АЛМА АҒАШТЫ БЕРГЕНІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА, АДАМДЫ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:39 05:01 11:54 16:42 18:42 20:05
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Зуль-каада 1447
Миләди
19 сәуір 2026

Мақалалар

АЛМА АҒАШТЫ БЕРГЕНІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА, АДАМДЫ ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАП БАҒАЛА

| A | +

Еңбек қай ғасырда да қай заманда да адамзаттың дамуы жолында өзінің мәні мен маңызын жоймайтын ең басты күш. Адам былай тұрсын кішкене жәндіктер де ала жаздай тынымсыз еңбек етіп тіршілік етіп өмірін жалғастырып келе жатыр. Осыған қарап-ақ еңбекті тіршіліктің көзі деу де артықтық етпейді. Сол себепті ата-бабамыз: «Еңбексіз өнбек жоқ», - деп өскелең ұрпаққа өсиет айтып кеткен.

Барлық игілік атаулы еңбекпен ғана келетінін ұмытуға болмайды. Мұны аға ұрпақ жақсы білетін. Өкінішке қарай, бүгінгі жастар арасында еңбектің қадір-қасиеті кеми бастағандай көрінеді. Олардың санасында аяқ астынан байып шыға келсем деген ұғым бекіді. Кәсіпті жікке бөлу, қайсы біріне менсінбей қарау пайда болды. Шын еңбектенсе, қай кәсіппен де мал табуға, мұратқа жетуге болатынын естен шығарып алғандаймыз.

Алла Тағала алдындағы адамзаттың бәрінің дәрежесі тең, тек адамдар бір-бірінен тақуалықта ғана оза алатыны елге мәлім. Ал енді тіршілік таразысында адамның адамнан артықшылығы осы бір ел үшін, отбасы үшін тынбай жасаған еңбегінде жатыр. Алла Тағала Құранда:

 وَأَن لَّيْسَ لِلْإِنسَانِ إِلَّا مَا سَعَىٰ  وَأَنَّ سَعْيَهُ سَوْفَ يُرَىٰ  ثُمَّ يُجْزَاهُ الْجَزَاءَ الْأَوْفَىٰ  وَأَنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ الْمُنتَهَىٰ

«Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Кейін оған еткен еңбегінің жемісі толық беріледі. Күдіксіз соңғы баратын жерің Раббың», - деген. Осыдан-ақ еңбек еткен адамның қор болмайтыны және соған қарай табысқа жететіні шүбәсіз екенін ұғамыз.

Бірде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан бір кісі өтеді. Ол адамның қайраты мен жігерін байқаған Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары: «Уа, Расул Алла! Мына адам Алланың жолында ма?», − деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер жас балаларына нәпақа табу үшін жолға шықса, ол Алла жолында. Егер жасы ұлғайған қарт ата-анасының қамы үшін шықса, ол Алла жолында. Егер өз басын (тіленшіліктен, кедейшіліктен) сақтау үшін шықса, ол Алла жолында. Ал егер адамдарға көрсету үшін, риякерлік, мақтаншылық мақсатында шықса, ол шайтанның жолында», − деп жауап береді.

Алты Алаштың данасы Абай атамыз өзінің «Сегіз Аяқ» өлеңінде:

«Еңбек қылсаң ерінбей – тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін, Сауданың тегін, үйреніп, ойлап мал ізде.

Адал бол – бай тап, Адам бол – мал тап, Қуансаң қуан сол кезде» - десе,

Ал Шәкәрім атамыз:

«Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл», - деп еңбек етуді адамның борышы санаған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні еңбек ету тіршіліктің көзі, адамдықтың алғышарты. Еңбек еткен адамның есімі ешқашан жерде қалмайтыны, ел есінде, жұрттың жадында болатыны және Алла Тағала алдында да адал еңбек пен жақсылық жасаған кісінің әрқашан жоғары тұратыны. Бұл сөзімізді Зәлзала сүресінің 7 аятымен қорытындылауға болады:

فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ

«Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» 

 

 

Нұр-Мүбарәк мешітінің

наиб имамы Али Әшім

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала
Предыдущий Следующий
ҰЛЫ САПАР ӘДЕПТЕРІ ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Жұма уағызы СУИЦИД – АУЫР КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Рамазан 2026 АЙТ - ШҮКІРШІЛК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚҰРАН АЙЫ
Қасиетті Рамазан – мұсылман жүрегі сағына күтетін, иман нұры күшейетін, Алланың шексіз мейірімі төгілетін ай. Бұл ай – пенденің Раббысына қайта оралып, рухани жаңғыратын кезең. Рамазан тек оразаның айы ғана емес, сонымен қатар Құранның да айы....
Рамазан 2026 РАМАЗАН - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Рамазан тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық, әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері. Мейірім мен қайырымдылық айы.
Рамазан 2026 РАМАЗАНДА НӘПСІНІ ТІЗГІНДЕУ МӘДЕНИЕТІ
Жаратқан Алланың көркем есімінің бірі – Хаким. Хаким – әр ісінде дархан даналық пен сансыз сыры бар хикмет Иесі. Ақиқатында, Алла Тағала парыз еткен әрбір үкімде даналық пен хикмет тұнып тұрады. Оның бағзысы адам баласына мәлім болса, кейбірі адамзат ақыл-санасы жетпейтіні де хақ. Құран Кәрім мен ха...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат «ЖАСЫМДА ҒЫЛЫМ БАР ДЕП ЕСКЕРМЕДІМ»
Қазіргі уақытта білім-ғылым адам өмірінде басты рөл атқаратын маңызды құндылық. Өйткені, дана бабаларымыз айтып өткендей: «Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп»....
Пайым-парасат АДАМ МЕН ТАБИҒАТТЫҢ ТІЛДЕСКЕНІ - ӨМІРДІҢ ҮНДЕСКЕНІ
Алла Тағала қасиетті кітабында жердің асты-үстіндегі бүкіл нәрсені адам баласы үшін жаратып және оны адам баласына бағынышты қылғандығын баяндайды (Бақара 29; Жасия 13). Демек бізді қоршаған әсем табиғат, жайқалып өскен ну ормандар және сол ормандардың ішіндегі сан мыңдаған тіршілік атаулы Алла Таға...
Пайым-парасат ШҮКІРДІҢ БАСЫ - АЛЛАҒА МАДАҚ АЙТУ
Пендеге рахмет айта алмаған, Аллаға шүкір айта алмайтынын Пайғамбарымыздың (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылған. Осы тұста Аллаға мадақ айтудың маңыздылығын айқындаған жөн. Діни сауаты бар адам, сөз бастар алдында Аллаға «Хамд-сана» болсын деп бастайды. Бұл қандай ұғымды біл...
Пайым-парасат АЛЛАНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСЫНА МЕЙІРІМДІЛІК КӨРСЕТУ
Барлық жаратылысқа мейірімділік таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл мүмін қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. ...
Пайым-парасат САУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ, САПАРҒА ШЫҚ!
Адам баласының рухтар әлемінен басталған сапары ақыретке дейін жалғасады. Күнделікті күйбең тірлікте жасап жатқан жолаушылығымыз осы сапардың бір бөлігі іспетті. Сапар дегеніміз –жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап жолаушы саналады. Кез келген сапардың мақсаты мен себе...
Пайым-парасат САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Кез келген адам өмірінің берекелі және жақсылыққа толы болғанын қалайды. Өмірде жетістікке жету үшін жан-жақты ізденеді. Салауатты өмір сүруге дағдыланады. Әркім салауаттылықты әр түрлі түсінеді. Кейбір адамдар үшін салауаттылық денінің саулығы болса, басқалар салауаттылықты білімді болу деп ұғады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Зуль-каада 1447
Миләди
19 сәуір 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 04:43

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
7 қаң. 2026

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi