Сириядағы жағдайға байланысты діни басқарма пәтуасы

Құрметті мүфти хазірет!

Қазіргі таңда Сирияда жалдамалы әскер мен Азия, Еуропа, Америка және Африка елдерінен келген еріктілер өкімет әскеріне қарсы ұрыс жүргізуде.

Халқының басым көпшілігі сүнниттер болып табылатын араб мемлекеттері сириялық көтерілісшілердің Башар Асад басқарған алауилер режиміне қарсы күреске діни тұрғыдан баға береуде. Өкінішке орай, сол себептен радикалдық көзқарастағы кейбір азаматтар Сирияға барып өкіметке қарсы соғысуды «дін үшін күрес» деп түсініп, оны өздері үшін міндет деп біледі. Сонымен қатар белгілі деңгейде діни сауаты жоқ кейбіреулер Сириядағы соғысқа қатысты әр түрлі пәтуалар беруде. Осындай сауатсыз пәтуалар Сириядағы алауыздықты одан әрі өршітері анық.

ҚМДБ-ның осы мәселге қатысты пікірі қандай?

Жауап:

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين أما بعد

Рақымды, Мейірімді Алла Тағаланың атымен!

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мақтау болсын!

Жаратылыстың абзалы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына және Қияметке дейінгі олардың іздеріне ергендерге Алла Тағаланың сәлемі мен салауаты болсын!

Қазіргі таңда бауырлас Сирия халқы елдегі қантөгіс пен қирату істерінің дереу тоқтатылуын қалайды. Сондықтан мұсылман халқына жаны ашыған адам ондағы апатты жағдайдың доғарылуына барынша болысуы тиіс.

Қазірде біз түрлі қарулы топтардың Сирияның өкімет әскеріне қарсы соғысып жатқандығын білеміз. Ол топтардың басқару орталығы жоқ әрі әрбір топ тек жеке мүддесін көздеуде. Тіпті сол топтардың өзара келіспеушіліктері мен қақтығыстары болып жатады. Сондықтан да біз өз тарапымыздан жастарымыздың мұндай бұзғыншылыққа араласпауын қалаймыз.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандардың өзара соғысуын күпірлікке апарар жол деп есептеп, оны Ислам дәуірінен бұрынғы надан арабтардың әрекетімен салыстырған. Өйткені олар болмашы нәрсе үшін бір-бірінің қанын төгіп, соғыс бастайтын.

Алла Елшісі (с.а.с.) сондай бүліктерден сақтандырып, артындағы үмбетіне мынадай өсиеттер айтып кеткен: «Мұсылманды сөгу – пасықтық. Ал оны өлтіру − күпірлік».[1]

«Менен кейін бір-біріңді өлтіріп кәпір болмаңдар».[2]

Алла Елшісі (с.а.с.): «Бір мұсылман өзінің мұсылман бауырымен шайқасса, олардың екеуі де тозақ табалдырығында тұрады. Егер олардың бірі екіншісін өлтірсе екеуі де тозақы болады», − деді. Сонда адамдар: «Уа, Расулулла! Өлтірген адамның жайы түсінікті. Өлген адамның жазығы не?» − деп сұрады. Расулулла (с.а.с.): «Өйткені ол да өз бауырын өлтіруді қалаған еді», − деп жауап берді».[3]

Осы себептен Алла Елшісі (с.а.с.) өлім немесе соғысқа алып баратын әрбір іске тыйым салған. Тіпті бір-біріне қару кезенуге де қатаң тыйым салған.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Өз бауырларыңа қаратып қару кезенбеңдер! Себебі шайтан оның қолын тайдырып, соның нәтижесінде ол тозақ орына түсіп кетуі мүмкін».[4]

Сонымен қатар Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Тіпті туған бауырына қарай темір кезенгенді, сол ісінен тыйылмайынша періштелер оған қарғыс айтады».[5]

Сонымен бірге мұсылман мұсылман бауырын шошытуына да болмайды.[6]

Өлім күнәсі тек өлтірген адамға жүктелмейді. Өлімге сөз немесе ісімен болысқанның бәрі өз үлесіне қарай Алла Тағаланың жазасын алады. Тіпті сол өлімді тамашалап тұрғанның өзі күнә істеген болып саналады.

Бұл мәселеге қатысты бір хадисте былай делінген: «Нақақтан қан төгу қылмысы орын алып жатқан жерге ешкім бармасын. Ал сол жерде бола тұрып қорғамаған адамға Алла Тағаланың қарғысы болады».[7]

Сириядағы бейбітшілікті қалпына келтіру шаралары бүкіл мұсылман үмбетінің шынайы жанашырлығын талап етеді. Ондағы зорлық-зомбылық пен даулы мәселелер бейбітшілік жолымен шешімін табуы тиіс.

Еліміздің мұсылмандары Алла Тағаладан бауырлас елдегі қантөгістің тоқтатылуын, онда бейбітшілік пен тыныштықтың орнауын тілейді.

والله أعلم بالصدق والصواب

ҚМДБ, Шариғат және пәтуа бөлімі   
19.09.2013

   
   
 


Комментарии
+2
Yerbol
11:4720.09.2013
 
Ассаламағалейкум Имам ағалар! Алауиттерді мұсылман қатарына жатқызуға бола ма?
 
 
0
Еркин78
16:4424.08.2014
 
?
 
 
--10
Abu Naml
02:1321.09.2013
 
Шейх ал-Арафи джихад деп жатыр мыналар не деп жатыр ози
 
 
+1
abilov8
12:0405.11.2013
 
онда не істеп жүрсін, жол тартпадың ба Сирияға
 
 
+2
(Salman)
01:1022.09.2013
 
МашаАллах!
 
 
--1
(Salman)
01:3322.09.2013
 
Бір оқиға ойымнан кетпей жүр, үндемейін деп ем, көңілім толмай жүр. Осы мақаланы оқып отырып тағы келді есіме. "Сонымен бірге мұсылман мұсылман бауырын шошытуына да болмайды" демекші.
Оқиғаның басы жұма күнгі орталық мешіттің солтүстік қақпасының сыртынан басталған еді. Намаз оқып үйге қайтып бара жатыр едім, таныс бауырымды кездесіп хал біліп тұр едік. Қасымызда полиция қызметкерлері бір мұсылман бауырлармен сөйлесіп тұр еді, басында мән бермедік. Бірақ, "что бороду отрастил и все что ли, и можешь торговать возле мечети что ли" деген полицей мырзаның дүрсілдеген сөзі көңілімізді бөліп жіберді. Қасындағы бауырларымыздың куәліктерін қолына ұстап алып "Все стоите здесь сейчас со мной в участок поедете" деп жатыр. Бір бауырдың қолындағы сатып жүргені самса болса екіншісі теріге жазылған араб графикасығой деймін. Біреуі кәріс, екіншісі түрікке ұқсас. Риза болып тұрғаны емес екені анық. Сол кезде мешіттен бір қызметкер, тақиялы бауырымыз жүгіріп келіп тағы біреулерге көрсетіп жатыр. Ана жерде тағы біреулер бар деп полицейлерді шақырып өзі қайта кетіп қалды. Шынымды айтсам түсінбей қалдым. Неге соншама жауларын ұстап беріп жүргендей жан таласып жүргенін жұма күні. Олар не лаңкестерме? Өзі барып бауырым мына жерде сауда жасамаңдар десе болмаспа еді?
 
 
+7
Marzhan
22:2422.09.2013
 
Менің білуімше мешіттердің қасындағы сатушыларға мешіт басшылары қанша айтса да олар кетпейді. тастақта сондай болған. Кейде астыртын радикалды кітаптар сатып тұрады дейді.
 
 
--4
lalakai
05:4623.09.2013
 
Аш бала тоқ баламен ойнамайды деген осы шығар
 
 
+7
К. муслима
19:1724.09.2013
 
Ассалаумалейкум! Қайдан білесіздер, анығын білмеген соң, Аллаға тапсырып айтпай-ақ қоя салсаңыздаршы. Бір себебі бар шығар, Американың пайдасына жұмыс істеп жүрген шпиондар болуы әбден мүмкін ғой, ислам терісін жамылып. Өткенде шетелдегі хабарда бір мұсылман американың пайдасына шпион болып жұмыс істегенін мойындады ғой. А мойындамаған шпиондар жер-жерлерде толып жүр ғой, мұсылман атын жамылып. Осы Вахавист-псевдасалафиттердің де ұшар басында кімнің отырғанын Құдай біледі? Кейбіреуіміз Таудай ақшаларға сатылып жұрміз ғой. Анық білмегенен кейін жұрттың арасында күмән тудырмасаңыздаршы, жұртты Аллахтың үйінен бездірмесеңіздерші,
 
 
+1
(Salman)
16:2822.11.2013
 
Ассаламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух!
Алдында әңгіме қозғаған әлгі бауырлардың біреуін кездестірсем деп жүр едім. Сәті түсіп бүгін тағы бір жұмада кездестірдім біреуін.
Намаздан шығып асханаға барып отырған едік, асымызды күтіп әңгіме қатып. Көрші дастарханға жаңағы бауыр бір қазекеңмен отырды. Аман есен, сүйегі сау. Көңіліде көтеріңкі секілді. Отыра сала қазекең, қызу әңгімені бастады, сахабалардың өмірінен еді айтқаны. Жым жырт болып бізде тыңдадық. Дастарханымыз жақын еді. Арасында әлгі бауырға ақыл айтып қояды. Бәрі керемет. Өзіне әңгімесі ұнайтын секілді. Тек менің көңіліме қонбады. Жұлдыздай сахабалар туралы баянды, көршісінің хикаялары сияқты айтып отырғаны мекен бәлкім, білмедім. Тамақтанып отырырып әлгіден барып сұрасамба екен деп ойландым. Бір шешімге келмедім, ыңғайсыздау болама деп. Астандық, дастарханнан тұрдық. Кетпекші едік. Сұрағымды қояйын деп, оралдым, сәлем жолдап. Мән жайын түсіндірдім. Алдында сізбен болған оқиғаның куәсі болып қалып едім. Соған уайымдадым. Наразы болдым. Жаздым деп бастадым. Аяқ асты болғаныма. Ол бізге сауда жасауға рұқсат бермеді деп жауап қатып жатыр еді. Білемін, менің білгім келгені, басқасына көз жұма қарап сізге неге бермеді деп сұрағанымша болмады, қасындағы орыс тілдес қазекең, нең бар онда, кімге пайдасы бар одан деп сөзімді бөліп жіберді.
ИншаАллах маған пайдасы тиеді дедім мен.
Оған қосылып ол бауырымыз, сөзді жалғастыруға зауқым жоқ доғарайықшы деп ниет білдірді. Жарайды айтқаныңыз болсын деп жатсам, әлгі қазекең бірдеңе деп зарлап жатыр екен. Естігенім: иди своим путем, от тебя зло исходит.
Бауыр деп сеніп уаымдап жүргенім осыларма деп ойланып қалдым.

Аллах Білуші!

Сіздердің өз шаруаларыңызды басқадан жақсы білетіндеріңізге тағы бір көзім жетті.
Егер қайсыбірлеріңіздің көңілдеріңізге ауыр тигізгенім болса кешірім өтінемін.
 
 
--1
lalakai
05:2523.09.2013
 
«Нақақтан қан төгу қылмысы орын алып жатқан жерге ешкім бармасын. Ал сол жерде бола тұрып қорғамаған адамға Алла Тағаланың қарғысы болады».[7]

Мұсылмандар қорғанып жатыр.. ал анау-иттер нақақтан өлтіріп жатыр.. Шынымен де, не айтып тұрсыздар
 
 
0
lalakai
05:4123.09.2013
 
көре тұра қорғамайық па?
 
 
--5
жәнібек...86
12:3423.09.2013
 
Жанашыр деген жоқ болып кеттіғо қазір, Түрлі патуа береді... барі бөлінген, тек жеке өмірін ойлауда,
 
 
0
жәнібек...86
12:4023.09.2013
 
қай жақта не болсада басшыға байланысты, басшыға халық ереді, Аллах оларға тыныштық бер деп отыра береміз...
 
 
+1
жәнібек...86
12:4123.09.2013
 
Жанашыр деген жоқ болып кеттіғо қазір, Түрлі патуа береді... барі бөлінген, тек жеке өмірін ойлауда,
 
 
--1
жәнібек...86
12:4423.09.2013
 
Жанашыр деген жоқ болып кеттіғо қазір, Түрлі патуа береді... барі бөлінген, тек жеке өмірін ойлауда,
 
 
+6
Ruhia
12:5323.09.2013
 
Өте дұрыс, орынды айтылған пәтуа. Толығымен келісемін
 
 
--2
жәнібек...86
13:0323.09.2013
 
мұсылмандар біріге отырып талқылап шешу қайда екен, Аллах сол күнге жеткізсе екен, бейбітшілікке. Мүндайда басқаратын адам керекко.. Қарап отырғаннан қол қусырып... Қорқақ болмау керек. Иманымыз қайда? Ертен күндердін күні Аллахтын алдына барғанда жамағат не дейді екен осындайға... Алде ақыретке сенбейсіндерме?
 
 
+9
К. муслима
19:5224.09.2013
 
Ағайындар, алдымен біз өзімізді-өзіміз жөндеп алайықшы, өзіміз 4-5-ке секталарға бөлініп дай-дай болып жүріп қай сиқымызбен Сирияға барып көмектеспекпіз. Алдыменен өзіміз Аллахтың бір жолына түсейік, Діни басқарманың, имамдардың соңынан ерейік, Аллаға тәуекел етіп, Абу Ханифа мен Матрудидің етегінен ұстайық, одан кейін жөн басқа. Жаны ашымайды дейсіздер, біз емес, нағыз сол Сириядағы мұсылмандар бір-біріне жагы ашымайды. Суннит, суннит дейміз, сунниттеріңде дай-дай болып бөлініп кетті ғой. Сирияда біреуі Орыстың қол шоқпары болса, біреуі Американың қол шоқпары. Исламды былғаныш саясатқа пайдаланып жүр кейбір мұсылман басшылары. Мемлекетті басқару, Джихатқа шыға салу оп-оңай деп ойлайсыздар ия? Баяғы қылыш пен найзамен жекпе-жеккке шығатын уақыт емес, Далада ядролық ғасыр! Көмектесіп көр Америка бір күнде-ақ Бомбалап быт-шытыңды шығарады, әрі-беріден соң 3-ші дүние жүзілік соғыста шығып кетуі ғажап емес, әрине оны Алла Тағала біледі.
 
 
+8
К. муслима
22:1524.09.2013
 
Егер нағыз жаның ашыса, мұсылманшылыққа келмей жүрген Қазақстанның жарты халқын исламға шақыр, сол саған Джихат болып табылады. Бала-шағаңды мұсылманшылыққа тәрбиеле, ата-анаңды сила, Жәннәт ананың аяғының астында, алыстан іздемейақ қой, Әке-шешеңді ренжітіп Сирияға кетіп қалсаң қайдан саған Жәннәт болсын? Жаның ашыса Палистиналықтарға жаның ашысын, нағыз жәбір көріп жатқандар солар! Саудиялықтар оған келген кезде үндемейді... .
 
 
0
К. муслима
21:2425.09.2013
 
Кешіріңіз, қате кетіп қалыпты:" Палестиналықтарға"
 
 
+1
Barak_забанен
12:4326.09.2013
 
ас-саляму ъаляйкум агайындар! алауиттер мусылман болып саналса ондашы олардын бауырлары кораниттерде мусылман болганы гой... йа, саясаттын жели турса билим ауызын жабады. бундай жагдайда акыл ойлануы керек не себептен булай болып жатырганын. ресей асадтын жагы, казакстан ресейдин жагы... айналып келгенде биз сириядагы жазыксыз бауыр-сунниттерди жуз мындап кырып жатканын корип отырып сабыр етип зулум жасаушыларга карсы шыкпауга шакырганымыз калай? биз сонда кимменбиз? сириядагы бауырлардын басына тусип жаткан сынакты Аллах Субхана уа Таъаля басымызга жазбасын! бирак, бети аулак, сондай жагдай бизде болып жатса биз не истеймиз? айтеуир, христиандар секилди бир бетимизден урганда екинши бетимизди тосуга дайын болмасак болганы. йа, тауелсиздик однако!
 
 
+1
К. муслима
14:1726.09.2013
 
Уалейкум ассаласам! Шейттердің жағдайы түсінікті, Пайғамбар (с.а.с.) хадисінен олардың адасқан екенін білеміз, оларды ешкім жақтап отырған жоқ. Ал суннниттерің де американдықтармен ауызжаласып отыр ғой. Оларға сізсізде қару беріп көмектесіп жатыр,көрерсіз кейін де көмектесіп, басып алып, білікті сунниттерге алып берер, әрине мұны Аллах біледі. Бірақ сол кяфирмен ауызжаласып, билікке таласып, исламды саяси ойынға пайдалану дұрыс деп ойлайсыз ба? Біз әділетті қарауымыз керек қой. Біздің Қазақстанның казіргі моментте көмектесуге жағдайы бар ма? Бізде қару жоқ қой. Біз өзімізді өзіміз қорғап алсақ та жаман емес шығар. Бізді Құдай қорғасын, басымыз қауіп төнсе, орыста, ешкімде қорғай алмайды.
 
 
0
Barak_забанен
16:1226.09.2013
 
шейттер мен шиитерди шатастыруга болмайды. шейт деп шахидтерге катысты айтылады. ал шиит деген адасушылар типти капир болып танылады. айтылган соз патуага катысты. онда шииттер мусылман катарына тизилип мусылмандарга катысты айтылган хадистер келтирилген.
 
 
0
К. муслима
16:2826.09.2013
 
Кешіріңіздер: Жазу үстінде механикалық түрде қателесіп кетіп отырмын, Шейттер Ислам жолында құрбан болушылар, Шииттер кәдімгі Ирандағы, Сириядағы, Азербайжандағы Шииттер.
 
 
0
Turkey-cock
08:3504.10.2013
 
а можно смысл фетвы перевести на русский
 
 
0
Aсeт
17:2007.10.2013
 
http://sozdik.kz/ иншалла
 
 
+2
Ырысбек Muslim
14:0923.10.2013
 
Фе́тва (фатва, фатуа) (араб. فتوى‎‎, мн.ч. фатауа) — в исламе решение по какому-либо вопросу, выносимое муфтием, факихом или алимом, основываемое на принципах ислама и на прецедентах мусульманской юридической практики.
 
 
+4
Кайнурн
15:1704.11.2013
 
Ассалауалейкум кейбір коментатор бауырлар, Қазақстанда тұрып Шейх Аль-Арифи не дегенінде шаруамыз қанша?! Біз Қазақстанның азаматымыз, Қазақстан елінің мұсылман жамғатымыз, Құдай беріп қойған Президентіміз бен Муфтиіміз бар. Енді анау айдаладағы біреудің берген пәтуасында нелеріміз бар?! Аздап ойлансаңыздаршы, ақылға салып. Расында күлкілі нәрсе ғой. Үйдегі әкеңнің айтқанын тыңдамай, анау көшенің басындағы көршінің айтқанымен жүресіңдер ма сонда? Сирияға жандарың ашыса, аздап тарихтан, саясаттан хабар алсаңыздар, сол жерде суннитпіз деп өкіметке қарсы соғысып жүргендер Израиль мен Америкаға қызмет қылып жатқандарын түсінетін едіңіздер.
 
 
+2
Madyk_n.z
19:0815.11.2013
 
k.muslima bauirimizben Kaynurn bauirimizdin aytkanina tolik kelisemin bauirlar bir narsege wewim aytkanda min oilanip juz tolganip akil parasatpen jan jakti saralap barip soz kozganimiz jon bolar bauirlar! Bauirzhan Momishuli atamiz aytady : Tartipke bagingan el kul bolmaidi! - DEP OTYR, osigan man berip jan jakty oilanip korinizder, Alla akil bergen eken sol akildi beybyt jolga oilanip korinizder, inwaAlla!
 
 
+2
d.kubaev
00:4625.11.2013
 
мне кажется Башар Асад не убивает мусульман и мирных жителей других конфссии, это все рука запада, Джихадом это я не могу назвать все запутана, вспомним что сделали с Ливии и какая она сейчас. не стоит ехать и быть оружием Запада. Аллах знает луче!
 
