Жаңалықтар

Алматы қаласы «Әйел-қыздар» секторының жылдық қорытынды есеп жиналысы өтті

Кеше Алматы қаласы Орталық мешітінде қалалық «Әйел-қыздар» секторының жылдық есеп беру жиыны өтті. Оған қала мешіттерінің 26 ұстазы қатысып, аталған бағыттар бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебімен таныстырды. 

 

Жиын барысында сөз алған Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы Жұлдызбай Гүлжан есеп беру отырысына келген ұстаздарға жиынның мақсат-міндеттерін түсіндірді. Сонымен қатар, діни қызмет пен діни білім берудегі ұстаздардың жауапкершілігі туралы келелі ойларын ортаға салды.

 

Содан сегіз ауданның жыл бойы атқарған істері, жасаған қайырымдылық шаралары бойынша есептік баяндамалар оқылып, қосымшалары слайд арқылы көрсетілді. 

 

Жиынның қорытындысында еңбегімен ерекше көзге түсіп, тындырымды істердің басы-қасынан табыла білген төрт ұстазға Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлының атынан алғыс хаттар табысталды. Атап айтқанда, дін саласындағы көп жылдық қызметі үшін – Ілесбайқызы Гүлмира, қайырымдылық істері бойынша – Серікбайқызы Лейла, ұйымдастырушылық қабілеті бойынша – Жархынбекқызы Айнұр және әлеуметтік желі күшімен атқарылған жұмыстар бойынша – Тоқтияр Гүлбадан марапатталды.

 

Басқосудың соңында өткен жылдың есебіне оң баға беріліп, тиісті сын-ескертпелер де айтылды. Сондай-ақ, жиынға қатысқан «Әйел-қыздар» секторы мүшелеріне келер жылы атқарылуға тиісті тапсырмалар мен міндеттемелер берілді.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы Орталық мешітінің үздік шәкірттеріне білім сертификаттары табысталды
Алматы Орталық мешітінің үздік шәкірттеріне білім сертификаттары табысталды
Бас имам: Тәуелсіздік - ұлы нығмет, оны сақтау - ұлы міндет!
ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы қала жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Хабарландыру! Алматы Орталық мешіті қыз-келіншектерді «Діни сауат ашу» курсына шақырады!
Хабарландыру! Алматы Орталық мешіті қыз-келіншектерді «Діни сауат ашу» курсына шақырады!
Алматы: Тұңғыш рет театр сахнасында әйелдерге арналған мәуліт кеші өтті
Алматы қаласы, Алатау дәстүрлі өнер театрында Алматы Орталық  мешітінің бастамасымен әйел-қыздар жамағатына арналған «Бабалар аманаты» атты рухани-патриоттық Мәуліт кеші болып өтті....
«Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталғандығын хабарлаймыз
«Ықылас» қауымдастығы «Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталуы туралы хабарлайды
Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті(ФОТО)
Алматы Орталық мешітінде Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-авваль 1440
Миләди
18 қаңтар 2019
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:09

Бамдатқа дейін 05:02

Фиқһ әс сира | Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі

уағалейкумассалам. дұрыс жазылмай қалыпты

Модератор сайта
кеше

Құран тәпсірі (30 пара)

Ассалямуалейкум?! Кай китаппен жургизип жатыр даристерди?

Арайлым Абдрахмановна
23 дек. 2018

Тахауи Ақидасы

Түзеттік, Алла разы болсын

Модератор сайта
21 дек. 2018

Мусульманам на заметку

Уағалейкумассалам. ustaz-azan.kz@mail.kz

Модератор сайта
21 дек. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi