Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 70 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изарының сипаттамасы жайлы тарау, 1 бөлім

00

19.02.20160884
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 69 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәлдесі туралы баяндалатын тарау, 2 бөлім

باب ما جاء في صفة إزار
(رسول الله  (صلى الله عليه وسلم
وفيه (4) أحاديث

Алла
Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изарының сипаттамасы жайлы тарау. Онда төрт хадис бар.

Жүз он екінші хадис

:حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا إسماعيل بن إبراهيم. حدثنا أيوب عن حميد بن هلال عن أبي بردة عن أبيه قال
."أخرجتْ إلينا عائشة رضي الله عنها كساء ملبداً وإزاراً غليظاً، فقالت: قُبض روح رسول الله (صلى الله عليه وسلم) في هذين"

Бізге Ахмад ибн Муни`, Исмаил ибн Ибраһимнен, Айюбтан
[1], Хумейд ибн Хиләлдан[2], Әбу Бурдәдан[3], оның әкесінен[4] хабарлаған: «Аиша, Алла оған разы болсын, біздің алдымызға жамау-жамау кисә мен жұпыны матадан тігілген изар алып шықтыда, былай деді: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, осы екі киіммен жан тапсырды»».

«Кисә» – дененің жоғарғы жағын жабатын киім, ал, «изар» дененің төменгі жағын жабады. Бұл сөздердің орыс тілінде (қазақ тілінде – аудармашыдан) нақты баламалары жоқ болғандықтан, оларды аудармай, араб тілінде қалдыруды жөн көрдік.

Аиша, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол киімін тәбәррук үшін, яғни, сол киімдерден береке алу мақсатында сақтаған.

Аиша, Алла оған разы болсын, дүние салғаннан кейін киім оның сіңлісі Әсмаға, Алла оған разы болсын, мұра болып қалған. Сөйтіп, ол да сол арқылы береке алып отырған. Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімінің берекесі арқылы дерттерінен айығу үшін науқас адамдар келіп тұрған[5].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заттары арқылы тәбәррук жасауға келер болсақ, мұны ешкім жоққа шығармайды, тіпті сәләфит атын жамылып жүргендер де аталмыш амалдың рұқсат етілетінін мойындайды. Ал, келіспеушіліктер салиқалы жандардың ғана заттарына қатысты.

Киімнің сипаттамасына келер болсақ, Аиша, Алла оған разы болсын, тұрпайы матадан тігілген екі киім алып шыққан. Барлық пайғамбарлар мен елшілердің мырзасы, Алланың ең абзал жаратылысы бұл дүниеден озғанда оның үстінде сол киімдер болған!

Аскеттердің аскеті көрсеткен дүниеуиге деген қарым-қатынастың үлгісі, міне, осы. Дүниеуи нәрселер оны мүлде қызықтырған емес, оның жүрегі әрдайым Алланы зікір етіп жүретін – мұсылмандардың қаншама жерлерді басып алғандығына, қаншама олжаға кенелгендігіне, қаншама жеңіске жеткендігіне қарамастан!

Көптеген хадистерде риуаят етілгендей, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көз жұмғаннан кейін оның сауыты бір яһудиге Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне тамақ алуға және оларды асырауға алған қарызы үшін кепіл ретінде берілген.


[1]  Айюб әс-Сихтияни. Ұлы хафиз-имам.

[2]  Сенімге лайықты. Мухаммад ибн Сирин оның әміршілерге жақындығына бола одан хадис алмаған.

[3]  Имам Әбу әл-Хасан әл-Әшғаридің арғы атасы.

[4]  Әбу Муса әл-Әшғари. Оның есімі – Абдуллаһ ибн Қайс. Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ұлы сахабасы.

[5]  Әл-Мәуәһиб, 233-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы

19.02.2016

   
   
 


Статья закрыта от комментирования

Статьи

 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

 
Месяц Мухаррам ✅
Бисмилляхир-рахманир-рахим. АльхамдулиЛлахи раббиль-‘аламин. Уа-с-салату уа-с-саламу ‘аля расулина Мухаммад уа ‘ала алихи уа сахбихи аджмаин! По милости Всевышнего Аллаха, 2...Читать далее
5866
 
Рассказы из Корана: Владельцы сада ✅
Коран о владельцах сада В 68-й главе Корана Аллах сравнивает язычников Мекки времен пророка Мухаммада (саллаллаху ‘алейхи уа саллам) с людьми, прозванными «владельцами сада». Эти...Читать далее
2773