 
+2
Maxat_86
15:5022.07.2014
 
Ассаламуалейкум! бауырлар. Жеке басым осы сайттағы фатуаға келісемін. Саудияның официальный ірі ғалымдары да бұл жихад емес фитна деп жатыр. Жихад деп фатуа берушілердің көпшілігі жылы төсек пен мамық диванда жатпай өздері орындап алсын. Сирияды жағдай біреулердің өз пайдасы үшін жасап жатқан ойындары. Сирияның бір қаласында Ресейдің әскери базасы бар, сондықтан Башар Асадты қолдап жатыр ал Америкаға келетін болсақ көздеген мақсаты белгілі. Таяу Шығыс елдерінде әртүрлі бүлік шығару арқылы, бөліп жарып билеу саясаты. Сирияның ірі ғалымы Сайд Рамадан Бутидың халқына революция жасамаңдар, арты жақсылыққа пармайтынын біреулердің пайдасына әкеліп соғатынын ескертіп еді. Ақырында мешітте жұмада құран оқып жатқан жерінде жарып өлтірді.
 
 
0
Maxat_86
16:0622.07.2014
 
Тағы бір айта кететін жайт Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан оппозицияны қоспағанда тағы басқа топтар бар Ислами мемлекет құрамыз деп. Олар Башар Асадқа да, оппозияцяға қарсы соғысып өз-өздері ішінде қақтығыстар болып жатыр. Жихадты қолдаушылар сонда кімді қолдап кімге қарсы соғыспақсыңдар. Ол жерде мұсылман мұсылманның қанын төгіп жатыр. Бір жихад деп кеткен жігіт сол жақта бір топқа қосылған соң арасында Америкадан тамақ қару жарақтармен қолдау көрсеткенін айтады ақырында қателескенін түсініп, қашып кетіп қайыр сұрап жүріп екі ай дегенде зорға жеткенін айтады дұрысын Аллаһ білуші.
 
 
0
Maxat_86
10:4223.07.2014
 
Администратор менің комментариымды өшіре салыңызшы өтініш!
 
 
0
Maxat_86
11:2523.07.2014
 
Администратор менің комментариымды өшіре салыңызшы өтініш!
 
 
0
Maxat_86
13:2625.07.2014
 
Аллаһ кешірсін! қателесіппін. Оппозиция ішінде оборонительный жиһад жасап жаткандар да, бар екен. Аллаһ оларға жәрдем берсін! және сол мұсылмандарды кәпір деп қырып жатқан хауариж топтарының Аллаһ жазасын бере көр ішінде жихад деп барып шатасып соларға қосылып кеткендерін тура жолға сала көр. Әмин!
 
 
0
Bibaty
00:5928.09.2014
 
К. муслима мен Кайнурнға қосыламын
 
 
Статья закрыта от комментирования
 

Сейчас обсуждают

Ассаляму алейкум. Комментирование и создание блогов в разделе "Наша Умма" временно приостановлено в...
24.08.2016 12:59
 
Ассалам Алейкум!
23.08.2016 12:12
 
Уа алейкум ассалям уа рохматуллахи уа баракатуху!Вступить в наше Сообщество может любой желающий,...
22.08.2016 12:51
 
Ассаляму алейкум!я жду курсов с декабря месяца СубханАллах, и только вчера увидела обьявление о...
19.08.2016 11:54
 
 

Мировые новости

 
Месяц Мухаррам ✅
Бисмилляхир-рахманир-рахим. АльхамдулиЛлахи раббиль-‘аламин. Уа-с-салату уа-с-саламу ‘аля расулина Мухаммад уа ‘ала алихи уа сахбихи аджмаин! По милости Всевышнего Аллаха, 2...Читать далее
5810
 
Рассказы из Корана: Владельцы сада ✅
Коран о владельцах сада В 68-й главе Корана Аллах сравнивает язычников Мекки времен пророка Мухаммада (саллаллаху ‘алейхи уа саллам) с людьми, прозванными «владельцами сада». Эти...Читать далее
2745