ҚАЖЫЛЫҚ - ҚАСИЕТТІ САПАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 06:37
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:21 06:37 12:09 15:51 17:35 18:51
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шаабан 1446
Миләди
22 ақпан 2025

Мақалалар

ҚАЖЫЛЫҚ - ҚАСИЕТТІ САПАР

| A | +

Исламның бес негізінің бірі болып саналатын қажылық - мал-мүлікпен һәм тән арқылы орындалатын ғибадат. Сан алуан сырларымен ерекшеленген қажылықты лайықты түрде орындай білу шынайы кәміл иман және парасаттылықпен мүмкін болмақ.

Қажылық – пайғамбарлардың алғашқысы Адам атадан ақырзаман пайғамбары Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейін өз жалғасын тауып, мына дүниенің өзінде ақыреттегі махшар алаңын көз алдына елестетін ұлы ғибадат.

Адам ата мен Хауа анамыз діннің рухани болмысы мен бақытын сезінетін Мекке шаһарындағы Қағбаны, Алланың рұқсатымен тұрғызып құбылаға бет бұрып Аллаға мінәжат жасады. Уақыт өте келе адам баласы әртүрлі аймақтарға тарыдай шашылып қоныс тебеді. Сосын араға қаншама ғасырлар салып, ұрпақтар хақ діннен ажырап, танымастай дәрежеге өзгерді. Тіпті Қағбаның орны тегістеліп, жұмыр жерге айналды. Ибраһим пайғамбар (а.с.) Алла Тағаланың әмірімен Қағбаны қайта қалпына келтіріп, Алланың жер жүзіндегі үйін тұрғызды. Әрі дұға етіп, ол аймақтың гүлденіп, берекеттенуіне дәнекер болды. Алла Тағала, Құран Кәрімде:

«(Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сол уақытта Ибраһим: «Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға табынудан аулақ қылғайсың!» «Раббым олар адамдардың көбін адастырды. Бұдан былай кім маған ерсе, рас ол менен. Ал кімде-кім маған қарсы келсе, онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің».

«Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, қасиетті үйің (Қағбаның) жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға түсіргейсің! Сондай-ақ оларды жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер» (Ибраһим сүресі, 35-37-аяттар).

Қажылық не ұмраны орындау ниетімен осы қасиетті топыраққа аяқ басқандар Ибраһим (а.с.) пайғамбардың: «Әй, Раббым! Күнәларымызды кешіре гөр! Сен Рахман және Рахимсың. Әй, Раббым! Менің ұлымды да менің жолыма, менің дініме еруші қыл!» - деген дұғасына қосылып, бұл дұғаның берекетіне бөленеді. Осы қасиетті мекендерге деген сағыныш пен ынтызарлық құмды шөл даланы тамашалау үшін емес әрине. Жүректің сол жаққа соғуы Ибраһимнің (а.с.) мақамын (орны), Исмайл пайғамбар мен әулеті өскен жерді зиярат ету, сондай-ақ Расул Алланың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туып өскен жерін әрі Исламды насихаттаған аймақты көріп, Оның тыныстаған ауасынан тұла бойымызға тереңдей сіңдіру.

Қажылық парызын орындауға ниет етіп, үлкен сапарға шыққан мұсылмандар қасиетті аймақтағы алтын уақытын ерекше тебіреніспен құлшылық жасап өткізуі керек. Үйден қадам басып шыққан сәттен, көлікте, әуежайда, қонақ үйде яғни барлық жерде құлшылықта екенін сезініп, ниетін толығымен түзеп, әр қадамын аңдап басып, бірде-бір қателікке орын алдырмай асқан қырағылық танытуы қажет. Қажылық жасауға ниет еткен мүминге  Алла Тағала Құранда былай деп ескеру жасайды: «Қажылық – белгілі айларда өтелетін құлшылық. Кімде-кім сол белгілі айларда қажылық парызын өтеуге ниет етіп, бел буса жұбайлардың бір-бірімен төсек қатынасына түсіуіне, шариғат шеңберінен шығуға, дауласуға жол жоқ. Сондай-ақ, қандай жақсылық жасасаңдар да Алла оны міндетті түрде біліп тұрады. Қажетті азықтарыңды жақсылап қамдап алыңдар һәм біліп қойыңдар, ең қайырлы азық – тақуалық! Ендеше уа ақыл иелері! Менен қорқып, тақуалықпен әрекет етіңдер! (Бақара сүресі 197-аят).

