Жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call Орталық ашылды (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қос бірдей қуанышты оқиға орын алды. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өзі келіп қатысқан Call Орталықтың іске қосылуы – Елорда жұртшылығы үшін ғана емес, еліміздің барлық тұрғындары үшін сүйінші жайт болғаны сөзсіз. Енді еліміздің кез келген тұрғыны өзін толғандырған діни мәселелер бойынша 33-30-30 нөміріне қоңырау шалып, толыққанды жауап ала алатын болады. Халық сұранысына орай, жауапты мамандар қазақ және орыс тілдерінде сұхбат жүргізетін болмақ.

 

Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылып отырған Call Орталықтың тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасауы үшін Елорда мешітттерінің 60 діни қызметкері жұмылдырылған. Білікті мамандардан жасақталған топ арнайы кесте бойы кезекшіліктерін атқарып, тәуліктің кез келген уақытында келіп түскен қоңырауға жауап беріп отырады.

 

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Астана қаласындағы 10 мешітте «Діни ақпарат беру орталығы» да келушілерге өз есігін айқара ашып отыр. Халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында іске қосылған бұл жоба түрлі түйткілді тақырыптар бойынша (неке, талақ, несие, мұрагерлік, т.б.) кеңес сұраған жандармен көзбе-көз кездесіп, сырт көздерден тыс сұхбаттасуға қолайлы болу үшін қосылып отыр.

 

Игі жобаның алдағы уақытта халық арасында кеңінен танылып, жемісті еңбек атқара беруіне тілектестігін білдірген Бас мүфти қос Орталыққа арнайы бас сұғып, жұмыс жайымен де танысып шықты. Тіпті, Call Орталыққа қоңырау соғып, кезекші маманның әзірлігін де пысықтап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Muslim.kz

Астана қаласы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды
Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды
Астанада оныншы мешіт есігін айқара ашты (ФОТО)
Астана қаласында "Ақ мешіт" мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.
«Астана - мейірімді қала» жобасы жүректерге жылу сыйлады (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бүгін қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшы қауымның жүректеріне жылу сыйлауға тырысты.
КФС-ге берілген «ҚМДБ халал сертификаты» өз күшін жойды
Мекемеге берілген «ҚМДБ Халал» сертификаты мен «КФС» өнімдерінің сыртқы қаптамаларындағы «ҚМДБ халал» таңбасының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз.
Бас муфти Әбу-Дабиде өтіп жатқан Халықаралық форумға қатысуда(ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Біріккен Араб Əмірлігіне барды.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-авваль 1440
Миләди
18 қаңтар 2019
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:09

Бамдатқа дейін 05:48

Фиқһ әс сира | Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі

уағалейкумассалам. дұрыс жазылмай қалыпты

Модератор сайта
кеше

Құран тәпсірі (30 пара)

Ассалямуалейкум?! Кай китаппен жургизип жатыр даристерди?

Арайлым Абдрахмановна
23 дек. 2018

Тахауи Ақидасы

Түзеттік, Алла разы болсын

Модератор сайта
21 дек. 2018

Мусульманам на заметку

Уағалейкумассалам. ustaz-azan.kz@mail.kz

Модератор сайта
21 дек. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi