Фотогалерея

Қазақ елінің өзіндік тарихы бар, және де бұл тарих, сан алуан оқиғаларға толып жатыр. Ата-бабаларымыз мыңдаған ғасырлар бойы мекендеген кең байтақ жерлерін қандыкөз жаулардан аман сақтап қалу үшін талай найзаның сабын сындырып, талай қылыштың жүзін кетірді. Өткен ғасырдағы билік еліміздің тарихи деректерінің басым бөлігін мұрағат қойнауына жасырып алса да, егемендікке қол жеткізгелі бері көзіміз ашылып, халқымыздың шынайы тарихи келбетін көрген сайын елімізге, жерімізге, мәдениетіміз бен дәстүріімізге, тілімізге деген құрметіміздің одан бетер арта түсетіні сөзсіз.


   
   
5112
 
Қасиетті Құранда «намаз» деген сөз кездеспейді. Бұл сөз түркі халықтары арасында тараған, ал, бұл сөздің түбірі араб тілінен емес, парсы тілінен алынған.  Осыған қарамастан, «намаз» сөзінің мағынасы Құрандағы «салят», яғни, біздерге парыз етілген ғибадатты білдіреді..

Ал, «салят» сөзінің дәлме - дәл мағынасы – байланыс, яғни, Алла мен Оның пендесі арасындағы байланысты білдіреді. Салят деп те, намаз деп атайық, бірақ, ең бастысы, дініміздегі ғибадаттың мәні  - жоғарыда аталған байланыста жатыр.

   
   
119508
 

Бүгін, Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты Қайрат ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылу салтанаты барша мұсылмандарға қасиетті болған Жұма күніне тағайындалып, мешітте ең алғашқы жамағатпен оқылған намаз – Жұма намазы болды. Бұл есте қаларлық оқиға ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызды болғандықтан, жаңа мешітке ауылдың алты жасар баласынан бастап, алпыс жасар қариясына дейін жиналды.  


   
   
44544