Алматы қаласы «Байкен» мешітінде Құран хатымының дұғасы оқылды

Рейтинг:

   
   
 
Кеше, Алматы қаласы «Байкен» мешітінде Қасиетті Құран хатымының дұғасы оқылды. Рамазан айының бірінші күнінен бастап оқылған Құранның соңғы 30-шы парасы аяқталып, Құранның хатым дұғасын ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі, Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы оқыды. Хатым дұғасы оқылғаннан кейін, «Байкен» мешітінің Бас имамы Құлмухаммед Маханбет қажы жамағатқа батасын беріп, Алладан еліміз үшін ынтымақ пен бірлік тіледі.

Алла Тағала осы Рамазан бойы жасаған құлшылық-ғибадаттарымыз бен оқыған тарауық намаздарымызды қабыл етсін!
Фотогалерея закрыта от комментирования