйлемесе, ол адамның осы жұма мен алдыңғы жұма арасындағы және қосымша үш күндік күнәлары кешіріледі», - делінген (Сахих Муслим);

4) қазақстандықтардың барлық өмір саласын цифландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қолдау. Бұл өз кезегінде әр азамат үшін ұзақмерзімді перспектива алып келеді. Сондай-ақ, Компанияның веб-порталы мобильді нұсқада да қолжетімді. Бұл халықтың басым бөлігін қамтуға оң әсерін тигізеді.

5) халықтың басым бөлігін тартуға мүмкіндік. Жұма хутбалары қалаушылардың барлығына қолжетімді болады. Бұл өз кезегінде мешітке жұма намазға келушілердің санын арттырады.

- Жобаны құру идеясы қалай пайда болды?

Компанияның басты стратегиялық даму бағыттарының бірі - Исламдық қаржыландыруды түсіндіріп тарату. Алдағы уақытта имамдар үшін Исламдық қаржының негіздері бойынша дәрістер өткізу, сондай-ақ жұмалық хутбалардың жылдық жоспарына Исламдық қаржыландыру бойынша тақырыптарды енгізу жоспарлануда. Сол себепті біздің бірлескен жобамыз тек Исламды дұрыс қабылдауды ғана емес, сонымен қатар халықтың Исламдық қаржы жөніндегі сауаттылығын да көтеруге мүмкіндік жасайтынына біз сенімдіміз.

Ескерсек, жұмалық хутбаларды трансляциялау әлем бойынша кеңінен қолданылады. Соның ішінде Батыс Еуропада, атап айтқанда, Германияда.

Қазақстандағы діни нормалар (ислам) бойынша білім сегментін зерттей отырып, азаматтарымыздың көпшілігінде Исламдағы тиісті білім алуға құмартушылығы барын көрдік. Бұл ретте, интернет көздерінен алынатын ақпараттың сапалығы мәселесі көтеріледі, себебі олар әрдайым Ислам қағидаларына сәйкес келмеуі мүмкін.

Осы орайда, білім беру (ағарту) жобасын іске қосудың бас бастамашысы ретінде шықтық.

Сонымен қатар, Компания әлеуметтік жобалар арқылы қалыптасып, өз қызметін ұсынылатын тәжірибелік, ал ең бастысы нәтижелі көмек тұрғысынан бағалайды.

Жоба бойынша серіктестерімізге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Уақып» қайырымдылық қорына жобаны іске асыруда жасаған көмегі мен көрсеткен қолдауы үшін тағы да алғыс білдіргіміз келеді.

Ендігі кезде уағыздар еліміздің әрбір тұрғыны үшін түсінікті болып, білімдерін жетілдіруге көмектесіп, Ислам жолындағы сенімін нығайтады деген үміттеміз. Өз тарапымыздан осы жобаның жетілуіне бар күш-ынтамызды саламыз әрі исламдық қаржыландыруды халық арасында дамытуға қатысты жаңа идеяларды ойлап табуда ізденістерімізді тоқтатпаймыз дегіміз келеді. 

Сұхбат соңында Al Saqr Finance Компаниясы  кең ауқымды инновациялық исламдық қаржы қызметін көрсететін аздаған қаржы компаниялардың бірі және де бұл ұлттық нарықты өзінің жаңашыл идеялары, жобаларымен алғашқы қуантқаны емес екенін ескерткіміз келеді.

Muftyat.kz

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚМДБ МЕН «ХАРЕКЕТ» ҚОРЫ ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАДЫ
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ««Харекет» қайырымдылық қоры» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.
ФОТО: ҚАЖЫЛАРҒА 200-ДЕН АСТАМ ПƏТУА БЕРІЛДІ
Қажылық маусымында жерлестерімізге 200-ден астам пəтуа берілді.
АТАЗАҢ - БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БЕРІК КЕПІЛІ
Егемен еліміздің ширек ғасырдан астам əрбір белесінде, жеткен жетістігінде Атазаңның алар орны айрықша. Байтақ даламызда береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың орнығуы Конституциямыздың негізінде қалыптасқаны хақ. ...
БАС МҮФТИ: ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕМІЗ!
Аса мейірімді, ерекше қамқор Алланың атымен бастаймын! Жаббар Иеміз әл-қиссада әзіреті Ибрахим мен оның ұлы әзіреті Исмайылдың адалдығын өзгелерге үлгі етіп, мұқым мұсылман үмбетін құрбан шалуға бұйырғаны баршаға белгілі. Ислам тарихында Құрбан шалу рәсімі хижраның екінші жылы Сабук соғысынан кей...
Балғабек Мырзаев: «Мектеп маңындағы мешіттер бұзылады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті 2018 жылғы 2 тамызда БАҚ беттерінде жарық көрген «Қазақстанда мектепке жақын орналасқан мешіттер бұзылады» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды....
Мысырдан хат: Көңілден шыққан сәтті сапар!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының «Әл-Әзһар» университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісіміне сәйкес, Қазақстан бойынша имамдар мен ұстаздардан құралған тоғыз дін қызметкері екі айлық білім жетілдіру курсына жол тарттық....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Шавваль 1445
Миләди
19 сәуір 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:06

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
кеше

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi