Босниялық азамат көптеген жылдар бойы жанын жеген дертіне қажылықта шипа тапқан
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:01
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:44 05:05 11:55 16:40 18:39 20:01
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
7 Шавваль 1445
Миләди
16 сәуір 2024

Жаңалықтар

Босниялық азамат көптеген жылдар бойы жанын жеген дертіне қажылықта шипа тапқан

Бұл – қажылық жасағаннан кейін ауыр сырқатынан айыққан Босниялық мұсылман жайлы шынайы хикая.
 
Сараево қаласындағы Нихад Дж. есімді 32 жасар адамның бойынан бауырдың қатерлі ісігінің ауыр түрлерінің бірі табылған. Дерттің жылдам асқынып кеткені соншалық, көп ұзамай дәрігерлер науқастың жазылатынынан үміттерін үзіп, оған санаулы ғұмыры қалғанын айтқан. Алайда, Рақымшыл Алла Нихадты дертінен түгелдей айықтырды. Сол адам әлі күнге дейін тірі, туған қаласында аман-есен өмір сүріп жатыр. Бұл қалай болды? Ары қарай оның адам нанғысыз хикаясы баяндалады.
 
«2006 жылы маған осы жан түршігерлік диагноз қойылды. Сырқатым күннен-күнге үдей түсті. Бәрі білетіндей, науқас адамның бір ғана тілегі болады – ол денінің сау болуы. Әр түрлі дәрігерлерге жүгіндім, ауруханаларға бардым, талдамалар тапсырдым және сан түрлі ем-дом қабылдадым. Дертіме шипаны іздемеген жерім қалмады, бірақ, еш жерден таппадым. Соңғы тексеруден кейін дәрігерлер мені тек бүйрегімді ауыстыру арқылы ғана құтқарып қалуға болады деген байламға келді. Ондай операцияны Словенияда немесе Швейцарияда жасауға болады екен. Өздеріңіз білетіндей, донор табу айтарлықтай қиын. Оған қоса, операцияға кезегің келгенше ұзақ күтесің. Ал, менің уақытым минут сайын азайып бара жатты.
 
Мен бала кезімнен діндар адам болдым, исламды, өз дінімді жақсы көретінмін, исламда жаным жай тауып, көңілім көншитін. Исламның құндылығы мен игіліктеріне әлемде ештеңе тең келмейді. Сол себепті, ең басты қалауым – қажылықты жасамай бұл дүниемен қош айтысқым келмеді.
 
Сөйтіп, маған қатерлі диагноз қойылғанына жеті ай өткеннен кейін, 2007 жылы исламның бесінші парызын орындауға барлық дайындығымды аяқтадым. Әлбетте, ол кезде қасиетті Мекке мен Мәдинаға барып, Алланың рақымымен дертіме шипа табамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ. Мәдинаға жеткен соң Високо қаласынан (Босниядағы қала, Сараевоға жақын жерде) келген имаммен кездестім. Ол менің бір аяғымның екіншісінен қысқа екенін байқады. Соғыстан алған жарақатымнан сондай халге түскен болатынмын. Ол менен денсаулығымды, қалай жеткенімді сұрады. Мен оған күннен-күнге жанымды жегідей жеп, өлімге жақындата түскен ісікпен салыстырғанда аяғымның мәселесі түк те емес екенін айттым.
 
Сол кезде имам маған былай деді:
 
«Сен дұрыс жерді тауып келдің. Зәм-зәм суының шипалық қасиеті жайлы естімедің бе? Бұл – дәрі, ол Алланың рақымымен емдеуге арналған. Оны шипа болсын деген ниетпен мейлінше көбірек іш, сосын бәрі орнына келеді».
 
Мен оның ақылына құлақ асып, Мекке мен Мәдинада болған кезде тек қана Зәм-зәм суын ішумен болдым. Алты күн бойы ештеңе жемедім, асым да, суым да Зәм-зәм болды. Көп ұзамай денсаулығымдағы өзгерістерді сезіндім, күннен-күнге халім жақсара бастады. Ал, Боснияға қайтқаннан кейін дертімді жеңгенім анықталды, Аллаға шүкір. Әрине, бұл мен үшін, отбасым мен дәрігерлерім үшін мүлде күтпеген жағдай болды.
 
Қажылыққа бармас бұрын дәрігерлердің ақыл-кеңесіне байланысты 15 күн сайын немесе әр ай сайын тексеруден өтіп тұрған едім. Меккеге сапарға шығар алдында ісік бес сантиметрге ұлғайып кетті, бұл өте үлкен болатын. Меккеден оралған бойда ауруханаға бардым. Сөйтсем, мен сапарда болған айда ісік бір миллиметрге де ұлғаймапты. 15 күннен кейін қайтадан тексеруден өттім, тағы да солай болды. Бір айдан кейін ауруымнан құлан-таза сауықтым. Содан бері, міне, 11 жыл өтті, мен бұрынғыдай дені сау адаммын. Дертіме шипа бергені үшін Раббыма шүкіршілік айтып, әлі күнге дейін Зәм-зәм суын ішіп жүрмін».
 
Бұл хикая Алланың құдіретінің және сенімнің шипалық күшінің көрнекі дәлелі болып табылады. Нихадтың сырқаты жайлы естігендегі оның өзінің және жанұясының қалай қиналғандығын біз елестете де алмаймыз. Алайда, Алла олардың қайғысының орнын қуанышпен ауыстырды. Бұл – баршамызға ғибрат. Біз Раббымыздың рақымынан ешқашан күдер үзбеуіміз керек.

Тақырып бойынша жаңалықтар

«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» АТТЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН НАСИХАТТАУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінде қала имамдарына «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттау мақсатындағы аймақтық танымдық семинар өтті.
ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА ДӘРІСТЕРІ ӨТТІ
Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Абу Бакр» мешітінің бас имамы Нұрбол Тағаев қасиетті қажылық маусымының қарсаңында мешіт жамағатына қажылық және ұмра сапарына қатысты семинар өткізді....
ҰЛЫ САПАР - ҚАЖЫЛЫҚ ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы Орталық мешітінде дін исламның бес парызының бірі - қажылық туралы дайындық сабағы өткізілді.
Ғибратты оқиға: Қажылыққа бару үшін 26 жыл бойы қоқыс сатқан әже
Шынайы ниет барда, кез-келген кедергіні еңсеруге болады.
Бас мүфти қажылардың алғашқы легін қасиетті мекенге шығарып салды (ФОТО)
Бүгін Алматы әуежайында қажыларды қасиетті мекенге шығарып салу рәсімі өтті. Оған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Тәжікстандағы қыздар суреттерінің порнопарақшаларда пайдаланылатынына шағымдануда
Мұсылман ғұламалар мұсылман қыз-келіншектерге әлеуметтік желілерге суреттерін салудың (хиджабпен болса да) орынсыз екенін бұрыннан ескертіп келеді. Мұндай қылықтың қыз бала үшін ерсі екенін былай қойғанда, бұл қауіпті болуы мүмкін – пасық адамдар сіздің суреттеріңізді өздерінің жиіркенішті және арам...
Видео: Стамбулда таң намазды қырық күн бойы мешітте оқыған балаларға велосипед сыйға тартылды
Стамбулдағы балаларды таң намазын тұрақты түрде жамағатпен оқуға ынталандыруда. Қырық күн бойы таң намазын қалдырмай, мешітке келіп оқыған әр балаға ынтасы үшін велосипед тарту етілді....
Археологтар викингтердің Исламға «таңғажайып жақындығының» дәлелдерін тапты
Швециялық археологтар жерленген киімінде Алланың аты ойылып жазылған викингтің мазарын тапты. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, бұл викингтердің исламға жақын болғандығын көрсететін «таңқаларлық жаңалық» болып табылады, деп хабарлайды Azan.kz The Independent сайтына сілтемемен....
Видео: Саудия университетінің профессоры және мешіт имамы намаз оқып болып, дүние салды
Барша мүміндер Жаратушы Иемізден қайырлы өлім сұрайды. Қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының бірінде Құран оқып, Алланы зікір етіп отырған күйде жан тәсілім етуден артық не болуы мүмкін? Аталмыш жаңалықта сөз етіліп отырған оқиға өткен аптада орын алды. Бірақ, біз оны маңызды әрі ғибратты деп тауып,...
Мұсылман такси жүргізуші алаяқтықтың құрбанына айналған 78 жасар адамға 12 мың фунт ақшасын қайтарып берді
Бұл күн такси жүргізуші Изи Рашид үшін ерекше болды. Ол күні 78 жасар Барри Стоун оған 12 мың фунт салынған пакетті Лондондағы белгілі бір мекенжайға апарып беруді тапсырған болатын....
Видео: Рохинья балалар босқындарға арналған лагерьлерде Құран жаттауда
Дакка, Бангладеш – рохинья мұсылмандарының балалары туған ұяларынан жүздеген миль қашықтықта, босқындарға арналған лагерьлерде отырып, Қасиетті Құранды жаттауда. Олар туған жерлеріндегі зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргіннен қашып, сол лагерьлерге түскен болатын....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
7 Шавваль 1445
Миләди
16 сәуір 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:01

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Ассаляму аляйкум. Почему вы дозволяете читать книги антропоморфистов? В книге говорится, что Всевышн

X
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi