Әл-Муршида ақидасы – мешіт мұнараларынан оқылған ақида

Ислам Ислам дінінің Қорғаушысы, жауларын Бағындырушы және Крестшілерді Жеңуші, Әл-Құдыс пен Әл-Ақсаны мұсылмандарға қайтарып берген, даңқы мен атағын мұсылмандар да, мұсылман еместер де мойындаған мүміндердің Әміршісі Салахаддин әл Айиуби таққа отырған шағында, өз заманының ең мықты ғалымдарына сүннет ұстанушылардың ақидасын қағаз бетіне түсіріп, күнделікті мешіт мұнараларынан оқып тұруды әмір еткен және оның бұл жердегі мақсаты – Үстемді қауымның жалауын биік желбіретіп, ақиқат сөзін адасушылықтың үстінен шарықтату еді. Бұл істі Салахаддин үшін Фахруддин ибн Асакир жүзеге асырып, аталмыш еңбек «Ақида әл- Муршида» деген атқа ие болып, күнделікті таң атар алдында, мешіт мұнараларынан оқылатын болды:
 
«Біліңдер, Алла Тағала бізді және сізді тура жолға салсын, әрбір адам Алланың Өзінің әмірлігінде Жалғыз Жаратушы екенін білуі тиіс... Ол үшін «астында» немесе «үстінде», «оң» мен «сол», «алдында» я «артында», «толық» я «жартылай» дейтін түсінік жоқ... Ол - мекенсіз әрі әуелден бар болған... Оның Болмысын елестету мүмкін емес, елестетуге тіпті болмайды да...»      
 
Имам Тажуддин әс-Субки (717-771 х) «Табақату аш-Шафииәти әл-Кубра» атты еңбегінде «Ақида әл-Муршидадан» дәйексөз келтіре отырып, былай деген: «...Мұнда шынайы сүннетті ұстанушы сын айтатын еш нәрсе жоқ».

   
   
 
 
 



 
Популярные книги
Поминания Аллаха
Имам ан-Навави
 
669933
Ханафитский фикх
Абдальхамид Тахмаз
 
313209
Сады Праведных
Имам ан-Навави
 
231452
40 Хадисов Ан-Навави
Имам ан-Навави
 
156550
Нравственность мусульманина
Мухаммад Аль-Газали
 
106124
Ислам не такой!...А какой?
Али Вячеслав Полосин, Али Заде
 
102987
Намаз Посланника Аллаха
Муфтий Джамиль Назири
 
47636
 
37115