Осы орайда биыл ҚМДБ V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар арасында «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы қажылыққа аттанар қазақстандықтар үшін таптырмас еңбек болып табылады.

Мұсылман адам қажылық құлшылығына әуелі рухани дайындалуы қажет. Қажылық жай барып келетін (саяхат) жер емес. Сондықтан қажылыққа баратын кісі қасиетті мекендерге шықпас бұрын мына жайттарға мән беруі тиіс:

  • ұлы сапарға шынайы дайындалу;

–күнделікті құлшылықтарына мұқият болу;

–намазды жамағатпен оқу,

–қосымша нәпіл ғибадаттарын көбірек орындау;

–көбірек нәпіл ораза ұстау;

–иманын күшейтетін игі істерге мән беру;

–Алланы көбірек зікір ету;

–діни сауатын ашу;

–көп Құран оқу;

–Пайғамбарымыздың өмір тарихын оқып, ғибрат алу;

–сахабалардың өмірін оқып білу;

–иманда күшейтетін діни уағыздар тыңдау;

–қасиетті Мекке мен Мәдина қаласы жайында қажетті мәліметтермен танысу («қажының рухани келбеті» тұғырнамасы 8-бет).

 Қажылық тек қана материалдық әрі сыртқы формадан тұратын ғибадат емес. Оның рухани жағы әлдеқайда мәнді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «мәбрур қажылық» (қабыл болған қажылық) деп айтқан қажылығы бастан-аяқ рухани құлшылықтан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда қажылық санаулы күндерде белгілі уақыттарда, белгілі мекендерді зиярат етіп ғибадатпен, тәубемен, дұға жасап жалбарыну мен өткізу. Асқан кешірімді Алланың мейірімінен үміт ету. Яғни қажылықта аз уақытта ізгі амалдармен өмірін берекеттендерген қажы, анадан жаңа туғандай саф-таза қалпын сақтап, ендігі қалған ғұмырын қатесіз, күнәсіз өткізуге Алла Тағалаға уәде беру.

Ибраһим Пайғамбардың (а.с.) мына дұғасы осыған үлгі: «Раббымыз! Біз екеумізді (ұлым Исмайл мен мені) өзіңе бойсұнушы еткейсің, ұрпақтарымыздан да бойсұнғыш үмбеттеріңді шығарғайсың, әрі бізге қажылық ережелерін көрсетіп, тәубелерімізді қабыл ет, әлбетте Сен өзің тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімдісің!» (Бақара сүресі,128-аят).

Алуан түрлі сырларға жетудің табалдырығы болған қажылық - әрбір жан үшін рухани кірден арылып, анадан жаңа туғандай пәк күйге еніп, рухани кемелдікке жеткізетін құлшылық.

Қажылық – адам жанының тазарып, өзінің шынайы қалпына келуі. Алланың берекеті мен мейіріміне бөленетін, өмірде бір рет орындалуы арқылы ақтық деміне дейін ләззатына кенелетін – құлшылық.

 

Бостандық аудандық 

«Байкен» мешітінің наиб имамы,

Жолдас Жетпісбаев

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ БАР ЖАСТАРҒА НАСИХАТ (АҚЫТ ҚАЖЫ ҮЛІМЖІҰЛЫ)

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам ЖҰМЫСШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП – ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН СЕНІМ
Бірде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар әйгілі Ніл өзенін артқа тастап, шөл далада жаяу келе жатты. Аяқ киімі жыртылып, жарамай қалғандықтан, жалаңаяқ жүруіне тура келеді. Жолай ішіп-жемге ештеңе таппай, нәр тартпай, ағаштың жапырағын жеуге мәжбүр болады. Осылайша Шұғайып (оған Алланың сәл...
Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Шаабан 1446
Миләди
22 ақпан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:37

Бесінге дейін 00:31

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025

96. Ремесло и профессия

Ма шаа Аллах

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi