Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Ислам ғалымдарының еңбегін бағалаңыздар!»

00

12.03.201601382
Жақында мен зайырлы заңгерлердің істері мен қызметтерінің бағасы туралы оқып едім – бір сағат жұмысы жүз фунт стерлингтен асады екен! Бұл адамдардың сұрақтары мен қажеттіліктеріне күні-түні жауап іздейтін біздің Ислам ғалымдарымыздың жұмысын бағалауға тағы да итермеледі. «Сұрақтар» деп жай қысқа да қарапайым сұрақтарды айтып отырған жоқпын. Жындар, сиқыр, көз тию, тұмар жазу және т.б. сондай сұрақтарды да айтпаймын. Әңгіме фиқһтің сыпайы әрі сезімтал мәселелері жайлы. Ғалымдар деп инабаттылық пен отбасы секілді жалпы тақырыптарға қатысты дәрістер беретін имамдар мен уағыздаушыларды айтпаймын,- шариғат пәтуаларын шығаратын мүфтилер мен фақиһтерді айтамын.
 
Әдетте, мүфтилер мен ғалымдардың шариғи мәселелерді қарастыруда өткізетін уақыты, еңбегі, күші мен зерттеулері зайырлы заңгерлердің кеңес беру мен сот істеріне жұмсайтын уақыттары мен еңбектерінен бірнеше есе рет көп.
 
Кейде ондай мәселелерді шешу үшін біраз сағаттар, одан кетсе, күндер мен апталар қажет. Мүфтилер: неке, талақ, балаларға қамқорлық, медициналық мәселелер, бизнес, қаржы, мирас және көптеген басқа мәселелер секілді істерді қарастырады. Ең күрделі мәселелердің бірі – талақ мәселесі, онда шешім қабылдау үшін еркектің айтқан әрбір сөзін жан-жақты қарастыру керек. Содан кейін шынында қанша талақ болғанын, оның қайтымды ма (ражиғи), әлде қайтарып алынбайтын (бәғин) ба екенін анықтау керек.
 
Күрделі неке айыру істерінің жүздегені бар, ондай іспен айналыспаған адамға олардың қиындығын түсіну мүмкін емес.
 
Мысал ретінде өткен аптада тап болған бір оқиға есіме келді. Күйеу талақты әйеліне «ажырасу» немесе «талақ» сөздерін қолданбай, бір қилы бір түрде айтыпты. Әйелі талақтың болған-болмағанын, болса, қандай түрі – оны қайтара алатын ба, әлде қайтадан неке қию керек пе екенін білгісі келді.
 
Мен бұл мәселені Құран, сүннет және әлім фақиһтеріміздің түрлі еңбектеріне жүгініп қарастыра бастадым. Талақты айту түрі қайтымды (ражиғи) талақ ететіндей айқын (сарих) болды ма немесе қайтарып алынбайтын (бәғин) талақ ететіндей астарлы (кинәйә) болды ма, және ол үшін талақ ниеті керек пе, жоқ па, және т.б. ... Араб тіліндегі классикалық фиқһ еңбектерімен қатар ағылшын тілінің түрлі сөйлемшелерін зерттедім. Бұл өте қиынға соқты.
 
Әуелі, бұл мәселені қарастырып, өз пікірін айту үшін менімен жұмыс істейтін әріптесімнің көмегін сұрадым. Содан соң, басқа әлімдердің пікірі керек болып, тағы екі әріптесіме жазып, бұл жағдайдағы шариғи шешім жайлы кеңестік. Олармен кеңескен соң бірінші әріптесіммен олардың пікірімен бөлісіп, ол бұл мәселеге тағы басқа көзқараспен қарап, мен де түрлі классикалық фиқһ кітаптары мен пәтуа жинақтарын қарап шығып, өзімнің зерттеулерімді жүргіздім. Ақырында, шамамен тек 5 күннен кейін бір тиянақты шешімге келдік!
 
Жоғарыдағы мысал бізге үнемі кездесетін оған ұқсас жүздеген оқиғалардың ішінен тек бір кездейсоқ алынған мысал болады. Ондай мәселе айына не екі аптада бір рет болса, әлімдерге ондай қиын соқпайтын еді, алайда көптеген мүфтилер ондай мәселелерді аптасына біреше рет қарастырады; сондықтан жұмыста түнгі бір, екі не одан да ұзаққа дейін отырады! Ал сұрақ қойған адамдар сұрағына ұзақ жауап берді деп наразылық білдіреді, бірақ әрқайсының сұрағына жауап іздеген ғалымның түнде бірнеше ғана сағат ұйықтағаны бастарына кіріп-шықпайды. Бұған адамдардың алғысы келетін жүздеген жалпы кеңестер мен өсиеттерді, не тек тыңдағанын қалайтынын да қосыңыз.
 
Бұл жұмыстың бәрі ақысыз істелетінін есте сақтаңыз. Сіз заңгерге мұра өсиетін қалдыру үшін кеңесуге барып, сағатына 200 фунт төлейсіз, ал мүфтилер ондай кеңестерді тегін береді! Имам Ибн Халдұн бұл туралы адамдар осы дүниеде ғана пайда әкелетін заттар үшін төлеуге дайын, ал келесі өмірде пайда әкелетін үшін төлеуді қаламайды деп айтқан, өйткені біз алдын ойламаймыз да өлгеннен соң болатынға емес, уақытша нәрсеге көбірек көңіл бөлеміз. Әдетте, әлімдер мен мүфтилер өз уақыты мен жігері үшін ақы алмайды, олай болмағанда адамдардың көбісі сұрақ қоюды қалдырып, шариғат бойынша өмір сүруді қояды.
 

__________________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
12.03.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования
 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Месяц Мухаррам ✅
Бисмилляхир-рахманир-рахим. АльхамдулиЛлахи раббиль-‘аламин. Уа-с-салату уа-с-саламу ‘аля расулина Мухаммад уа ‘ала алихи уа сахбихи аджмаин! По милости Всевышнего Аллаха, 2...Читать далее
5879
 
Рассказы из Корана: Владельцы сада ✅
Коран о владельцах сада В 68-й главе Корана Аллах сравнивает язычников Мекки времен пророка Мухаммада (саллаллаху ‘алейхи уа саллам) с людьми, прозванными «владельцами сада». Эти...Читать далее
2782